Нәтижелерді көрнектілеу
Нәтижелер кесте түрінде көрнектіледі.
Бақылау сұрақтары
1 Құрама кестелердің жұмыс қажеттілігін және механизмін түсіндіріңіз.
2 Эмитенттер бойынша ұсыныс құрылымы, Эмитенттердің ҚҚ-на
сұраныс құрылым және Эмитент ұсыныстарының құрылымы өрістері
арасындағы айырмашылықтарды түсіндіріңіз.
3 Пайдалылық пен тиімділіктің түсініктері
4 9 кестеде өткізілген тауарлар қандай принцип бойынша таңдап алынған?
Зертханалық жұмыс туралы отчетке қойылатын талаптар
Зертханалық жұмыс туралы отчет МИ ГТГУ 4.01.1-05 сәйкес көрнектіледі.
Отчет нәтижелердің жазбаша көрнектілуі болып табылады. Отчеттер А-4
форматындағы беттерде басылады, жұмыстың мақсаттарын, электронды
кестелерді және тапсырма орындау барысындағы керекті түсініктемелерді қамту
керек, ұқыпты көрнектілуі керек, түзетілімдер, сызылған жазулар болмау керек.
Ұсынылатын әдебиет тізімі
1 Гарнаев А. Использование MS Excel и VBA в экономике и финансах. – Киев-
Москва-Санкт-Петербург, 2000. – С. 69-87.
Зертханалық жұмыс №3 Excel-дегі қаржылық талдау
Жұмыстың мақсаты мен мазмұны
Мақсаты – студенттерді қаржылық талдаудың ең қуатты құралдарының бірі
болып табылатын қаржылық функциялармен жұмыс жасауды үйрету.
Тапсырма
1 БС, ПС, КПЕР, СТАВКА және БЗРАСПИС қаржылық функцияларын оқып
үйрену
2 ЧПС және ВСД қаржылық функцияларын оқып үйрену
3 ОСПЛТ, ПРПЛТ және ПЛТ қаржылық функцияларын оқып үйрену
Қажетті материалдар мен жабдықтар
Компьютер Pentium-4, бағдарламалық қамсыздандыру Windows XP, Office XP
Зертханалық жұмыс орындау барысындағы қауіпсіздік техникасының
ережелері
Оқытушының рұқсатысыз ПЭЕМ-ды қосуға мен сөндіруге болмайды. Өрт
қауіпі мен жарылыс қауіпі бар кезінде ПЭЕМ-ды электр желісінен сөндіру керек.
ПЭЕМ-ның блоктарын желіден сөндірген кезде ғана орын ауыстыруға болады.
ПЭЕМ-ды занулениясыз қолдану болмайды.
ПЭЕМ-да жұмыс жасаған кезде проводтағы үзілімдерді қолмен ұстауға, су
қолмен жұмыс жасауға болмайды.
Жұмысты орындау методикасы
Excel қаржылық талдау функцияларының үлкен спектрін ұсынады: процент
бойынша төлемді, жабдықтардың амортизациясын, қарыз бойынша реттелген
төлемдерді анықтаудан бастап капитал салымдарының тиімділігін бағалауға
дейін.
Берілген функциялар Вставка, Функции командаларымен немесе
Мастер функций
батырмасын шертумен
шақырылады. Осыдан кейін
Финансовые категориясы орнатылады және 1-суретте көрсетілгендей тізімнен
керекті функция таңдалады.
1-сурет – Мастер функций терезесі
2-суретте көрсетілген БЗ (БС) қаржылық функциясы периодты тұрақты
төлемдер және тұрақты проценттік мөлшерлеме негізінде салымның
(инвестицияның) болашақ мәнін есептеуге мүмкіндік туғызады. БЗ функциясы
айлық банктік жарналар кезінде жинақтаулардың қорытындысын есептеуге
қолайлы.
2-сурет – БЗ функциясының сұхбат терезесі
Синтаксис: БС (ставка; кпер; выплата; нз; тип).
Аргументтер:
ставка – периодтың проценттік мөлшерлемесі;
кпер – төлем периодтарының жалпы саны;
плт (выплата) – тұрақты периодтық төлемдердің шамасы;
нз – ағымдағы мән, яғни болашақ төлемдер құрайтын жалпы сомма;
тип – төлем қашан болу керектігін көрсететін 0 немесе 1 саны. Егер тип 0-
ге тең болса немесе тастап кетілсе, онда төлем периодтың аяғында орындалады,
егер 1-ге тең болса – периодтың басында.
«Ставка» және «кпер» аргументтерін тапсыру үшін өлшем бірліктерін
тізбекті таңдаудың маңызы зор. Көп жағдайда, егер бұл арнайы айтылып
кетілмесе, проценттік мөлшерлеме жылдық болып келеді және салым немесе
қарыз мерзімі жыл бойынша есептелінеді, сондықтан проценттерді айлық
(квартальдық, жартыжылдық, әркүндік және т.б.) есеп аударуда «ставка»
аргументін тапсыру кезінде жылдық проценттік мөлшерлемені жыл ішіндегі
периодтар санына бөлу керек, ал «кпер» аргументін тапсыру кезінде жыл санын
керісінше осы санға көбейту керек. Мысалы, егер жылына 12 % есебімен
төртжылдық қарыз бойынша ай сайын төлемдер орындалса, онда «ставка»
аргументін тапсыру үшін 12 %/12 қолданылады, ал «кпер» аргументін тапсыру
үшін – 4*12. Егер де сол қарыз бойынша жыл сайын төлемдер орындалса, онда
«ставка» аргументін тапсыру үшін 12 % қолданылады, ал «кпер» аргументін
тапсыру үшін – 4.
Төлем интервалдарымен байланысты функцияларда төленілетін ақша теріс
санымен беріледі, ал алынатын ақша оң санымен беріледі. Мысалы, 1000 теңге
соммасындағы банкіге депозит –1000 аргументімен беріледі егер есеп айырысу
салымшы жағынан болса және 1000 аргументімен егер есеп айырысу банк өкілі
жағынан болса.
БЗ функциясының қолданылу мысалын қарастырайық. Егер 3 миллион
теңге жылына 12 %-пен бес жылға орналастырылса және проценттер ай сайын
есеп аударылса, онда есеп шоттағы сомма қандай болатынын есептеу керек.
Болашақ құн келесі тәсілмен есептелінеді:
=БС(12%/12;5*12;;-3000000).
Бес жылдан кейін есеп шотта 5450090 теңге болады.
3-суретте көрсетілген ПЗ (ПС) қаржылық функциясы салым ның (қарыздың)
бірегей соммасының және болашақ төлемдердің (тіркелген және преиодтық)
ағымдағы құнын есептеу үшін қолданылады. Бұл есеп БЗ функциясының болашақ
құнын анықтауына қарама-қарсы болып табылады.
Синтаксис: ПЗ (ставка; кпер; плт; бс; тип).
Аргументтердің барлық мәндері БЗ функциясының мәндерімен сәйкес
келеді. «бс» аргументі соңғы төлемнен кейін орындауға міндетті болашақ құнды
немесе балансты білдіреді.
ПЗ функциясының көмегімен есеп шығарудың мысалын қарастырайық.
Жылына 11,5% мөлшерлемесі және 1500 теңге шамасында депозитке ай сайынғы
салымдар кезінде бес жылдан кейін 100 мың теңгені алу үшін осы депозитке
қандай сомма салу керек екендігін анықтау қажет.
3-сурет – ПЗ (ПС) функциясының сұхбат терезесі
ПЗ функциясын қолдана отырып мынаны аламыз:
=ПЗ(11,5%/12;5*12;-1500;100000).
Жауабы: депозитке 11780 теңге салу керек.
НПЗ (ЧПС) қаржылық функциясы периодтық төлемдердің айнымалы
шамасындағы таза ағымдағы (берілген) құнын процент мөлшерімен
дисконтталған күтілетін табыстар және шығарылымдардың соммасы ретінде
есептейді. Салымның таза ағымдағы көлемі – бұл болашақ төлемдердің (теріс
мәндер) және түсімдердің (оң мәндер) бүгінгі көлемі.
Берілген функцияның терезесі 4-суретте көрсетілген.
4-сурет – НПЗ (ЧПС) функциясының сұхбат терезесі
Синтаксис: ЧПС (норма; значение1; значение2; …; значение29).
Аргументтер:
норма – бір периодтың шегерім мөлшері;
значение1, …, значение29 – әр периодтың аяғындағы табыстар мен
шығарылымдарды білдіретін 1-ден 29-ға дейінгі аргументтер.
Мәнін ЧПС функциясы есептейтін инвестиция бірінші мәнді ақша
жарнасының күніне дейін бір период бұрын басталады және тізімдегі ақырғы ақша
жарнасымен аяқталады. Егер бірінші ақшалай жарна бірінші периодтың басына
келсе, онда бірінші мәнді ЧПС функциясының қорытындысына қосу керек, бірақ
аргументтер тізіміне қоспау керек. ЧПС функциясын есептеу болашақ ақша
жарналарына негізделеді.
ПЗ функциясы ЧПС функциясына ұқсас. Олардың арасындағы негізгі
айырмашылық – ПЗ функциясы кезінде ақша жарналары периодтың аяғында
немесе басында болуы мүмкін.
Сонымен бірге ЧПС функциясына қарағанда ПЗ функциясындағы ақшалай
жарналар инвестицияның бүкіл периоды кезінде тұрақты және тең болуы керек.
Ал ЧПС функциясы бірдей емес мәндерді қабылдайды.
ЧПС (НПЗ) функциясының қолданылу мысалын қарастырайық. Жоба
бойынша – оның өткізілуінің алғашқы кезінде – жұмсаулар 37 миллион теңгені
құрайды, ал алғашқы бес жыл ішіндегі күтілетін табыс – 8, 9,2, 10, 13,9 және 14,5
миллион. Алтыншы жылы 6,5 миллион теңге шамасында залал күтіледі. Капитал
бағасы – жылына 8 %. Жобаның таза ағымдағы құнын есептеу қажет
Осы келтірілген мән келесі тәсілмен есептелінеді:
=ЧПС(8%;8;9,2;10;13,9;14,5;-6,5).
Қорытындысында жобаның таза ағымдағы құны шамамен 39,2 миллион
теңгені құрайды. Бұл шамаға қарап берілген жоба капитал салымы үшін пайдалы
деген қорытынды жасауға болады.
5-суретте көрсетілген КПЕР қаржылық функциясы төлем мерзімін есептеу
үшін қолданылады. Бұл функция төлеу периодтарының жалпы санын салымның
бірегей соммасы ретінде де, тұрақты проценттік мөлшерлемеге негізделген
периодтық және тұрақты төлеулер үшін де есептейді
5-сурет – КПЕР функциясының сұхбат терезесі
Синтаксис: КПЕР (ставка; выплата; нз; бз; тип).
Берілген функцияның аргументтерінің барлық мәндері жоғарыдағы
қаржылық функциялардың мәндерімен сәйкес келеді.
Келесі мысалды қарастырайық: кәсіпкер 100000 теңгені несиеге
алады,жылдық мөлшерлемесі 12 % . Ол айына 2000 теңгеден төлейді. Төлеу саны
келесі түрде есептелінеді:
=КПЕР(12%/12;-2000;100000;0;1).
Несиенің төлеу мерзімі шамамен 69 айды немесе 5,7 жылды құрайды.
Төлеу қашан болу керек екендігі – периодтың басында немесе аяғында –
берілген функция үшін өте маңызды. Егер жоғарыдағы мысалда «тип» графасына
0 қойсақ, онда мерзім шамамен 70 айды немесе 5,8 жылды құрайды.
СТАВКА (НОРМА) функциясы тұрақты жарналар арқылы берілген мерзім
ішінде нақты сомманы алуға қажетті бір период үшін проценттік мөлшерлемені
есептейді. Берілген функцияның сұхбат терезесі 6-суретте көрсетілген.
6-сурет – СТАВКА (НОРМА) функциясының сұхбат терезесі
Синтаксис: СТАВКА(кпер; плт; нз;. бз; тип; предположение).
Берілген функцияның аргументтерінің барлық мәндері жоғарыдағы
қаржылық функциялардың мәндерімен сәйкес келеді. «Предположение»
аргументі («нач_прибл») – мөлшердің мүмкін боларлық шамасы. Егер
«предположение» тастап кетілсе, онда ол 10% тең деп алынады. Егер СТАВКА
функциясы жинақталмаса, онда «нач_прибл»-дың түрлі мәндерін қолданып көру
керек. Егер «нач_прибл»-дың мәні 0 мен 1 арасында болса, онда СТАВКА
функциясы жинақталады.
СТАВКА
функциясы проценттік мөлшерлемені итераций тәсілімен
есептегендіктен, шешім табыла алмауы да мүмкін. Егер 20 итерацийден кейін
мөлшерлеме анықталуының қателігі 0,0000001-ден асса, онда СТАВКА
функциясы #ЧИСЛО! қатесінің мәнін қайтарады.
СТАВКА функциясының қолданылу мысалын қарастырайық. Айлық төлем
200 теңге құрайтын 8000 теңге шамасындағы төртжылдық қарыз үшін проценттік
мөлшерлемені анықтау үшін келесі формуланы қолдануға болады:
=СТАВКА(4*12;-200;8000).
Қорытындысында мынаны аламыз: айлық ( период айға тең болғандықтан)
проценттік мөлшерлеме 0,77 % тең.
БЗРАСПИС қаржылық функциясы айнымалы проценттік мөлшерлеме
барысында күрделі проценттерді есеп аударғаннан кейінгі инвестициялардың
болашақ мәндерін есептейді. Берілген функцияның сұхбат терезесі 7-суретте
көрсетілген.
7-сурет – БЗРАСПИС функциясының сұхбат терезесі
Синтаксис: БЗРАСПИС (первичное; план).
Аргументтер:
первичное – салымның (инвестицияның) ағымдағы мәні
план – қолданылатын проценттік мөлшерлемелердің массиві.
Егер берілген функция қол жеткізбейтін жағдайда болса немесе #ИМЯ?
қатесін қайтаратын болса, онда «Пакет анализа» (меню Сервис → Надстройки →
Пакет анализа) надстройкасын орнату және жүктеу қажет. “Надстройки” сұхбат
терезесі 8-суретте көрсетілген.
8- сурет “Надстройки” сұхбат терезесі
БЗРАСПИС қаржылық функциясының қолданылу мысалын қарастырайық. 6
жылға басып шығарылған номиналы 100 мың теңге облигациясы бойынша есеп
аударудың келесі реті қарастырылған: 1 жылда – 10 %, 2, 3 - 20 %-тен, 4, 5, 6 –
25 %-тен. Күрделі проценттік мөлшерлеме бойынша облигацияның болашақ
(өсірілген) құнын есептеу.
Берілген есепті шығару үшін барлық проценттік мөлшерлемелерді 8-суретте
көрсетілгендей жұмыс парағына енгізу керек. Бұдан кейін «первичное» графасына
облигацияның номиналды құны енгізіледі, ал «план» графасына - В1:В6
диапазонынан проценттік мөлшерлемелердің массиві.
8-сурет – БЗРАСПИС функциясының қолданылу мысалы
Алты жылдан кейін облигацияның болашақ құны 309375 теңгені құрайды.
9-суретте көрсетілген ВНДОХ (ВСД) функциясы ақша қаражаттарының легі
үшін айналымның ішкі жылдамдығын қайтарады. Рента кезіндегідей операция
көлемі жиілікті болуы тиісті емес. Айналымның ішкі жылдамдығы – бұл жиілікті
уақыт периодында болатын төлем (сол мәндер) және түсімдерден ( оң мәндер)
құралатын инвестициялардан алынған табыстың проценттік мөлшерлемесі.
9-сурет – ВНДОХ (ВСД) функциясының сұхбат терезесі
Синтаксис: ВНДОХ (значения; предположение).
Аргументтер:
значения – сандық шамалар үшін құрал айналымының ішкі жылдамдығы
есептелінетін, осы сандық шамаларды қамтитын массив немесе ұяшықтарға
сілтеме. Айналымның шікі жылдамдығын есептеу мүмкіндігі болу үшін мәндер кем
дегенде бір оң және бір сол мәнді өз ішінде қамту керек. ВНДОХ функциясы
түсімдер немесе ақшалай төлемдер ретін интерпретациялау үшін мәндер ретін
қолданады, сондықтан төлем мен түсімдердің мәндері дұрыс ретпен енгізілуін
қадағалау керек;
предположение – ВНДОХ қорытындысына жақын деп саналатын шама
ВНДОХ-ты есептеу үшін Excel итераций тәсілін қолданады. 0,00001
дәлдігімен қорытынды алмағанша дейін прогнрз мәнінен бастап ВНДОХ
функциясы циклдық есептеулерді орындайды. Егер ВНДОХ функциясы 20
тырысудан кейін қорытындыны ала алмаса, онда #ЧИСЛО! қатесінің мәні
қайтарылады
Көп жағдайда ВНДОХ функциясы көмегімен есептеу үшін “предположение”-
ні тапсыру қажет емес. Егер “предположение” тастап кетілсе, онда ол 0,1 (10%)
тең деп саналады.
Егер ВНДОХ #ЧИСЛО! қатесінің мәнін берсе немесе қорытынды күтілетіннен
алшақ болса, онда есептеуді қайтадан орындауды болады, бірақ басқа
“предположение”-ні қолдана отырып.
ВНДОХ функциясының қолданылу мысалын қарастырайық. Сіз айырбас
пунктін ашуды ойлап отырсыз деп шамалайық. Сіз бизнесті ұйымдастыру үшін 50
мың доллар шамасында алғашқы сомманы енгізесіз және 5 жыл ішінде келесі
шамаларда таза табыс табуды күтесіз: 1-жылы – 12; 2-жылы – 13; 3-жылы – 15; 4-
жылы – 17; 5-жылы – 18 мың доллар. Екі, үш, төрт, бес жылдан кейін
инвестициялар айналымының (салынған капиталдан табыстың проценттік
мөлшерлемесі) ішкі жылдамдығын есептеу керек. Берілген есептің шешімі 10-
суретте көрсетілген.
10-сурет – ВНДОХ функциясының қолданылу мысалы
Екі, үш, төрт, бес жылдан кейін инвестициялар айналымының ішкі
жылдамдығы сәйкесінше 36%, 10%, 5%, 14% құрайды.
ППЛАТ (ПЛТ)
ФУНКЦИЯСЫ
ТҰРАҚТЫ
проценттік мөлшерлеме кезінде рентаның
тұрақты периодтық төлемін (мысалы, қарыз бойынша үнемді төлемдер) есептейді.
Берілген функцияның сұхбат терезесі 11-суретте көрсетілген.
Синтаксис: ППЛАТ (қойылым; кпер; нз; бз; тип).
ППЛАТ қаржылық функция аргументінің барлық мәндері алдында болған
функция аргументтің мәндерімен сәйкес келеді.
Интервал төлемімен төленіп келе жатқан жалпы сомманы табу үшін, ППЛАТ
қайтару функциясының мәнін «кпер» шамасына көбейту керек.
11-сурет – ППЛАТ (ПЛТ) функциясының сұхбат терезесі
Тұрақты пайыздық қойылымдар мен тұрақты төлемдер периодтық түр
негізінде берілген период төлемінің шамасын ОСНПЛАТ (ОСПЛТ) функциясы
қайтарады. Берілген функциясының сұхбаттасу терезесі 12-суретте көрсетілген.
12-сурет – ОСНПЛАТ (ОСПЛТ) функциясының сұхбат терезесі
Синтаксис: ОСНПЛАТ(қойылым; период; кпер; нз; бз; тип)
13 суретте көрсетілген ПЛПРОЦ (ПРПЛТ) функциясы, тұрақты пайыздық
қойылымдар мен тұрақты төлемдер периодтық түр негізінде берілген периодта
пайыз бойынша төлемдерді қайтару.
Синтаксис: ПЛПРОЦ(ставка; период; кпер; нз; бз; тип).
ПЛПРОЦ пен ОСНПЛАТ функцияларының аргументтері:
қойылым - период үшін пайыздық қойылым;
период – пайда табу керек ететін период (1ден «кпер»- ге дейінгі
интервалында жату керек);
кпер – периодталған төлемдердің жалпы саны;
нз – ағымды мән, яғни келешек төлемдерді құрайтын жалпы соммасы;
Сурет 13 – ПЛПРОЦ (ПРПЛТ) функциясының сұхбат терезесі
бз – болашақ құн мен қолма-қол балансі, яғни ақырғы төлемнен кейін
жету керек. Егер «бз» аргументі төмендетілген болса, онда ол 0-ге тең болады
(мысалы, алатын ақшаның келешек құны 0-ге тең);
тип - 0 немесе 1 саны, қашан төлем төленуі керек екені белгілейді. Егер
тип 0-ге тең немесе төмендетілген болса, онда төлем ақырғы периодта төленеді.
Негізгі төлемдерді есептеу мысалын қарастырайық, пайыз бойынша
төлемдер, жалпы жылдық төлемдер мен қарыздың қалдығы мысалда ссуданың
мөлшері 100000 тенге 2 % жылдық қойылым 5 жылдық мерзімге. 14 суретте
көрсетілген несие сөну схемасын таблица түрінде көруге болады.
Сурет 14 – Несие қайтаруының схемасы
Есепті шығару үшін ең алдымен ұяшықтарға В1, В2 және В3 1, B2 и B3
«Мерзім», «Пайыз» бени «Несиенің соммасы» есімдерін беру керек. Есім –бұл сөз
немесе символдар терімі, ұяшықты, ұяшық диапазонын, формуланы немесе
тұрақтыны көрсететін. Берілген мысалда кредиттің мерзімі, пайыздық қойылым
және сомма өзгермейтін тұрақтылар ролінде болады. Сондықтан, мысалы,
«Пайыз» есімі 2 % мәніне ие болған, пайыздарды есептеу үшін барлық жерлерде
қолдануға болады. Формуладағы анықталған есім міндеттің ұғымын оңайлатады.
Есімдер ұяшыққа абсолюттік сілтемелер болып келеді. Ұяшықтың абсолюттік
адресі – бұл формуланың бөлігі, ұяшықтың адресі болып келетін және ұяшық
формуламен тұрған орнына қарамай берілген ұяшыққа сілтейді. Ұяшықтың
абсолюттік адресі $A$1 форматына ие болады. Егер берілген ұяшыққа есім
берілсе, онда ұяшықтың адресінің орнына формула болады.
Есімдегі бірінші белгі әріппен немесе сызылған белгі болу керек. Есімдегі
қалған белгілер болуы мүмкін: әріптермен, сандармен, нүктелермен және
сызылған белгілермен. Бос орындар болмауы керек.
Ұяшыққа есім берілуі Вставка → Имя → Присвоить команда көмегімен
анықталады.
В5 ұяшығында бірінші жылдың басындағы несиенің соммасы – 100000 тенге
қойылады.
С5 ұяшығында бір жылдың төлемнің жалпы соммасын есептеу керек. Сол
үшін ПЛТ (ППЛАТ) функциясы шақырылады және 15 суретте көрсетілгендей
толтырылады.
Сурет 15 – ПЛТ функциясының толтырылуы
Бірінші жылдың пайыз бойынша төлемдер D5 ұяшығында 16 суретте
көрсетілгендей ПРПЛТ (ПЛПРОЦ) қаржылық функциясымен есептеледі.
«Период» графасында А5 ұяшығына ағымдағы периодтағы номерімен
сілтеме қойылады және де берілген сілтеме салыстырмалы болып келеді, яғни ол
формуланың тұрған орнынан өзгеруге болады.
Бірінші жылдың төлемнің негізгі соммасы Е5 ұяшығында 17 суретте
көрсетілгендей ОСПЛТ (ОСНПЛАТ) функциясының көмегімен есептеледі.
Бірінші жылдың аяғындағы несиенің соммасы бірінші жылдың басындағы
несиенің соммасынан бірінші жылдың төлемнің негізгі соммасының айырмасындай
анықталады.
Сурет 16 –Пайыз бойынша сомманың төлемдерін анықтау
Сурет 17 – Сомманы негізгі төлемнен есептеу
Екінші жылдың басындағы несиенің соммасы бірінші жылдың аяғындағы
несиенің соммасына тең. Сондықтан В6 ұяшығында F5 ұяшығына сілтеме
бағытталады. Қалған жылдарда несиенің соммасы баған бойынша төмен F5
ұяшығын толтыру маркер өткізу жолымен анықталады.
Төлемдердің жалпы соммасы, пайыз бойынша төлемдер, негізгі төлемнің
соммасы және несиенің соммасы қалған периодтың аяғына баған бойынша төмен
C5:F5 белгіленген диапазонды маркер өткізу жолымен толтырылады.
18 суретте көрсетілгендей барлық есептеулер нәтижесінде несиенің сөну
схемасы былай көрінеді.
Нәтижелерді көрнектілеу
Есептердің шешімі жеке функция бойынша көрсетілуі керек. Қарызды өтеу
графиктері кесте түрінде көрсетілуі керек.
Сурет 18 – Несиені төлеу сұлбасын толтыру нәтижесі
Достарыңызбен бөлісу: |