Әдістемелік кеңес отырысының № 2022 жылғы шешімімен бекітілген



бет20/21
Дата03.11.2023
өлшемі5,48 Mb.
#122002
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Отырар1

Қорытынды

«Биология» оқу пәні арнайы биология пәнінің іріктелген, дидактикалық өңделген, белгілі тәртіпте орналасқан, логикалық бірізділікте дамитын, өзара байланысқан негізгі (тұғырнамалық) ғылыми түсініктерінің жүйесі болып табылады. Түсініктердің барлық жүйесі мектеп пәнінде бейнеленген ғылымның негіздерімен анықталады. Олардың арасында: ботаникалық, зоологиялық, экологиялық, эволюциялық, морфологиялық, анатомиялық, физиологиялық, жүйелік, цитологиялық, генетикалық, онтогенетикалық, табиғатты қорғау, құрылымдық-деңгейлік, сондай-ақ қолданбалы (ауыл шаруашылығы, биотехнологиялық және гигиеналық) негіздер. Қандай да бір ғылымның негіздері бойынша білім жүйесін меңгеру ең алдымен тірі табиғаттың заңдарын айқындайтын түсініктердің және оларды бейнелейтін тоериялардың жүйесін меңгеруді білдіреді. Ғылым негіздерінің тұғырнамалық түсініктері – мазмұнның басты компоненті және білімнің негізгі бірлігі. Түсінік – бұл заттар мен құбылыстарды оймен бейнелеу, ұзақ мерзімді түсіндіру жұмысының, ойлау еңбегінің жемісі, түсіну үдерісінің нәтижесі. Түсінудің бастапқы жолы – сезіну, қабылдау және елестету. Тіпті заттарды және тірі табиғаттың құбылыстарын зерделеудің бастапқы (эмпирикалық) кезеңінде жанды түде пайымдау кезеңдері оқушының ойлауымен, оның алдыңғы түсінігімен, тәжірибесімен жанамаланған. Алайда, табиғи, шынайы материалға заттай-сезімдік сүйенбей, тірі әлем туралы бір де бір дұрыс түсінік қалыптастыру мүмкін еместігін есте ұстаған жӛн. Түсініктің маңызды жағы болып оның мазмұны табылады. Түсініктің мазмұны заттың немесе құбылыстың белгілері арқылы айқындалатыны белгілі. Әдетте, түсінікті мазмұны дегеніміз айрықша белгілердің жиынтығын білдіреді, оның мазмұнындағы негізгі ӛзегі болып маңызды белгілері табылады. Элементтердің синтезі, олардың бірлігі түсініктің мәнін бейнелейді. Белгілерді анықтау түсінікті қалыптастырудың (анықтаудың) негізі ретінде қызмет атқарады. Маңызды белгілердің (түсінікте белгіленген заттар мен тараптардың, яғни түсініктің кӛлемінің) мӛлшеріне түсініктегі затты бейнелеу толықтығы тәуелденеді. Кейде мазмұны бойынша түсініктер «онша қарапайым емес» және «айтарлықтай қарапайым» болуы мүмкін.


Құрылым – мазмұнның элементтерін бірізділендіру түрі, элементтердің тұрақты байланысы (қатынасы) мен қарым-қатынасы. Бұл ретте нысандардың өздерінің қарым-қатынасы емес, олардың бейнеленудегі ретке келтірілуі, яғни түсінік мазмұнының элементтерінің жиынтығының бірізділігі белгіленеді. Түсінік мазмұнының құрылымын білу бүтін затты құрайтын элементтерді зерделеуді жеңілдетеді және ұйымдастырады, себебі олар бір-бірімен белгілі тәуелділікте болады. Бұл заттардың алмасуы, онтогенез, микроэволюция, табиғи іріктеу, популяция, биогеоценоз сияқты және т.б. күрделі түсініктерді зерделеудің логикасы мен әдістерін құрастырған кезде маңызды. Алайда, тіпті қарапайым және элементарлық түсініктерді де оқушыларға дайын күйінде беруге болмайды. Түсініктерді қалыптастыру және дамыту үдерісі дайын білімді жаттап алуға негізделмейді, ол оқушылардың белсенді ойлау қызметі арқылы іске асырылады. Алдыңғы (тіреуіш) білімді жинау – бұл көптеген биологиялық түсініктерді, әсіресе экологияық және эволюциялық түсініктерді анықтау үшін елеулі шарттардың бірі Сонымен, биологиялық түсініктерді қалыптастыру және дамыту күрделі үдеріс болып келеді, оның негізі болып білімді «қабылдау – елестету – түсіну – түсініктер жүйесі» жоспарында ғана емес, сондай-ақ «тіреуіш білімді жинақтау – түсініктерді анықтау және бекіту – оқу материалының құрылымының негізіндегі олардың жүйесінде түсініктерді одан әрі дамыту» жоспарында дамыту табылады. 28 Биологияны оқыту әдістемесінде түсініктерді қалыптастыруға және дамытуға бұрыннан бері ерекше назар аударылып келеді. Мектеп пәніндегі биологиялық түсініктерді дамыту туралы теорияның негізгі қағидаларына мыналарды жатқызуға болады: - «Биология» оқу пәні ғылым мен тәжірибенің негізгі түсініктерінің жүйесі болып табылады; - түсініктерде «Биология» пәнінің мазмұны айқындалады; - түсініктер оқушылардың ойлауын дамыту және тәрбиелеу барысында жетекші рӛл атқарады; - түсініктер оқушыларға дайын күйінде берілмейді, оларды оқыту барысында дамытады; - биологиялық түсініктерді қалыптастыру және дамыту кезең-кезеңдік үдерісте жүргізіледі; - түсініктердің мынадай типтері бар: арнайы, жергілікті және жалпы биологиялық; - күрделі түсініктерді оларды дамыту барысында қарапайым түсініктерді жалпыландыру арқылы, басқа оқу пәндерінің түсініктерімен (пәнаралық негізде) біріктіру және өзара байланыстыру арқылы қалыптастырады; - пәнаралық және пәнішілік байланыстар түсініктерді дамытудың елеулі шарттары болып табылады, олардың құралы – «оқу үдерісінің синхрондық карталары»; - түсініктерді дамытудың әртүрлі типтері бар, олар: үздіксіз, үзілмелі, реттік және оқу материалы мен оларды зерделеу уақытының шағын кесінділеріне орайластырылған типтер; - түсініктерлі үздіксіз қалыптастырған және дамытқан кезде оларды сабақтас және анағұрлым саналы меңгеру іске асырылады, мектеп пәнінде түсініктердің қозғалысы заттар мен құбылыстардың табиғатына сайма-сай, анағұрлым толық бейнемен ілеседі. Бұл қағидалар биологиялық түсініктерді дамытудың әдістемелік теориясының өзегін құрайды, олар қазіргі таңның өзінде биологияны оқыту тәдірибесінде айтарлықтай маңызды. Сондай-ақ, биологиялық түсініктерді дамыту теориясында «түсініктерді дамыту үдерісі – иеленген берік әрі саналы білімнің міндетті шарты» деп атап өтілген.
Тәрбиелеу – тәрбиешінің тәрбиеленушіге мақсатқа бағытталған және арнайы ұйымдастырылған әсері. Тәрбиенің мәні болып «тәрбиеленушінің санасын, қатынасын, психикалық күйін, білімін, дағдысын, әрекет ету әдісін немесе жеке тұлғасының ӛзге жақтарын ӛзгертуге бағытталған тәжірибелік-түрлендіргіш 33 қызмет» табылады. Әдетте, тәрбиелеу әлеуметтік тәжірибені және жалпы адами мәдениетті таратуға, табысты қызметті және салауатты ӛмір салтын қалыптастыруға, сондай-ақ жеке тұлғаның дамуы үшін жағдай жасауға, қиындықтар кезінде тілдесуге және оқуға кӛмек кӛрсетуге бағытталған. Оқытумен, білім мен дағдыларды үйренумен байланысты болса, егер ӛзара байланысқан элементтерді дамыту жүйесінде жүргізілсе, тәрбиелеу табысты болады. Тәрбиелеудің мақсаттары – бұл тәрбиелеушінің арнайы әсерімен оқушыладың жеке тұлғасындағы күтілетін ӛзгерістер. Тәрбиелеудің мәні арнайы тәжірибені жеке тәжірибеге айналдыру, мұндай тәжірибе адамды адами мәдениеттің барлық байлықтарына араластырады. Тәрбиелеу үдерісі белгілі жүйені, сыныпта ғана емес, сондай-ақ экскурсия кезінде, сабақтан тыс және сыныптан тыс сабақтарда жоспарлы түрде жүргізілетін жұмысты талап етеді. Биологияны оқыту кезінде тәрбиелеудің барлық элементтері ӛзара тығыз байланысты. Мысалы, дүниетанымды тәрбиелеу экологиялық тәрбиелеумен, тірі әлемге және қоршаған ортаға құндылықты қатынаспен байланысты; еңбекке баулу еңбек мәдениетімен және эстетикамен байланысты; этикалық тәрбие экологиялық тәрбиемен, ұжымдағы тәрбиемен байланысты; руханилық патриоттық және азаматтық гуманисттік, мәдениеттанымдық және экологиялық тәрбиемен байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет