15-тақырып. Асқар Тоқмағанбетов(1905-1983) Ақын, жазушы, публицист, мысалшы, сықақшы, фельетоншы.
Өмірінен мәлімет. Төңкеріске дейін ауыл молдасынан ұзап білім алмағаны. Кейінірек Мәскеу, Ташкент қалаларында оқығаны.
1925 жылдан 1960 жылға дейінгі ақын лирикасының тақырыбы саяси-әлеуметтік, социалистік құрылыс жетістіктері, таптық күрес болып келетіні. Теңдік алып, бақытты тұрмысқа қолы жеткен Қойбағар, Шойынғара, Қарақыз, Күләйшалардың образдары.
А.Тоқмағамбетовтың заман шындығын жырлауы. «Комсомол ақын», «Социалистік құрылыс ақыны», «коммунистік идеологияның насихаттаушысы» болуы. Шынайы өмір шындығына жүгініп, жаңарған ауыл адамдарының бейнесін суреттегені.
Ақын өмірінің соңғы жылдарында жазған өлеңдерінде ауыл адамдарының жан дүниесіне үңілуі, мәдениеті өскен, білімді адам бейнесінің поэтикалық теңеу, образдармен байығаны. Бұл сипаттың «Алтын арал», «Тырналар, сұлу тырналар», «Ғажайып жылдар», «Көгілдір әлем», «Дауылпаз жырлар» жыр жинақтарына енген өлеңдерінен анық аңғарылатындығы. Дегенмен ақынның барлық өлең-жырлары бірдей мазмұнды, көркем бола бермейтіні.
Поэмалары. «Алыптар туралы ертегі» поэмасынан басқаларының тақырыбы социалистік дәуір шындығын қамтитыны.. «Берлин көшесінде», «Испания», «Рейн жағасында», «Мұзбалақ», «Ақ алтынды арал», «Аңыз ағаш», «Екі дүние, екі өмір», «Балам туралы дастан», «Батыр Әли», «Бұқарбай батыр», «Жер тәңірісі», «Жолдар мен жылдар», «Күндіз аққан жұлдыз», «Нартәуекел», «Шағалалы шалқар», «Шынар туралы шындық» дастандары. Олардағы ажарлы сөз, ақындық образ. Сонымен қатар оларда ақынның көпсөзділікке бой алдырғаны.
А.Тоқмағамбетовтың сатиралық шығармалары. Орыстың классикалық сатирасы мен қазақ әдебиетіндегі Абай, С.Дөнентаев, Б.Майлин, І.Жансүгіров сатирасының дәстүрін жалғастырып, оны жаңа тақырыптармен байытқаны. «Саудагер молда», «Тұтам құрық», «Бөлтірік», «Сүмелек қайнаға», «Бір мылжыңның баяндамасы», «Желіккен жеңгей», «Қылтың-сылтың», «Арыстанға еліктеген мысық», «Жаназа үстіндегі даңғаза» т.б.
Мысал жанрындағы еңбектері: «Мияу мен Лен», «Көкек», «Әтештің махаббаты», «Бидай мен қаңбақ», «Қара тоқтының хаты», «Әупілдек пен күпілдек», т.б.
А.Тоқмағамбетовтің сықақ өлеңдерінің формаларының өзгеріп отыруы оның сатиралық поэзиясын ажарландырып, саяси-эстетикалық нысанасын айқындауға мүмкіндік жасайтыны. Алайда Асқардың бірқыдыру фельетондары мен сықақтарында образ дәрежесіне көтеріле алмай қалған бейнелердің де ұшырасатыны.
А.Тоқмағамбетовтың сатиралық мектебінің қалыптасуы.
Проза жанрында «Алғашқы қадам», «Кішкене қолғанаттар», «өзіміздің жігіт», «Жыр күмбезі» атты әңгімелер мен «Ақмоншақ» повесін, «Әке мен бала» және «Жыр күмбезі» романдарын, көптеген очерк, көптеген публицистикалық мақалалар жазғаны. «Әке мен бала» романында дін иелерінің жағымсыз қылықтарын әшкерелегені. «Жыр күмбезі» шығармасында ақынның Сыр өңірі ақындарының рухани портретін жасағаны. «Өтеді күндер» мемуарлық шығармасында соны фактілер, поэтикалық бояу, баяндау тілінің оралымдылығы.
Шығармашылығының зерттелу жайы.