болмайды.
1. Қауіпті заттармен тәжірибені оқытушының рұқсатымен жүргізеді.
көтеріп, жұмыс біткенде жауып қою керек.
3. Тәжірибені кір ыдыста жасауға тиым салынады.
4. Аммиак, хлор, бром, иод, азот қышқылы, т.б. ұшқыш заттар бөліне
жүретін жұмыстарды тартпалы шкафта жүргізу керек.
5. Қышқылдарды және сілтілерді бір ыдыстан екіншісіне құюға болмайды,
оны тек лаборанттар өздері ғана жасайды.
6. Химиялық ыдыстан су ішуге болмайды.
7. Егер оталғыш сұйықтықтар немесе заттар жанса, спирт шамы тез
өшірілуі, электр қондырғылары суырылып тасталуы, оталғыш заттар
басқа жерге әкетілуі тиіс, жанған сұйықты асбест, жай көрпемен жабады,
жанған фосфорды сулы құммен немесе сумен өшіреді.
8. Киім жанса, көрпеге орап өшіру керек, еш уақытта қашуға болмайды.
9. Электр сымы жанса, тез электр тоғын өшіріп, мүмкін әдіспен (құм, су,
асбест көрпеcі) өртті өшіреді.
10. Ашық жалынмен жұмыс істегенде оталғыш сұйықтары бар ыдыстарды
20-30 см қашықтыққа қою керек.
11. Оңай от алатын сұйықтарды (
оос- бензин, спирт, эфир) бір ыдыстан
екінші ыдысқа құйғанда ашық жалыннан 3м қашықтықта болуы керек.
12. Концентрлі азот қышқылы кейбір оталғыш органикалық заттармен
жанасқанда (скипидар, эфир майы, майлы қағаз, ағаш үгіндісі, ескі
шүберектер, қиқымдар, т.б.) жануы мүмкін.
13. Электролиз кезінде барлық контакт бір-бірінен жақсы оқышауланған
болуы керек.
14. Оталғыш немесе қопарылғыш заттардың қалдықтарын раковинаға
тастауға болмайды. Оларды арнайы ыдысқа жинап, этикеткасын жазып
қояды.
15. Газ шыққанын тексеру үшін сабын ерітіндісі қолданылады.
16. Бөлінетін газды сақтықпен, ауаны желпіп иіскеу керек.
17. Реактивтерді құйғанда шашырындысы бетке, киімге тимеу үшін ыдысты
алысырақ ұстаү керек.
18. Сынауықты қыздырғанда аузын өзіңе немесе қасыңдағы жолдастарыңа
қаратуға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: