Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


Алпысбаев Қ. Ежелгі дәуір әдебиетін зерттеудегі профессор Б.Кенжебаев



Pdf көрінісі
бет34/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

Алпысбаев Қ. Ежелгі дәуір әдебиетін зерттеудегі профессор Б.Кенжебаев...
Б.Кенжебаев қазақ әдебиеті тарихының бастау көзі ретінде VI-IХ ғасырдан 
жеткен түркілік ортақ дәуірдегі жазба ескерткіштерді меже етіп алса, Немат 
Келімбетов аталған ғылыми мектеп бағытын одан әрі дамыта жалғастыра оты-
рып, «Сақтардың қаһармандық дастандары», «Алып Ер Тоңға» дастаны, «Шу» 
дастаны, «Ғұндардың батырлық жырлары», «Оғыз-қаған» дастаны, «Аттилла» 
дастаны, «Көк бөрі» дастаны, «Ергенекон» дастаны, Көк түріктердің ерлігі ту-
ралы «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары, «Қорқыт ата кітабы», «Авеста-
қасиетті жазбалар жинағы» туралы тарихи-дерекнамалық, мәтіндік талдаулар 
барысында бұл жәдігерлердің түркі халықтарына ортақ мұра екенін, сондықтан 
қазақ әдебиеті тарихының да бастауы болатынын ғылыми саралап берді. 
Қазақ тарихының бастау көзі сақ, үйсін, ғұн, түркі болып жалғасатын болса, 
онда сол дәуірлерден жеткен әдеби жәдігерлер де олардың бүгінгі ұрпақтары 
болып есептелетін халықтардың қай-қайсысының да өз мұрасы ретінде иеленуге 
қақысы бар деп ойлаймыз. Сондықтан, Немат Келімбетовтің «Алып Ер Тоңға», 
«Шу батыр», «Атилла», «Көк бөрі», «Ергенекон», «Күлтегін», «Тоныкөк» сияқты 
сақтардың, ғұндардың, түркілердің қаһармандық дастандарын қазақтың да 
көнеден жеткен рухани мұрасы ретінде бағалауы, қазақ әдебиеті тарихының да 
бастау көзі деп қарауы заңды тұжырым. Н.Келімбетовтің зерттеушілік талантын 
көрсететін, ғылымға қосқан ерекше үлесі, әкелген тың жаңалығы оның диссер-
тация жазу барысында бұрын аттары ғана белгілі болып келген, ал негізгі мәтіні 
жоғалған сақтар мен ғұндар дәуірінің «Алып Ер Тоңға», «Шу батыр», «Атилла», 
«Ергенекон» сияқты төрт дастанын сақталып қалған үзінді-жұрнақтары бойын-
ша қайта құрастырып, ғылыми айналымға енгізуі еді. Құрастырып қана қоймай 
сақтар мен ғұндардың осы қаһармандық дастандары мен қазақтың батырлық жыр-
лары арасындағы ұқсастықты, сабақтастықты әдеби, тарихи, тілдік, модельдік, 
стильдік тұрғыдан дәлелдеп шығуы қазақ әдебиеттану ғылымын жаңа өрістерге 
бастаған жаңалық деп бағалауымыз керек. 
Осылайша ғалым көп уақытқа дейін мамандар арасында дау туғызып, та-
лай пікір-таластың тақырыбы болған, ХХ ғасырдың 70-жылдарына шейін оң 
шешімін таппай келген, тек Қазақ мемлекеттік университетіндегі Б.Кежебаев 
бастаған Х.Сүйіншәлиев, М.Жолдасбеков, М.Мағауин тәрізді қазақ әдебиеті 
кафедрасының ғалымдары құрастырып шығарған «Ежелгі әдебиет нұсқалары» 
атты хрестоматиядан кейін орныға бастаған қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу 
мәселесі бойынша тиянақты жүргізген зерттеулері барысында Б.Кенжебаев 
идеясын дамыта түсті. Сөйтіп, Б.Кенжебаев, Х.Сүйіншәлиев, М.Жолдасбеков, 
М.Мағауин, А.Қыраубаеваның еңбектері арқылы дәлелденген қазақ әдебиетінің 
VІ ғасырдан басталатын тарихы Н.Келімбетов зерттеулерінің нәтижесінде б.з.д. 
әдеби жәдігерлерге табан тірей бастады. Бұл құбылыс, әсіресе, «Сақтардың 
қаһармандық дастандары» деген тақырып аясында «Томирис», «Шырақ», «Алып 
Ер Тоңға», «Шу» атты дастандарға талдау жасағанда айқын байқалады. Бұл 
қазақ әдебиеттануы ғылымындағы көрнекті жаңалық екені даусыз. Ғалымның 
іргелі зерттеулерінде талданатын шығармаларға арқау болатын тарихи дәуір 
41




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет