Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012



Pdf көрінісі
бет47/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012
М.Қ. ЕСКЕЕВА 
КӨНЕТҮРКІЛІК ТІЛДІК ТҰЛҒА
В статье сквозь призму «языкового сознания» анализируется древнетюркская 
языковая личность, выявленная на основе содержания и языка Орхонских текстов, 
их личностное содержание и качественная роль рассматривается в аспекте пан
-
тюркизма и общетюркской картины мира.
Makalede Orhon yazıtları içeriği ile dil özellikleri esasında eski türk dili şahısları 
“dil kavramı” prizması genelinde incelenir, onların şahsi özellekleri ile varlıkları genel 
türklük dünya anlayışı esasında incelenir.
The article analyses Old Turkic linguistic individual through the prism of “language 
consciousness” revealed on the base of content and language of the Orkhon texts. Their 
individual content and quality significance are considered in the aspect of Panturkism 
and common Turkic worldview.
Белгілі бір тарихи кезеңнің қоғамдық өмірінде қалыптасқан ұстанымдар 
мен құндылықтар жүйесін сипаттайтын жазба мұралар тілін дүниетанымдық 
тұрғыдан саралаудағы маңызды мәселелердің бірі – әр дәуірге тән идеялық 
құндылықтарды тірі сана арқылы сүзгіден өткізетін 
тілдік тұлға 
проблемати-
касы. Жазба мұралардың рухани-мәдени құндылығы мен тарихи-ақпараттық 
әлеуеті, көркемдік деңгейі көне жәдігерді өмірге әкелген шығармашылық иесінің 
дүниетанымдық білімімен, тілдік санасымен сипатталатындықтан ескерткіштер 
мәтіні арқылы тілдік тұлғаны тану ең алдымен автордың тілдік тұлғасын сара-
лаумен ұштасады. Саналы адамзат тарихының алғашқы кезеңдерінен бастала-
тын дүниенің ақиқат болмысын тануға деген адам баласының құлшынысы мен 
«білсем деген» ынтасы олардың тілі арқылы таңбаланып келеді. Танымдық іс-
әрекеттің белсенді формаларының бірі – тіл ғалам бейнесін сомдаудың ғана емес 
адамның өзін-өзі тануының, өзін өзгеге танытудың да белсенді әрі негізгі құралы. 
Соған орай, адам мен оның тілі бөле-жарып қарауға келмейтін құбылыс ретінде 
өзектеліп, тілдегі адам факторына ерекше назар аударылуы дүниетанымның 
ядросы болып табылатын тілдік тұлға немесе тірі сана мәселесін жан-жақты 
зерттеудің қажеттілігін туындатып отыр. Тілдік тұлға ұғымы философиялық
психологиялық категория – тұлға ұғымының мәндік сапаларына жатады, соны-
мен бірге өзіне тән ерекшеліктерімен де дараланады. 
Философтар 
Адам
феноменінің сапалық, мәндік сипаттамасын беруде 
жеке 
адам, тұлға, даралық
тәрізді ұғымдарды қолданады. Адам жалпыадамзат 
тегінің жекелеген өкілі болғандықтан жеке адам/индивид түрінде қарастырыла 
отырып, бүкіл адамзатқа ортақ жалпылама белгілермен қатар, өзгелерден 
54




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет