Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012



Pdf көрінісі
бет144/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   196
АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012
келіп, күліп жіберіп: Жүз сом, білдің бе? – деп тілмашты арқаға қақты. – Жүз 
жиырма бес, тақсыр, – деп, тілмаш сылқ-сылқ күлді”. Жазушы Жебірбаевтың 
мінез-құлқын осы тұста анық көрсеткен. Жебірбаевтың адалдықты сөйлемейтін, 
сыртқы тұлғасына ішкі жан дүниесінің үйлесе біткендігі көрінеді. 
Көркем шығармадағы негізгі айшық – адам образы. Жазушы өз шығармасында 
талай адамдарды сахнаға шығарады. Бұл образдар бір-бірімен байланысқан, 
бірінсіз-бірінің “мені” толық ашылмайды [3, 23 б.]. Осындай образдар бір-бірімен 
ашылатын тұс повесте байқалады. Мәселен, Ақжелке мен оның жанындағылары 
арқылы ауыл ақсақалдарының бейнелері толық ашылады. Шығармадағы ел 
жанашырларының бірі – Әубәкір шығарманың басынан соңына дейін қатысатын 
кейіпкер. Ақжелке жарлықты жариялағаннан кейін үнсіз, үндемей қорғалақтап 
отырған болыстардың арасынан сөз сөйлеген Әубәкір болды. Ол шығармада бы-
лай беріледі: “...Түсі әлдеқашан ашу шақырған кісі сияқтанып сұрланып, екі көзі 
қанталап, екіленіп қатты сөйлейтін. Ұлықтан да онша көп ығып жасқанбаушы 
еді. Сондықтан Ақжелке алдында бір-екі кездескенде бұны белгілеп алып, жек 
көріп қалғандай болатын. Майдаламайды, жорғақтамайды. 
Әубәкір малдас құрып отырған жерінен көтеріліп, жүгініп алды да: – Жарлық 
сөзін ұлық айтып тұр. Біз бұл сияқты бұйрық жарияланатынын білгеміз жоқ. 
Төбеден жай түскендей жаңа ғана естіп отырмыз. Бұл не қылса да, қазақ 
баласының бұрын естіп, біліп көрмеген құқайы. Не дейтінін біз білеміз бе? Ел-
мен сөйлеспей не айтамыз? Бірнәрсе деуден бұрын елмен тілдессек екен” [2, 
234 б.]. Әубәкір елмен ақылдасу керек екендігін ғана айтады. Отырғандардың 
аузына түспей, айталмаған ойын автор Әубәкірге айтқызады. Әубәкірдің сөзінен 
соң даурығып, қобалжып есін жоғалтқандар есін жиып кең тыныс алды. Жазушы 
Әубәкірді жұртқа жалтақтамай, шындықты сөйлейтін ер мінезді адам ретінде 
бейнелеп көрсетеді. 
Әубәкірдің бойындағы мінезінің ұстамдылығын жазушы түрмеге іздеп келген 
әйелімен кездескендегі диалог арқылы айқынырақ байқатады. “...Күніне бір-ақ 
мезгіл бір ғана кісі көрісуге болушы еді. Сол кеңшілдікті пайдаланып, Әубәкірдің 
артынан іздеп келген қатыны кірген екен. Алыстан байын көрісімен, бұндай 
сұмдықты бұрын басынан атқармаған момын, әлсіз әйел жалғыз сүйеніші екі көзі 
болып, мөлтілдеп жас ағызып, амандаспастан даусын шығарып та жылауға айна-
лып еді. Әубәкірдің өзіне де бұл көрініс қатты әсер етті. Ерекше босаңсып еріп 
бара жатқандай болды. Ішіне ыстық шоқ тастаған сияқты. Күйік, амалсыздық 
дерті білінді. Бірақ, сол жайды байқаған сайын өзін тез іркіп, тоқтатып алу керек 
еді. Басынан сөйтпекке бекінген. Сол себепті жылап тұрған қатынына жақындай 
бере амандаспастан: – Жылама, көз жасыңның мұнда тиынға да керегі жоқ. Жы-
лайтын болсаң, қайт қазір! – деп, өзі де бір тамшы сұп-суық жасын іркіп алып: 
– көп сөйлесуге мезгіл емес ...Балаңды да, өзіңді де бір Аллаға тапсырдым. Бар! 
Қайт!... Қош! Құдайға аманат! – деп қатынын сөйлетпестен қайта айналып жүріп 
кетті. Осы тұста автор Әубәкірді қатты толқыған, тебіренген сәтін аңғартады”.
Повесте кейіпкерлерді қоршаған табиғат бар. Қаламгер бұл көркемдік 
154




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет