27
Сонымен алгоритмдік тіл жай командалардың жазылу ережесін, құрама
командалардың, алгоритмдердің құрылымын және олардың мағынасын, яғни
қалай орындалатынын дәл және бірмәнді анықтайды.
Алгоритмдік тілді анықтауда келесі ұғымдар:
1. Тілде қолдануға болатын симвлодардың (белгілердің) жиынтығы, яғни
алфавит.
2. Тілдің конструкцияларының: айнымалының, өрнектердің, командалардың
жазылу және алгоритмдік жазудың жалпы құрылымының ережелері, яғни
синтаксис
3. Әр түрлі командалардың қызметі мен орындалу жолы, яғни семантика
берілуі керек.
Табиғи тілдерде бірмәнділік болмағандықтан осы тілдерде жазылған
алгоритмдегі нұсқаулардың бірнеше мағынасы болуы мүмкін. Әрине, бұл
орындаушының осындай тілде жазылған алгоритмді орындауын қиындатады, тіпті
ондай алгоритмді орындау мүмкін болмайды. Сондықтан, табиғи тілдердің
байлығына қарамастан, информатика алгоритмдерді бейнелеу үшін бір мәнді
жасанды тілдерді қолданады. Олар жасанды графикалық тілдер және жасанды
вербальды – сөзді тілдер.
Достарыңызбен бөлісу: