Студенттің өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар.
Тәрбиенің тәсілдері, түрлері мен әдістерінің тұтас педагогикалық процесте алар орны қандай?
Оларды неге педагогикалық процестің қозғаушы күші деп атайды?
Іс-әрекеттің түрлері (таным, қарым-қатынас, ойын, еңбек) тәрбиелік ықпал етудің амалдары екенін дәлелдеңіз.
«Педагогикалық ықпал ету тәсілдері», «түрлері», «тәрбие әдістері» ұғымдарының анықтамасын берңііз.
Педагогикада тәрбие әдістерінің қандай топтары бар? Осы топтар құрамындағы тәрбиенің нақты тәсілдерін атаңыз.
Оқушылардың санасы мен мінез-құлқын қалыптастыру әдістерін сипаттаңыз.
Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру мен оң тәжірибесін қалыптастыру әдістерін түсіндіріңіз.
Оқушылардың мінез-құлқын ынталандыру әдістерін жіктеңіз.
Этикалық әңгіме-сұхбат әдісінің мәнін ашыңыз.
Мадақтау мен жазалау әдістерін қолданудың негізгі шарттарын атаңыз.
Әдебиеттер:
Әбиев Ж. Педагогика. Алматы., 2004.
ҚоянбаевЖ.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика: Университеттер студенттеріне арналған оқу құралы.- Алматы, 2004-420 бет.
Абай атындағы қазақ Ұлттық педагогикалық Университеті. Алматы: “Нұрлы Әлем”, 2003.
Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика. Алматы,2005.
Хмель Н.Д. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. А., 2002
Тақырып 7. Отбасылық тәрбие негіздері.
Мақсаты : жанұя тәрбиесінің тұтас педагогикалық процесс ретінде мәнін ашу.
Жоспар:
1.Жанұя- тәрбие факторы.
2.Жанұя тәрбиесінің құқықтық негізі.
3.Жанұяның тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теориялық негіздері.
4.Жанұяның тәрбиесіне сипаттама.
5.Мектеп пне жанұяның әрекеттестегі.
Студенттің өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар.
1.Жанұяның педагогикалық процесінің құрылымын ашыңыз. «Жанұяның педагогикалық процесінің компоненттері және олардың ара - қатынасы» сызбасын жасаңыз.
2. Педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптерінің жанұядағы бала тәрбиесінің нәтижелілігіне ықпал әсерін көрсетіңіз.
3.Жанұяның педагогикалық процесі дамуының қозғаушы күші неде?
4. Жанұяның педагогикалық процесінің дұрыс ұйымдасқан ы туралы қандай көрсеткіштер арқылы білуге болады?