Сабақтын тақырыбы: Қол инешаншымдары мен тігістері. Сабақтын мақсаты: қол тігіс түрлерінің орындалу технологиясын үйрету
Тексерілді:
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары:
------------ А.Т.Жұмырбаева
Сабақтын тақырыбы: Қол инешаншымдары мен тігістері.
Сабақтын мақсаты: қол тігіс түрлерінің орындалу технологиясын үйрету.
Міндеттері:
1)қол жұмысы кезінде қолданылатын терминдермен танысу; инешаншымдармен тігім түрлерін орындауды үйрену;
2)шеберлікке,ұқыптылыққа, ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеу;
3) эстетикалық талғамын жетілдіру, ізденушілігін арттыру, шығармашылығын дамыту.
Мұғалім сөзі: 1)«Қыз еркем кестесімен көркем, ұл еркем өнерімен көркем»- деген мақалдың астарында қандай мағына жатыр деп ойлайсыздар?
III.Жаңа сабақ. Мағынаны тану
1)«Ұшын түймегеннің, үш шаншым ісі қалар» деген қазақта сөз бар яғни жұмыс барысындағы іс-әрекетті ойланып ережеге сай орындау керек. Қане білімгерлер жұмыс барысындағы қандай ережелерді ұстану керек?
Қол жұмыстары ---бұл тігін машинасында өңдеуге дейінгі бөлшектерді біріктіру үшін уақытша қолданылатын операциялар: әртүрлі қиықтарды көктеу,ұсақ бөлшектерді негізгілеріне қосып көктеу,бұйымның етегін көктеу,т с с Қол жұмыстарына ,сондай-ақ тұрақты тігілетін операциялар-түйме,шыртылдақ,ілгектерді тігу,қиықтарын торлау және т/б жатады. Тігін бұйымдарын дайындауға әртүрлі инешаншымдар мен тігімдер қолданылады.
Инешаншым-бұл жіптің матаға өрілуінің аяқталған процесі.