29
АЛГОРИТМНІҢ ҚАСИЕТТЕРІ
Алгоритм ұғымының құрылымы 3-сұлбада көрсетілген.
3- сұлба.
Өңдеу ұғымының құрылымы
Алгоритм - бағдарламаға қарағанда өте күрделі ұғым, ал бағдарлама
берілген есептегіш машинаға түсінікті тілде жазылған алгоритм. Бұдан
бағдарламамен басқарылатын техника көмегімен
есептерді шешу процесінің
негізгі бөлігі – осы есепті шешу алгоритмдерін дайындау екендігі көрінеді. Есепті
шешу алгоритмі айқындалғанда, ол еш қиындықсыз бағдарламалау тілінде
беріледі. Басқа сөзбен айтқанда, бағдарламамен
басқарылатын есептегіш
машинада есепті шығарудағы негізгі процесс – алгоритмдеу, яғни алгоритмдік
жарлықтарды белгілі бір ережеге сәйкес қарастырып жазу.
Қойылған мәселені шешудің дұрыс алгоритмі мынадай негізгі қасиеттерге ие
болуы тиіс: анықтылық, нәтижелілік, жалпыламалық, дискреттік (үздіктілік).
Алгоритмнің анықтылығы дегенде оның әрбір адымы әртүрлі түсінікке жол
бермейтін, дәл және анық тұжырымдалған ережені түсінеміз.
Алгоритмнің нәтижелілігі деп санаулы қадам
жасалған соң қарастырылған
мәселенің не шешімі табылатынын, не шешімі жоқтығы анықталатынын айтады.
Алгоритмнің жалпыламалық қасиеті бойынша дайын алгоритммен жеке бір
есепті ғана емес, осы есеп класына тиісті кезкелген есепті шығару мүмкін болуы
тиіс.
Алгоритмнің дискреттілігі
(үздіктілігі) деп
алгоритммен
анықталған
есептеулерді жекеленген кезеңдерге (қарапайым амалдарға) жіктеуді ұғамыз.
Алгоритм құру мәселесі алгоритм жазуға қандай тілді пайдаланатымызға
байланысты болатындығы бұрын айтылғандардан көруге болады.
Жалпы айтқанда, тіл – кейбір мағлұматтарды өрнектеу және жеткізу құралы.
Осы мағынада
адамдардың қатынасу тілі, математика тілі, автоматтар мен
адамдардың қатынасу тілі туралы айтуға болады. Автоматтар өзара қатынастың
ерекше тілдердің бар екендігі туралы да айтуға болады.
Қарапайым
Күрделі
Алгоритм
Түрі
Қасиеті
Түсініктілік
Дәлдік
Дискреттілік
Шектілік
Жалпыламалық
30
Жоғарыда
атап көрсетілгендей, алгоритмдерді жазу үшін пайдаланатын
тілдің сипаты орындаушының мүмкіндіктеріне байланысты. Орындаушылардың
мүмкіндігі тіл құралдарының бірнеше деңгейін анықтайды деп те айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: