Әдістемелік нұсқау


Сабақ барысындағы тапсырма түрлерінің берілуі



бет11/163
Дата29.09.2023
өлшемі428,82 Kb.
#111814
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   163
Байланысты:
3 сынып ҚМЖ жаңа. (1)

Сабақ барысындағы тапсырма түрлерінің берілуі:

    1. Жеке жұмыс

    2. Жұптық жұмыс

    3. Топтық жұмыс

    4. Ұжымдық жұмыс

Оқытудың маңызды факторы – оқушының тақырыпты өз бетімен меңгеруі, түсінуі мен бағалай алуы. Біз сабақ беріп жүрген сыныптарда топтық және жұптық жұмыс түрлерін көп пайдаланамыз. Мұндай тәсіл оқу үдерісіне оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды.
Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде «мұғалім – оқушы» сұхбатына қарағанда, мейлінше «симметриялы» болып есептелетін «оқушы — оқушы» қатынасында негізделген дәлелдерді әзірлеуде және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады.
Топтық, жұптық жұмыста оқушыларға берілетін тапсырма бір сарынды емес, әртүрлі сипатта болуы керек. Топтық және жұптық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды шешуді көздейді.
Әр сабақтағы дұрыс ұйымдастырылған топтық және жұптық жұмыста оқушылар:

  • Өздігінен тапсырманы орындайды, топ мүшелерімен немесе жұбымен ойын бөліседі, пікір алмасады;

  • Жоспарланған тапсырмалар туралы айта алады;

  • Өз мүмкіндігін біледі;

  • Өзінің оқуы үшін үлкен жауапкершілік алуға қабілетті болады;

  • Назарын бақылай алады және алаңдамайды;

  • Өз тәртібі мен өзгенің тәртібі туралы, оның салдары туралы айта алады;

  • Нені қалай жасағаны туралы немесе нені үйренгені туралы айта алады;

  • Өз сезімі мен өзгелердің сезімі туралы біледі, көмектеседі және тыныштандырады;

  • Жаңа тапсырманы сеніммен қолға алады;

  • Өзін оқушы ретінде жағымды жағынан көргісі келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет