Word пен WordPad – мәтіндік редакторларының жұмысындағы айырмашылықтарды біледі.
Оқушылардың көбі үшін:
Берілген суретке сөйлем құрап, мәтіндік редакторда теріп, сақтайды.
Кейбір оқушылар үшін:
Мәтін теру ережесін сақтай отырып, мәтінді өңдеуді үйренеді.
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі/уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
(Ұ)
Ұйымдастыру кезеңі:
1-7 мин.
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
І. Қызығушылықты ояту. «Өзіңізге тілегенді басқаларға тілеңіз» ойыны
Әр оқушыға 10-15 секунд уақыт аралығында ішінде өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады. Содан кейін қатысушылар жұпқа бірігіп, бір-бірінің қолынан алып, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айтуы керек. Мұғалімнің де бұл іске қатысқаны дұрыс. Тілектерді бір-біріне топ ішінде де айтуға болады. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды көңіл күй сыйлайды/.