Әдістемелік нұсқаулар пму ұс н



Pdf көрінісі
бет7/14
Дата28.02.2022
өлшемі133,32 Kb.
#26681
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Жұмыстың орындалуы

1  тәжірибе  –  III периодтағы  оксидтер   мен гидроксидтерінің   химиялық

қасиеттерінің өзгеруі.

а)  Натрий металының ауамен және сумен әрекеттесуі:



Шыны ыдыстағы керосинге салынған натрий металының кішкене бөлшегін

пинцетпен алып сүзгі қағазына қоямыз. Оны пышақпен кесеміз. Металдың

жаңа кесілген жерінің өзгеруін бақылаңыз: металдың өте кішкене бөлшегін

кесіп   алып   (металды)   суы   бар   химиялық   ыдысқа   тастаңыз   -   өте   күшті

реакция   жүреді.   Ыдыстағы   алынған   ерітіндіге   1-2   тамшы   фенолфталеин

ерітіндісін   тамызыңыз.   Ерітінді   түсінің   өзгеруін   түсіндіріңіз?   Реакция

теңдеуін жазыңыз.

б) Магнийдің сумен әрекеттесуі:

Сынауыққа су құйып, магнийдің аздаған бөлшегін салыңыз және 1-2 тамшы

фенолфталеин ерітіндісін тамызыңыз. Сынауықты спирт шамының жалына

қыздырыңыз. Ерітінді түсінің өзгеруін түсіндіріп, реакция теңдеуін жазыңыз.

в) Алюминийдің суға және ауаға қатысы:

 Ұзындығы 80 мм алюминий сымын қайрақ қағазбен тазалаңыз. Сымды 30º

бұрыш жасайтындай етіп бір жағын суы бар сынауыққа түсіріңіз, сынауықтан

сутегі бөлініп шыға ма? Сынауықты қыздырыңыз, 1-2 тамшы фенолфталеин

ерітіндісін тамызыңыз. Ерітінднің түсі өзгере ме?

г) Фосфордың жануы (жұмысты тартпалы шкафта істеу қажет):

Керамика     пластинасына   не   болмаса   асбест   қағазына   аздаған   мөлшерде

қызыл фосфор  қой. Оны сірінке арқылы  тұтат.  Фосфор тұтанысымен  оны

сүзгімен жап. Сүзгінің үстіне құрғақ сынауық кигізілген. 

Ауа кіріп түру үшін сүзгінің   шетіне сіріңке қорабын қою керек. Жанудан

пайда болған ақ тұтін воронка қабырғасына қонады. Фосфор жанып болған

соң, воронканы сынауықпен бірге алыңыз. Аздаған таза (дистильген) сумен

сүзгінің   қабырғасындағы   ақ   түтінді   жуып,   сынауыққа   түсіреміз.   Алынған

ерітіндіні метилоранж ерітіндісімен тексереміз. Реакция теңдеуін жазыңыз.

д) Күкірттің жануы (жұмысты тартпалы шкафта істеу қажет):

Конусты   колбаның   1/3   бөлігіне   дистильген   су   құйып,   оған   2-3   тамшы

метилоранж   қосамыз.   Одан   кейін   метал   қасыққа   кішкене   кукірт   бөлшегін

салып, оны от жалынына ұстаймыз. Күкірт тұтанысымен, қасықты суы бар

колбаға   тусіреміз   (суға   тигізбей).   Колбаны     мақта   тығынымен   бекітеміз.

Күкірт   жанып   болған   соң   қасықты   алып,   колбадағы   суды   араластырыңыз.

Ерітіндінің түсінің өзгеруіне назар аударып, реакция теңдеуін жазыңыз.

е)   III   периодтың   амфотерлі   элементінің   тұзын   алып,   сынауықта     оның

гидроксидін ал.

Сынауықтағы  затты екі сынауыққа  бөліп құйыңыз. Бірінші сынауыққа  тұз

қышқылың,   екіншісіне   сілті   ерітіндісін   құйыңыз.   Жүрген   реакцияны

түсіндіріп, реакция теңдеуін жазыңыз.

 Бірінші тәжірибенің нәтижелерін төмендегі кестеге толтырыңыз



 

элемент


Na

Mg

Al



P

S

Cl



оксидінің формуласы

гидроксидінің




формуласы

оксидтермен

гидроксидтердің

химиялық қасиеттері 

Периодтағы

элементтердің   және

олардың

қосылыстарының

өзгеруінен   шығатын

қорытынды

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет