Әдістемелік ұсыныстар мен нұСҚаулықтар



жүктеу 60.54 Kb.

Дата27.01.2017
өлшемі60.54 Kb.

            

Әдістемелік нұсқау 

Нысан

                                                                                                                                       Ф СО ПГУ 7.18.2/07



                                                                                                                                       

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



            С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік 

университеті

Докторантура және магистратура

«ХХ-ХХІ ғасыр тоғысындағы батыс әдебиеті» 

пәні бойынша 

6М011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының

магистранттарына арналған пәнді оқыту бойынша 

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАР


Павлодар 

 

Әдістемелік ұсыныстар мен

нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды;

әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы 

Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41



БЕКІТЕМІН

ҒЖ жөніндегі проректор 

__________ Р.Ж.Қадысова

                        

20__ж. «___»____________

Құрастырушы:

 _____________

ф.ғ.д.,профессор Қ.П.Жүсіп

Қазақ филологиясы

 

 кафедрасы



«ХХ-ХХІ ғасыр тоғысындағы батыс әдебиеті» пәнінен   

6М011700 «

Қазақ тілі мен әдебиеті»  мамандығының магистранттарына

арналған пәнді оқыту бойынша  



ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

     


Кафедраның отырысында ұсынылды 

20__ж. «___»______________№__ Хаттама 

Кафедра меңгерушісі 

_____________  

Жүсіпов Н.Қ.

    20__ж. «____» ________

Докторантура   және   магистратураның   оқу-   әдістемелік

кеңесінде мақұлданды.

«_____»______________20  ж. №____хаттама.

ОӘК төрағасы____________________ З.Е.Жұмабаева



МАҚҰЛДАНДЫ:

ҒД директоры

 _____________        

А.Ф.Елмұратова   

20__ж. «____» ________

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды     

20__ж. «___»______________  №____ Хаттама

    


Пәнді оқу барысында қарастырылатын тақырыптар

1-тақырып. Франция әдебиеті

Сыншыл   реализм   әдебиетінің   ерекшеліктері.   Француз   өнеріндегі

импрессионизм және әдебиетке ықпалы. Француз әдебиетіндегі натурализм

мен символизм. Декаданттық әдебиет. Париж коммунасының әдебиеті.

Эжен   Потье   -   француздың   пролетарлық   поэзиясының   өкілі.

Пролетарлық революциялық өлеңдері: «Халық», «Бұзылған ескі үй», «1870

жылғы   31   қыркүйек»,   «Интернационал»,   «Халық   жолы»,   «Американың

жұмысшысы - Францияның жұмысшысына».

Натурализм   -   1848   жылғы   революциядан   кейін   пайда   болған   бағыт.

Натурализм   эстетикасының   негізі   -   позитивизм   пэлсапасы.   Золя

-натурализм   теоретигі.   «Экспериментальдық   роман»,   «Романистер

натуралистер», «Театрдағы натурализм» мақалалары. Шынайылық талабы,

табиғатқа,  шын фактіге  адалдық.  Типтендірудің  реалистік  принциптеріне

қарсы   фактіге   ғана   табыну,-   Биологизм.   Тұқым   қуалаушылық   теориясы.

Бейнелеудегі документтілік пен дэлдік. Ағайынды Гонкурлардың, Золяның,

медандық топ жазушылардың шығармаларындағы натурализм.

Эмиль Золя (1840- 1902). 19 ғасырдағы романтикалық жэне реалистік

өнерді  игерген  суреткер.  «Жерминаль»,  «Жер»,  «Тас-талқан»   романдары.

«Ругон   Маккары»   (20   томдық   романдар   сериясы),   «Үш   қала»   трилогия,

«Төрт евангелия» (романдар сериясы).

Сыншыл  реализм.   Ги   де   Мопассан   (1850-1924).   Мопассан-   Флобердің

шәкірті.   Шыгармалары:   «Тоқаш   нан»,   «Телье   орны»,   «Милон   ағатай»,

«Мадемуазель Фифи» новеллалары, «Өмір», «Қымбатты дос» романдары.

Анатоль   Франс   (1844-1924).  Жазушы   шығармашылығының   пәлсапалық

және эстетикалық негізі. Ағартушылық дәстүрлер. Христиандық догматизмді

сынауы.   Франстың   сатирасы.   Шығармалары:   «Сильвестер   Боннардың

қылмысы,   «Танс»,   «Қаздың   табандары   королевасының   асханасы»,   «Жером

Куаньяр   мырзаның   пайымдаулары»,   «Қазіргі   тарих»   романындағы   Үшінші

Республикадағы б.уржуазиялық қоғамға сатиралық сын. Профессор Бержери

бейнесі.   «Кренке   Биль»   әңгімесіндегі   халық   екілі   адамының   бейнесі.

«Пингвиндер   аралы»   роман-памфлетіндегі   қоғамдық   -саяси   мэсел*е,

жинақтаушылық   аллегориялық   формалары.   «Қүдайлар   аңсайды»

романындағы якобиндік диктатураны бейнелеу.

Ромен   Роллан   (1866-1944).   Әдебиеттегі,   мэдениеттегі   реализм   мен

демократия үшін күресуге арналған демократиялық көзқарастары.  Музыка

танушылық еңбектері.Бетховен туралы алты томдық кітабы. «Бетховен. ¥лы

шығармашылық   дәуірлер   (1927-1945)»,   «Біздің   уақытымыздағы

музыканттар», «Өткен уақыттағы музыканттар», «Гендель». Драматургиясы:

«Сенімнің   трагедиясы»   циклында   «Қасиетті   Людовиг»,   «Уақыты   келеді»,

«Революция   театры»   циклында   «Қасқырлар»,   «Ақыл-ой   салтанаты»,

«Дантон»,   «14   шілде».   Романдары   :   «Жан   Кристоф».   Кристоф   -   автор

идеяларының   жарқын   көзқарасы.   Кесемсөздік   мақалалары:   «Жекпе-жек



үстінде», «Нышан»^ «Әскери жылдар күнделігі». Ролланның шығармашылық

эдіс ерекшеліктері.

Луи   Арагон   (1897-1982).Шығармашылыгындағы   тақырыптық   жэнё

поэтикалық жаңашылдығы. «Құштарлыққа толы апта», «Шындап опат болу».

«Базель   колоколы»,   «Бай   кварталдар»,   «Империал   жолаушылары»

романдары.

Антуан де Сент-Экзюпери (1900-1944) - француз үшқышы. Үшқыштың

қызметі   түрмыстық,   лирико-романтикалық,   философиялық   ыңғайда

қарастырылып,   Сент-Экзюпери   шығармашылығының   басты   езегіне

айналады.   «Оңтүстік   пошташы»   (1929),   «Түнгі   үшу»   (1931),   «Адамдар

планетасы» (1939) шығармаларында ғарыштық кеңістік, аспан элемі, үшқыщ

қызметі кең суреттеледі «Цитадель» романы - ойдан шығарылған шығарма.

1943   жылы   ең   танымал   философиялық-лирикалық   «Кішкентай   ханзада»

ертегісі жарық кереді.

Ұсынылатын әдебиет: [1], [2], [4]

2-тақырып Германия әдебиеті

Неміс   әдебиетіндегі   сыншыл   реализм   жэне   натурализм.   Сыншыл

реалимнің   германия   әдебиетіндегі   жаңа   кезеңін   дамытуда   натурализмнің

маңызы.


Томас   Манн   (1875-1955).   Пэлсапалық   роман   шебері.   «Будденброктар»

романындагы   психологиялық   иірімдер,   керкемдік   жинақтаулар.   «Тристан»,

«Тонио   Крегер»,   «Венециядағы   елім»   новеллаларындағы   өнер   мэселесінің

тақырыбы.

Генрих   Манн   (1871-1950)  XX  ғ.   көрнекті   неміс   сатиригі.   Г.Манн

шығармашылығындағы   буржуазиялық-юнкерлік   монархияға   және

пруссакшылдықтың реакциялық идеологиясына сын. Романдары : «Арманды

жер»,   «махаббатқа   ықылас»,   «Әйел   құдайлар».   «Мұғалім   Унрат»,   «Шын

ықыласпен   қол   астына   қараушы».   Көсемсөздері:   «Рух   жэне   әрекет»,

«Вольтер мен Гете», «Рейхстаг» памфлеті - милитаризмді айыптау. Г.Манн

шығармашылығындағы   карикатура,   гротеск   эдістерінің   қолданылу

ерекшеліктері.

Анна Зегерс  (1900-1983). 1928 жылғы «Балықшылар.  көтерілісі» атты

романы   үшін   әдеби   сыйақы   алуы.1933   жылы   «Бағаланған   бас»   атты

әлеуметтік-психологиялық   повесі   жарық   көреді.Шығармада   гитлерлік

басқыншылық   эрекет   тұсындағы   неміс   деревнясы   суреттеледі.Зегерске

элемдік мэртебе экелген «Жетінші крест» романы. Шығарма фашистер қол

астында   қалған   Германия   жайында.   «Транзит»   атты   эйгілі   романда

жазушының Америкаға жолға шыққандағы қиындықтары сез болады. 1947

жылы «Өлгендер мәңгі жас болып қалады» романын аяқтайды.Германияның

соғыстан кейінгі тагдыры туралы жазылған «Шешім» (1961), «Сенім» (1968)

романдары.   Толстой,   Достоевский   жөніндегі   очерктері.   3-тақырып

Скандинавия елдерінің әдебиеті

Ұсынылатын әдебиет: [1], [2], [3]



3-тақырып.  Сыншыл   реализмнің   қалыптасуы   мен   дамуы.

Декаденттік ағымдар. Натуралистік, символдық эстетика.

Генрих   Ибсен   (1828-1906)   -   Норвегия   әдебиетіндегі   әлеуметтік-

психологиялық   драманы   қалыптастырушы.   Шығармалары:   елеңмен

жазылған   пьесасы   «Махаббат   комедиясы»,   қарасөзбен   жазылған   ұлттық-

тарихи   драма   «Тақ   үшін   күрес»   немесе   «Тәжге   үміткерлер».   Драмалық

поэмалары : «Бранд» және «Пер Гюнт», әлеуметтік-психологиялық реалистік

драмалары : «Қоғамның сандақтары»,  «Қуыршақ үй», «Елестер»,  «Халық

жауы». Реалистік типтендіру, аналитикалық композиция мәселелері. Ибсен

шығармашылығындағы   романтикалық   драма   мен   сатиралық   комедияжазу

ерекшеліктері.

Мартин Андерсон Нексе (1869-1954) - дат эдебиетіндегі жаңа реалистік

бағыттың   негізін   салушы.   Алғашқы   әңгімелер.   «Көлеңкелер»  жинағы.

Повестері:   «Өмір   бағасымен»,   «Ана»,   «Франк   жанұясы»,   «Шаң»,   «Пелле

жаулап   алушы»   романы   -   Данияның   тарихы,   әлеуметтік   өмірінің   кең

суреті.Нексе шығармашылығындағы халық өкілдері, фольклор дэстүрлері. 

Ұсынылатын әдебиет: [1], [3], [4]



4-тақырып Англия әдебиеті

Сыншыл   реализм   -   ағылшын   әдебиетіндегі   негізгі   бағыт.

«Неоромантизм», натурализм, эстетизм жәнет.б. ағымдардың пайда болуы.

Оскар   Уайльд   (эстетизмнің   теоретигі),   Р.Стивенсон(неоромантизм   өкілі),

Конан   Дойль   (детектив   жанрын   жазушы)   шығармашылық   ерекшеліктері.

Р.Киплинг, Т.Гарди, Дж.Голсуорси, Г.Уэллс шығармалары.

Бернард  Шоу (1856-1950) - ағылшын драмасындағы  жаңа кезең  өкілі.

Ағылшынның   әлеуметтік   драмасын,   интеллектуалдық   «дискуссиялық

драмалар» жасаудағы ролі.   «Ыңғайсыз пьесалар» «жаңа пуритандар» үшін

пьесалар.   Тарихи   тақырыптарды   интерпретациялау   («перінің   шәкірті»,

«Цезарь   мен   Клеопатра»).   Қорғансыздарды   қорғау   тақырыбы   («Майор

Барбара»),   «Пигмалион»   комедиясы.   Империалистік   соғысқа   қарсылық.

«Жүректі   жарақаттайтын   үй»   пьесасы.   Шоудың   элемдік   драматургияға

ықпалы.


Ұсынылатын әдебиет: [1], [2], [4]

5-тақырып. АҚШ әдебиеті

Сыншыл   реализмнің   американ   әдебиетіндегі   ерекшелігі.   Спенсер

позивитизмнінің сыншыл реалистердің шығармашылығына әсері.

Марк   Твен   (1835-1910)   -   АҚШ-тың   көрнекті   юморисі   мен   сатиригі.

Балалар   туралы   романдары:   «Том   Сойердің   басынан   кешкендері»,

«Геклберри Финнің басынан кешкендері». Тарихи романдары: «Ханзада мен

қайыршы»,   «Король   Артур   қорасының   жанындағы   янкилер».   Твен

памфлеттері.

Джек   Лондон   (1876-1916)   әңгімелеріндегі   бақыт,   өмір   үшін   күрес

тақырыбы. Солтүстікті романтикаландыруы : «Солтүстік эңгімелері», «Темір

табан»   романындагы   революционерлер   бейнесі.   Лондонның   Спенсердің,


Ницшенің   теорияларымен   шұгылдануы,   оларды   игеруі   мен   айыптауы.

(«Мартин Иден», «Теңіз қасқыры» романдары). «Ақ азу» анималистік повесі.

Теодор   Драйзер   (1817-1946)   -   американ   реалистік   эдебиетінің   басты

тұлғасы.   Жазушы,   көсемсөзші,   қоғамдық   қайраткер.   Драйзердің   «Нәзік

реализм»   бағытына   қарсы   күресі.   «Керри   қарындас»   романындағы

Американың элеуметтік тынысының шынайылықпен суреттелуі. Романдагы

даралық пен эгоизмді сынаушылық. «Дженни Герхард» романында әйелдің

моральдық   тазалығын   дэріптеуі.Драйзерге   Спенсер   теориясының   және

натурализмнің   ықпалы.   «Талек   ықыластардың   трилогиясы».   Каупервуд

бейнесі.   «Данышпан»   романындағы   суреткер   трагедиясы.   Драйзер

реализмнінің өзіндік ерекшеліктері.

Эрнест   Хемингуэй   (1899-1961).   Шығармаларындағы   соғысқа   қарсылық

тақырыбы.   «Қош   бол,   қару   жарақ»   романы.   Испаниядағы   антифашистік

күрес   туралы   «Қоңырау   кім   туралы   соғып   тұр»   романы.   Хемингуэй

-новеллист («Жаңбыр астындағы мысық», «Килиманджеро қары»), «Шал мен

теңіз»   повесі.   Өмірбаяндық   очеркі   «Сенімен   мэңгі   бірге   мейрам».

Антифашистік   романы   «Мұхиттағы   арал»   романындағы   шығармашылық

тұлға және адамдық парыз. Хэмингуэйдің әлемдік әдебиетке әсері.

Ұсынылатын әдебиет: [1], [5], [6]

6-тақырып XX гасырдыц соңындағы батыс эдебиеті

Америка   жазушысы   Уайлдер   Торнтон   Найвен   (1897-1975)

шығармашылығы.   «Каббала»   (1926)   романы.   «Король   Әулие   Людовиктің

көпірі» атты повесі үшін 1928 жылы эйгілі Пулитцер сыйлығын алуы. Дәл

осы сыйлықты 1938 жылы - «Біздің қалашық», 1943 жылы «Өлім өткелінде»

пьесасы үшін алуы.1965 жылы «Сегізінші күн» романы үшін ¥лттық медаль

алуы.

Америка   жазушысы   Сэлинджер   Джером   Дейвид   (1919)   шығармашылығы.



1940   жылғы   «Жас   азаматтар»   әңгімесі.   1951   жылы   жарық  көрген   «Жар

жағалаған   жалғыз»   романы   Америка   қоғамына   тағы   бір   «әлемді  сүлулық

қүтқарады» тәмсілін айтқан шығарма болды. Мүнда 15 жастагы Колфилдтің

үйінен қашып шығып, үлкендердің өміріне араласуы.Автор  жас  азаматтың

бейнесі   арқылы   «орта   америкалықтың»   екіүдай,   жылтырақ,   өткінші

дүниетанымына   сүлулыққа   құштарлықты,   табиғилықты,  арманшылдықты,

имандылықты қарсы қояды. 1955 жылы «Френни», 1961 жылы «Френни мен

Зуи», 1963 жылы «Ағашты жоғарылат, үста» повестерін жариялады.

1960 жылдардағы Латын Америкасы әдебиетінің өкілдері. Бразилиялық

Жоржи Амадудың «Қүм жагалаудың капитандары» романы.Романның басты

кейіпкерлері - қаладағы жасеспірімдер, панасыз балалар.

Аргентиналық   Хорхе   Луис   Борхес   модернизмі   -  суреткердің   ережелер

мен   тыйымдардан   босануы.   Борхес  -XX  ғасырдың   соңғы   ширегіндегі

постмодернизмнің   атасы.   Новеллалары:   «Түске   кірген   жолбарыстар»,

«Тұтқын»,   «делия   Элена   Сан-Марко»,   «Өлгендердің   диалогы»,   «Сюжет»,

«Бәрі   болғансың   -   ешкім   де   емессің!»,   «Борхес   және   мен»,   «Педро

Сальвадорес», «Қаскүнем әйел», «Лайықсыз», «Росендо Хуарестің оқиғасы»,


«Кездесу», «Хуан Муранья», «Қарт сеньора», «Ерекше бәсеке», «Ажалсыз»,

«Тірі өлік», «Саобаз бен түтқын әйелдің оқиғасы», «Тадео Исидоро Крустың

өмірбаяны»,   «Эмма   Цунц».   Жазушының   оқиғаны   баяндау   ерекшелігі,

шарттылықтар, философиялық сарын.

Хулио Кортасардың шығармалары. «Қуғыншы» хикаяты,  «Хронотоптар

мен   фамдар»,   «Бөтен   аспан»,   «Менадтар»   әңгімелері.Оның  суреткерлік

тәсілі.

Кубалық   Алехо   Карпьентер   шығармашылығы.   «Жер   патшалығы»



романы.

Ұсынылатын әдебиет: [1], [2], [6]



Әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1. Мұқажанова Р. Шет елдер әдебиетінің тарихы (ХІХ-ХХғғ). Оқу құралы.

Семей, 2007.-169 б.

2. Қобланов Ж.Т. Шетел әдебиетінің тарихы. Оқулық. Алматы: Қазақстан 

Республикасының жоғары оқу орындар қауымдастығы, 2011.- 376 б.

3. Әшімханова С. ХХ ғасыр Батыс Еуропа әдебиетінің тарихы. 2006.-198 

б.

4. Торнтон Уайлдер, Джерон Сэлинджер. Сегізінші күн.Жар жағалаған 



жалгыз. Астана,2005.

Қосымша әдебиеттер:

5. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы - Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011.

6. Фейхтвангер   Лион.   Испан   хикаясы.   Роман.   Астана:   Аударма,   2008.

– 464 б. Орыс тілінен аударған Хажымұрат Сыздықов.  



Document Outline





©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал