Әдістемелік құрал



Pdf көрінісі
бет5/63
Дата05.04.2023
өлшемі1,24 Mb.
#79685
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
Алгоритм және оның мүмкіндіктері

Орындалатын 
нұсқаудың 
нөмірі 
Орындалған 
нұсқаудың 
іздері 
Түсініктеме 

997 76 
Екі санның мәндері анықталады 

997 
76 
Бірінің астына бірі жазылады 

997 
076 
Жетіспеген үлкен разряд нөлмен 
толықтырылады. 

+997 
076 
13 
Ең кіші разрядты қосу кезінде 
келесі үлкен разрядқа өтетін 
бірлік пайда болады. 

+997 
076 
73 
Келесі разрядты қосқан кезде 
тағы да үлкен разрядқа өтетін 
бірлік пайда болады. 

+997 
076 
073 
Соңғы разрядты қосқан кезде 
тағы да үлкен разрядқа өтетін 
бірлік пайда болады. 

1073 
Ең үлкен разрядқа өтетін бірлік 
есептеліп нәтиже алынады.
Енді бізге керек орындаушының ондық сан деген ұғымды білетін, екі көп 
разрядты бүтін санды көбейте алатын және қазақ тілін түсінетін қабілеті бар деп 
алып, кез-келгшен екі ондық санды көбейтуге болатын ережені құрастырайық: 
1. Екі ондық санның мәндерін анықтау; 
2. Осы сандардағы ондық белгісін көрсететін үтірді ескермей, оларды бірінің 
астына бірін бүтін көбейткіштер ретінде жазу; 
3. Көбейткіштерді көбейтіп көбейтіндіні табу; 
4. Берілген екі ондық сандардағы үтірдің оң жағындағы таңбалардың санын 
қосу; 
5. Нәтиже ретінде үтірден кейінгі таңбалардың саны 4 қадамнан шыққан санға 
тең болатындай етіп жазылған 3-қадамнан шыққан көбейтіндіні аламыз. Мұнда 
көбейтіндідегі барлық таңбалардың саны 4-қадамнан шыққан санна кем болса, 
онда үтірдің сол жағына бір нөл қойылады да, үтірдің оң жағына алдымен 
жетіспеген таңбалардың орнына нөлдер, соңынан көбейтіндінің мәні жазылады. 



1-сұлба.  ЭЕМ-де есептің шығарылу этаптары 
Алгоритм – ережелер, нұсқаулар жүйесі. Алгоритм – алғашқы 
мәліметтерден ізделінетін нәтижелерге бағытталған үрдістерді анықтайтын іс-
әрекеттердің нақты тәртібі, және төмендегідей қасиеттері бар: 
▪ Нақтылық т.с.с. жалпы түсініктілік; 
▪ Бұқаралық, т.с.с. бірдей типті есептерді шешуде, әртүрлі мәліметтерді 
қолдану мүмкіндіктері; 
▪ Нәтижелік, т.с.с. ізделінді нәтижені алуға бағыттылық; 
▪ Дискреттік, орындауға іс-әректтің немесе қадамның соңғы тізбегіне 
бөлінеді; 
▪ Шектік, т.с.с. соңғы уақытта орындалу керек. Алгоритмдерді 
таныстыру үшін бірнеше тәсілдер қолданылады; 
▪ Сөздік (табиғи тілде); 
▪ Графиктік (блок схема тілінде); 
▪ Псевдокод-бағдарлама жобалау арнайы тілдердегі символдардың 
көмегімен; 
▪ HIPO – диаграммасын қолданумен; 
▪ Кесте қолдану арқылы;
▪ Бағдарламалаудың бір алгоритмдік тілінің көмегімен; 
▪ Насси – Шнейдерман схемасының кешенімен; 
▪ Бағдарламалаудың кез келген бір алгоритмдік тілімен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет