Мектеп биологиясы жалпы техникалық білім беруде, еңбекке баулуда эстетикалық және дене тәрбиесін беруде маңызды орын алады. Биология пәнін оқыта отырып оқушыларды табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға, табиғат құбылыстарын бақылауға, денсаулығын күтуге үйреніп баулу мұғалімнің міндеті.
Пәннің міндеті жеке адамды тәрбиелеу, денсаулығын күту, шынықтыру гигиена сақтауға үйрету. Колледждегі биология курсының мазмұнын, оқу тәрбие үрдісін ұйымдастыру нысандарын анықтау, оқыту әдістерін жетілдіру, оқыту кезінде білімді меңгеру заңдылықтарын, оқушыларды тәрбиелеу мен олардың даму ерекшеліктерін зерттеу. Сабақта жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, оқушыларды пәнге қызығушылығын арттыру. Студенттердің санасында ғылыми ұғымдарды қалыптастыру жаратылыстану ғылымдарын зерттеген қазақ жерінде туып өскен ғұлама ғалымдардың еңбектерімен таныстыру. Қоршаған табиғи ортадағы табиғи жағдайлары мен табиғат құбылыстарын, өсімдіктер мен жануарлардың құрылысының дамуын оқыту, қазіргі ғылыми деректерді пайдалану. Биология пәнінен өтетін сабақтарды жоспарлау, мақсаттарын анықтау, көрнекіліктерді қолдану және әдіс – тәсілдер арқылы сабақты өтуді меңгеру қажет. Биология пәні мына пәндермен тығыз байланысты; ботаника, зоология, физиология, генетика, биохимия, экология, ауылшаруашылық негіздері, педагогика, валеология, география, астрономия. Осы білім негізінде дүниенің даму заңдылықтарын дұрыс түсінетін жеке тұлғаны қалыптастыруға болады.