Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


Егізбаева М.Қ. Түркі халықтарының дәстүрлі тағамдану жүйесіне



Pdf көрінісі
бет155/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   196
Егізбаева М.Қ. Түркі халықтарының дәстүрлі тағамдану жүйесіне ...
жүйесi [2, 3-18 бб.]. ШМТ-тiң қайсысы болсын табиғи ортамен болатын қоян-
қолтық байланыс барысында бiртектi этникалық нышандарды бойына жинай-
ды. Осыдан келіп этникалық бітім айқындалып, сан-салалы мәдени айғақтар 
саралана бастайды. Осы орайда, оның екi жақтылығы, яғни табиғат пен адам 
тарихтарының бiр-бiрiмен өте тығыз сабақтастығы және өзара себеп-салдарлық 
байланысы маңызды орын алады. Этникалық дәстүрдегi шаруашылық болмысы 
материалдық және рухани мәдениеттiң оңтайлы сұлбасын жасайды. Осындай 
факторлар мен оның даму бағдарына байланысты оның тарихи-этнографиялық 
аймағы дараланады [3, 3-17 бб.]. 
Осы қағидаға сүйене отырып, жалпы ас мәзірінің (меню) этномәдени 
түрлеріне тоқталсақ, оның көшпелі түріктік және жер өңдеуші ирандық түрлері 
болады. Бірінші түрдің негізгі элементі пісірілген ет пен қышқыл сүт өнімдері 
болды. Ол қазақ, қырғыз, түрікмен, қалмақ, монғол және т.б. Евразия даласының
көшпелі халықтарына тән. Екінші түрдің негізі - палау мен май. Бұл түр тәжік, 
парсы, өзбек, ұйғыр және т.б. жер өңдеуші халықтар арасында тараған. 
Тағамның осы аталған этномәдени түрлерінің біріншісіне жататын көшпелі 
түріктік тобына тоқталсақ, оның ішінде қазақ халқының негізгі шаруашылығы 
мал шаруашылығы болғандығын олардың тағамынан көруге болады. Олардың 
негізгі тамағы ет және әр түрлі сүт тағамдары болды. Одан кейінгі орнында 
ұннан жасалған тағамдар қолданылды. Тек мал саны аз кедей қазақтарда ғана 
егіншілік өнімдерін (ұннан жасалған) тағамға жиі пайдаланылды. Қыста қазақтар 
негізінен етпен және ұннан жасалған көже, таба нан, бауырсақ, салма, төңкерме, 
ботқа сияқты тағамдармен қоректенді, ал сүт тағамдарынан құрт, ірімшік, еге-
жей, майды пайдаланды. Ірімшіктен қоспа, жент дайындайтын. 
Түрікмендер
жылдың көп мезгілінде сүт тағамдарынан қатық, сүзбе, айран-
ды қорек етті. Қой мен ешкі, сиыр сүтін, түйенің шұбатын пайдаланады. Нан 
тағамына бауырсақ, қаттама, шелпек жатады. Ыстық тағамы – ет қосқан сорпа, 
қуырдақ (говурма), палау, кеспе көже, тұшпара [4, 78 б.; 5, 123 б.]. 
Башқұрттардың
ұлттық тағамдары да қазақ халқының ұлттық тағамдарына 
ұқсайды, оларға айран, құрт-ірімшік, қаймақ, қымыз және т.б. жатады. Бишбармақ, 
құлдама, салма, чурпаря аталатын тағам түрлері де бар. Қазіргі кезде қазақтар да 
«етті» «бешбармақ» деп атап жүр. Бірақ, қазақ ет асқанда ешқашан бешбармақ 
деп атамаған, асылған етті «ет» деп атаған. 
Қырымдағы түрк халықтарының ішіндегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет