Әдістемелік нұсқау


-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Қозғалыс командаларын жоба құруда қолдану



бет28/162
Дата12.09.2022
өлшемі423,05 Kb.
#38907
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   162
Байланысты:
3 сынып ҚМЖ жаңа. (1)

4-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Қозғалыс командаларын жоба құруда қолдану

Бөлімі:

Ұзақмерзімді жоспар тарауы:
1-бөлім. «Программалау (ортақ тақырыбы: «Жанды табиғат»,
«Жақсы» деген немене? «Жаман» деген немене?)

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қозғалыс командаларын жоба құруда қолдану

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.4.2.4 программалау ойын алаңында ойын құру барысында циклдік алгоритмді жүзеге асыру;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:
Өздеріне ұнайтын тақырыптағы компьютерлік ойындарды әңгімелейді.
Оқушылардың көбі үшін:
Жоба скриптерінде жасырыну мен көрсету командаларының қызметін түсіндіре алады.
Кейбір оқушылар үшін:
Scratch-те ойын құру барысында циклдік алгоритмді қолдануды үйренеді.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің ісәрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ)
Ұйымдастыру кезеңі:
1-7 мин.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
І. Қызығушылықты ояту: «Ассоциативті қатар» ойыны
Мұғалім тақтаға бір сөз немесе сабақтың тақырыбын жазады. Оқушыларға бір бетке тақтаға жазылған сөзден пайда болған пікірлерін жазуды ұсынады. Сабақ тақырыбына қатысты ассоциация сөздерді бір қатарға жазып шығу керек. Оқушылар сөздерді оқып, артық деп санаған сөздерді алып тастап, сабақ тақырыбын тұжырымдайды. Мысалы: дыбыс, «Дыбыс жазу», программа, өңдеу т.б.
Мұғалім парақтарды жинап алып, оқушылармен бірге жазылған ойларды қорытындылайды. Қорытындылау негізінде ойларын жіктейтін логикалық-құрылымды сызба немесе ойларына сәйкес тақырыптың қорытынды бейнесі анықталады (оқушының өз тәжірибесі). Мұндай жұмыстар оқушылар мен мұғалімге ойын жіктеуді ғана емес, өздеріндегі субъекті тәжірибелерін ескере отырып, жаңа тақырыпты жоспарлауға мүмкіндік береді.

Топтастыру:

Топтастыру: «Гүлмен тілек жеткізу» әдісі
Оқушыларға түрлі түсті қағаздардан жасалған гүл таратылады. Оқушылар гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіріледі.
І топ – «Дыбыстық әуендер»
ІІ топ – «Дыбыстық файлдар»
Мақсаты: белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан, оқу







мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.
Тиімділігі: топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет