Әдістемелік нұСҚаулық магистрлік диссертацияны (жобаны) орындауғА, ресімдеуге және қОРҒАУҒА Қойылатын талаптар


тарау. Магистрлік диссертацияның (жобаның) құрылымы және оны ресімдеу ережесі



бет6/22
Дата19.09.2023
өлшемі490,17 Kb.
#108791
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
null-3

9 тарау. Магистрлік диссертацияның (жобаның) құрылымы және оны ресімдеу ережесі

52. Магистрлік диссертацияның (жобаның) құрылымдық элементтері:


1) Титул парағы;
2) Мазмұны;
3) Нормативтік сілтемелер (болған жағдайда);
4) Анықтамалар, белгілер және қысқартулар (болған жағдайда);
5) Кіріспе;
6) Негізгі бөлім;
7) Қорытынды;
8) Пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
9) Қосымшалар (болған жағдайда).


Параграф 1. Титул парағы

53. Титулдық бет магистрлік диссертацияның (жобаның) бірінші беті болып табылады және құжатты өңдеу және іздеу үшін қажетті ақпарат көзі болып табылады. Титулдық парақта келесі мәліметтер келтірілген:


1) Магистрлік диссертация (жоба) орындалған жоғары оқу орнының және кафедраның атауы;
2) Магистранттың Тегі, Аты, Әкесінің аты;
3) Магистрлік диссертацияның (жобаның) атауы;
4) Білім беру бағдарламасының коды және атауы;
5) Дәреженің атауы;
6) Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) көрсетілген ғылыми жетекшінің Тегі, Аты, Әкесінің аты;
7) қала және жыл.
54. Титул парағы жалпы нөмірлеуге кіреді. Титулдық парақтағы бет нөмірі қойылмайды.
Титулдық парақтың нысаны Ж қосымшасында келтірілген.


Параграф 2. Мазмұны

55. Магистрлік диссертацияның (жобаның) мазмұны кіріспені, нормативтік сілтемелерді, анықтамаларды, белгілеулер мен қысқартуларды, барлық бөлімдердің, кіші бөлімдердің, тармақтардың реттік нөмірлері мен атауларын (егер олардың атаулары болса), қорытындыны, пайдаланылған әдебиеттер тізімін және осы элементтер басталатын беттердің нөмірлері көрсетілген қосымшалардың атауын қамтиды.


56. Мәтін бойынша бөлімдер мен кіші бөлімдердің атаулары мазмұнда көрсетілген атаулармен толық сәйкес келуі тиіс, бұл ретте бөлімдер мен кіші бөлімдердің атауларын қысқартуға жол берілмейді.
57. Олардың әрқайсысының атауы тақырыптан мазмұн көлемінен кең емес және оған тең болатындай етіп тұжырымдалуы керек, өйткені бөлім тақырыптың тек бір аспектісін білдіреді және тақырып осы бағыныштылықты көрсетуі керек.
Мазмұн нысаны К қосымшада келтірілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет