қырым татарларының
тағамына
келсек, XIV ғасырдың аяғында И. Шильтбергер «Қырымның далалық аймағының
тұрғындары нан жасайтын өсімдіктерден тарыны ғана егеді және нан жемейді,
шарап ішпейді, оның орнына жылқы мен түйе сүтін ішеді. Сүттен басқа осы
жануарлардың етімен қоректенеді» – деп жазады (Путешествия... 1867, 55 б.).
Бұдан көретініміз, қазақ және өзге де түркі халықтары сияқты қырым татар-
лары негізгі тағам ретінде жылқы еті мен сүтті пайдаланған және нан жеме-
ген. Туша етті жіліктеген соң оны сумен жумаған, себебі жуылған ет өз дәмін
жоғалтады деп есептеген (шығыста бұл дәстүр әлі күнге дейін сақталған).
165
АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012
Тушаның бір бөлігін асуға алып қалса, екінші бөлігін қуыратын болған. Етті асу
барысында көбігін кішкене шыбықтармен алып отырған. Сонымен қатар, балдан
масайтатын сусын дайындаған (Путешествие Амвросия Канторини, 1836, 90-91
бб.).
М. Броневскийдың (1578 ж.) айтуынша, татарлар жылқы, түйе, сиыр, қой
еттерін тамаққа пайдаланған [6, 143-144 бб.].
Ал Қырымдағы түркі халқының бірі
қарайымдардың
ас тағамдары басқа да
түркі халықтарымен ұқсас келеді, яғни, негізінен тағам түрлері ет тағамдарынан
құралып, қой еті кеңінен қолданылды.
Қойдың етін қайнатылған, қуырылған және т.б. түрінде пайдаланды. Қазақ
халқы сияқты сыйлы қонаққа қайнатылған қойдың басын (басчых) ұсынады [6,
165 бб.].
Сібірдегі түркі халықтарына келетін болсақ,
хакастар
басқа Оңтүстік
Сібір және Орталық Азия халықтары сияқты қыста етпен, ал жазда сүт
тағамдарын тұтынған. Олардың тағам түрлері мен тағамға қатысты ырымда-
ры қазақ халқының әдет-ғұрыптарына ұқсас болып келеді. Қыс кезінде соғым
ретінде жылқы немесе ірі қара мал, оған қоса отыз шақты қой сойған. Малдың
сүйектерін сындыруға болмаған. Сүйекті сындырған жағдайда үй иесінің бағы
кетеді деп сенген. Қазақтардағыдай соғым сойылған күні жас еттен дәм татуға
қонақ шақырады, сол күні еттің ең жұмсақ тәтті бөліктерін пісіреді. Дайын
тағамның иісіне аруақтар «тояды» деп сенген және үй иесі табақты үш рет
жоғары көтеріп аруақтар рухына тағзым еткен. Хакастар да Оңтүстік Сібір
және Орта Азия халықтары сияқты дастархан басында етті бөліп, таратқан. Ең
құрметті қонаққа құйрық майын берген. Бұл ең басты бөлігі болып есептелінген.
Үй иесіне мойын омыртқасын берген. Сыйлы қонағына жауырын берген, ал оны
әйел адамдарға беруге тиым салған. Ал қойдың төсін ең сыйлы қонағына немесе
бас құдағиына ұсынған, ал ер адамдарға оны жеуге болмайтын. Малды сойған
адамға қойдың кеудесін берген, оны отқа қақтап, қуырып жеген. Ер адамдарға
жүректі жегізбеген, жеген жағдайда қорқақ болады деп ырымдаған. Есесіне ер-
кектер ең соңғы сүбе қабырғаны алды. Себебі, әйелдерді ерлердің қабырғасынан
жаратқан деген аңызға хакастықтар да сенді. Қазақ халқындағы сияқты малдың
кейбір бөліктерін тек бір адам ғана жеуі тиіс болды. Мысалы, қойдың жағын екі
адам жесе олар, өмір бойы жауласып өтеді деп есептеген, малдың көзін де екі
адам бөліп жемеген. Жауласқан адамдарды хакастықтар сиырдың екі көзін бөліп
жеген деп санаған [7, 87 б.].
Көктемге дайындайтын етке жылқының жарты етін тұздап, сарымсақ мен
бұрыш қосып бөшкелерге жауып тастаған. Ал сәуір айында сақталған еттерді
асып жеп, биікке іліп кептірген. Хакастықтар әр түрлі ет сорпаларын көптеп да-
йындайды. Оларға арпа, жарма сорпаларын да жатқызуға болады. Хакастықтарда
басқа мал шаруашылығымен айналысатын халықтар сияқты сүт өнімдерін
тұтынған. Сүт өнімдерін
ак тамак
деп атады. Аққа ерекше құрметпен қараған.
Мысалы, сүтті жерге немесе суға төксе, малдың сүті кемиді деп сенген.
166
|