Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы



бет1/7
Дата19.09.2023
өлшемі161,5 Kb.
#108480
түріНұсқаулар
  1   2   3   4   5   6   7




Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы




Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/41




БЕКІТЕМІН
ОІ жөніндегі проректор __________ Пфейфер Н.Э.
20__ж. «___»____________

Қ ұрастырушы _____________ гуманитарлық ғылымдар магистрі,


аға оқытушы Г.А. Жұмабекова

Қазақ филологиясы кафедрасы


«Әдебиеттануға кіріспе» пәні бойынша 5В020100 – «Филология: шетел филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған пәнді меңгеру жөніндегі




ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Кафедраның отырысында ұсынылды


2012 ж. «27» қараша №7 Хаттама

Кафедра меңгерушісі __________ Жүсіпов Н.Қ. 2012 ж. «27» қараша


Гуманитарлық-педагогикалық факультетінің ОӘК мақұлданды


2012 ж. «29» қараша №7 Хаттама

ОӘК төрағасы ______________Теміров Қ.Ө. 2012 ж. «29» қараша


МАҚҰЛДАНДЫ:
ОӘБ бастығы _____________ Жұманқұлова Е.Н. 2012 ж. «____» ________

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды


2012 ж. «___»______________ №____ Хаттама


Курс бойынша қамтылатын тақырыптар


1-тақырып. Кіріспе. Әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшелігі. Әдебиеттану - сөз өнері жайлы ғылым.
«Әдебиеттануға кіріспе» пәнінің мазмұны мен мәні. Әдебиетанудың негзгі салалры болып табылатын әдебиеттің тарихы, әдебиеттің теориясы, әдебиеттің сыны сияқты жеке салаларының өзара бірлігі мен ерекшеліктері туралы. Әдебиеттанудың қосалқы үш саласы: текстология және оның зерттеу объектісі; библиографияның әдебиеттану ғылымындағы маңызы, историографияның ғылыми функциясы. Әдебиеттанудың тіл білімімен, тарихпен, философиямен, мәдениеттанумен, эстетикамен байланысы. «Әдебиеттануға кіріспе» пәнінің құрылымдық жүйесі. «Әдебиеттануға кіріспе» пәнінің басты мақсаты студенттерді ғылыми терминдермен, теориялық топшылаулар жүйесімен таныстыру екендігі, сонымен қатар әдебиеттің қоғамдық сананың құрамдас бір бөлігі екендігін таныту. Әдебиеттің даму заңдылықтары мен әлемдік сөз өнерінің ортақ қасиеттерін, шығармашылықтың мазмұны мен өзіндік өнер ретіндегі ерекшеліктеріне тоқталу. Көркем әдебиеттің әлеуметттік-эстетикалық маңызы мен мәні туралы негізгі мәліметтер.
Қазақстанда әдебиет туралы ғылымының туу, қалыптасу кезеңдері. Әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшелігі. Оның басқа өнер түрлерімен байланысы және айырмашылығы. Сөз өнерінің қоғамдық сананың айрықша бір саласы ретіндегі қызметі. Оның эстетикалық сипаты. Сөз өнерінің өнер атаулының ең қиын және күрделі түрі екендігі. Өнер туралы қазіргі түсініктер мен пайымдаулар. Өнер мен әдебиеттің өмірді образды бейнелеудегі қызметі. Сөз өнерін жасаушы сурекер шеберлігі туралы қазіргі ғылыми пайымдаулар. Қаламгердің қоғамдық тұлғасы. Өнер иесінің талант табиғаты жайлы ой-пікірлері. Суреткердің азаматтық бітім-болмысы. Жазушы-ақындардың әрқилы ерекше қасиеттері туралы ойлар. Кез-келген қаламгердің өз заманының ұлы екендігі туралы тұжырым және оған қарсы айтылатын пікірлер. Көркем әдебиеттің қоғамдық мәні. Әдебиеттің таным тарапындағы маңызы. Әдебиеттің тәрбиелік қасиеті. Әдебиеттің эстетикалық сипаты. Әдебиеттің халықтығы мен ұлттық ерекшеліктері туралы.
Әдебиеттану сөз өнерін зерттейтін ғылым. Әдебиеттің ғылыми-эстетикалық сипаты. Әдебиеттану ғылымының негізгі үш саласы: әдебиет теориясы, әдебиет тарихы, әдебиет сыны. Әдебеит теориясының зерттеу объектісі. Әдебиет тарихының жеке ғылым саласы ретінде қарастыратын зерттеу аясы. Әдебиет сынының қамтитын ғылыми-эстетикалық функциялары. Әдебиеттану ғылымының қосалқы үш саласы. Текстологияның қарастыратын мәселелері. Историяграфияның ғылыми сұраныс пен қажеттіліктерді қамтамасыз етудегі ролі. Библиографияның әдебиеттану ғылымының дамуындағы орны мен қызметі. Әдебиетану ғылымының басқа ғылым салаларымен байланысы. Әдебиеттану және қоғамдық ғылымдар. Әдебиеттану ғылымы және жаратылыстану ғылымдары. Әдебиеттану ғылымының басқа ғылым салаларынан өзіндік ерекшелігі.
Ұсынылатын әдебиеттер: [1], 58-61 беттер, [2], 25-29 беттер.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет