АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012
ұғымдардың ішкі мазмұнына үңіледі. Әрқайсысының тарихтағы, қоғамдағы
салмағына, олардың әрқайсысының атқаратын миссиясына әлеуметтік-рухани
талдау жасайды.
«Туған ауылының, тұрған жерінің жоғын жоқтап, қамын ойлап, жан-тәнімен
қарбаласып жүрген егде жастағы ер азаматты «қария» дегеніміз жөн сияқты.
Қазақ дейтін тұтас қауымды бөліп-жармай, бүкіл елдің қамын ойлау
дәрежесіне дейін көтерілген құрметті қартты «ақсақал» деуіміз керек», - деп ой
түйеді.
Даналыққа, парасат биігіне көтеріле алмай, пұшайман күй кешетін, қараптан-
қарап жүріп жау іздейтін, жұрттың жағасынан алатын, ұяттан, ардан безген
қаншама кәрі адамдардан біздің қоғам зардап шегетінін жазушы бүркемелемей,
ашық айтады. Ал енді, даналыққа, парасат биігіне қол жеткізген, тұтас бір елдің
қамқоршы абызына, ел ағасына айналған, кемеліне келіп, береке-бірліктің қамын
ойлаған қаншама қадірлі қариялардың өмір тарихы да кітап бетінен орын алған.
Тереңіне үңіліп, байыппен бағалай білгенге бұл кітаптағы қаламгер ой-
пікірлері де бәсі озық, өресі биік толғамдар екендігін анық аңғарамыз. Түйіндей
айтқанда, аталған кітабында ойшыл қаламгер, шынайы ғалым, зерделі зерттеуші
биік қоғамдық-әлеуметтік, көркемдік-танымдық жинақтауларға көтеріледі. Де-
мек, профессор Немат Келімбетовтің қаламынан қалған мол мұра әлі де талай
жылдар буын-буын ұрпағымыздың баға жетпес байлығы, яғни мәңгілік рухани
байлығы болатынына көзіміз толық жетеді.
38
Алпысбаев Қ. Ежелгі дәуір әдебиетін зерттеудегі профессор Б.Кенжебаев...
Қ.Қ. АЛПЫСБАЕВ
ЕЖЕЛГІ ДӘУІР ӘДЕБИЕТІН ЗЕРТТЕУДЕГІ
ПРОФЕССОР Б.КЕНЖЕБАЕВ ҰСТАНЫМЫНЫҢ
Н.КЕЛІМБЕТОВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕ ЖАЛҒАСТЫҚ ТАБУЫ
Осыдан жарты ғасыр бұрын ғана қазақ әдебиеті ХVIII ғасырдан, Бұқар жырау
шығармашылығынан басталады деген қағидаға негізделген ұлттық әдебиеттану
ғылымымыз халық тарихының шындығына арқа сүйеген озық идеялы, азат са-
налы ғалымдарымыздың қайсарлықпен атқарған іс-әрекеті, тер төге жасаған
ғылыми ізденістерінің нәтижесінде әдебиет тарихының басталу кезеңдері
жөнінде жаңа сатыға көтерілді. Пайымдаудың тар шеңберінен шығып, ортақ
мұраға тән сипаттарды айқындап, соған орай ұлттық әдебиетіміздің бастау көзі
де сол ортақ мұраға барып тірелетінін дәлелдейтін жаңа көзқарастар қосылу ба-
рысында тың идеялар жүзеге аса бастады. Соның жарқын бір айғағы ретінде
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті түркітанушы, филология
ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Гуманитарлық Ғылымдар академигі,
жазушы, философ, Күлтегін және Франц Кафка сыйлықтарының лауреаты Не-
мат Келімбетовтің ғылыми еңбектерін айта аламыз.
Бұл орайда өткен ғасырдың екінші жартысына дейін әбден орнығып қалған
әдебиет тарихын дәуірлеудің тар шеңберлі қасаң қағидасына қарсы бағытталған
қазақ әдебиетінінің бастау көзін Бұқар жыраудан емес, түркі халықтарына ортақ
дәуір аясында қарастыру көзделген профессор Б.Кенжебаев бастамасын алды-
мен ауызға аламыз.
Қазақ ССР ғылым академиясының ұйымдастыруымен 1959 жылы 15-19 мау-
сым аралығында өткен «Әдеби мұра және оны зерттеу» атты қазақ әдебиетінің
негізгі проблемаларына арналған әйгілі ғылыми-теориялық конференцияда
кейбір жоғары лауазымды ғалымдар тарапынан қолдау таппай, соның салда-
рынан конференция ұсыныстарының қатарына енбей қалуына қарамастан про-
фессор Б.Кенжебаев өз бастамасынан, ғылыми орта назарына салған өзінің
әдебиет тарихын дәуірлеуге қатысты негізгі идеясы мен ұсынысынан бас
тартқан жоқ. Қайта конференциядан кейін бұрынғыдан да серпінді түрде өз
идеясының дұрыстығын дәлелдеу бағытында жұмыс жасады, кешенді түрдегі
зерттеу әрекетіне кірісті. Әдебиет тарихын жүйелі бағытта зерттеудің жаңаша
бағдарламасын жасап, әр кезең әдебиетін жеке тақырыптар бойынша, әрқайсысы
өзіндік жеке мәселелерді қозғайтын ауқымда жоспар құрды. Осы жоспарға сәйкес
өзі басқаратын кафедрада бірге қызмет істейтін іні әріптестеріне, университет
қабырғасында өзі тәрбиелеген шәкірттеріне әр кезең бойынша зерттеу жүргізуге
бағыт-бағдар берді. Ұлы ұстаз бұл ұстанымын әр буын шәкірттерін араластыра
отырып жалғастыра берді. Сөйтіп, бүгінгі таңда қазақ әдебиеттану ғылымында
39
|