Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012



Pdf көрінісі
бет3/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012
Немат Келімбетовтің шығармалары басқа тілдерге де аударылды, әлі де ауда-
рылу үстінде. Ал бұл тұрғыда айтарымыз қазір ғалым мұрасы жалпытүркілік, қала 
берді жалпыадамзаттық игіліктерге айнала бастады. Түркі халықтарының ортақ 
мәдениетін, тарихын, дүниетанымын пайымдауда таптырмас оқу құралдарына 
айналды. Демек, Немат Келімбетовтің рухани кеңістігі күн санап артуда. Ғалым 
мұрасының өміршеңдік сипаты да осында. 
Құрметті ғалымдар!
Бүгін түркітану ғылымының өзекті мәселелері Немат Келімбетов 
шығармашылығы арқылы тарқатылып, өзінің ғылыми әділетті бағасын ала
-
тынына сенімдімін.
Конференция жұмысына табыс тілеймін!
6


Ыбыраев Ш.Ы. Түркілік мұраның түгендеушісі
Ш.Ы. ЫБЫРАЕВ 
ТҮРКІЛІК МҰРАНЫҢ ТҮГЕНДЕУШІСІ
Зайырлы қоғамда әлмисақтан бері ғалымның орны бөлек болған. Ғалым қоғам 
тынысын, онда орын алған әлеуметтік, саяси, мәдени, рухани, экономикалық, 
т.б. құбылыстарды көре отырып, бақылап, соларға баға беріп, қоғам дамуының 
болашағын бағамдайтын әулиелік қасиет танытқан. Сондықтан ғалымның 
кітабы – тарихтың тәжірибесі, бүгіннің тынысы, болашақтың бағыты. Біз бүгін 
көне заманда жасаған тарихи тұлғаларымызды еске алғанымызда, ең алды-
мен, ғалымдарымызды атаймыз. Өйткені, ғалымын ұлықтаған, оның сөзіне
жазғанына мән берген қоғамның болашағы баянды, ғұмыры ұзақ болған. Қазақ 
қоғамында ғалым адам деп кез келген оқыған, хат таныған кісіні атай берме-
ген. Ғалым деген құрметті есіммен жазғаны мен жасағаны ел игілігін арттырған, 
ашқан ғылыми жаңалығы қоғам қажеттілігін өтеген, ең бастысы, сөзі уәлі, өзі 
қадірлі, еңбегі бағалы зиялы кісіні атаған. «Болмасаң да, ұқсап бақ, бір ғалымды 
көрсеңіз» деген кемеңгер Абайдың дана сөзіндегі ғалымның мағынасы – кең 
ұғым. Мұндағы ғалым атауы – біздің бүгін айтып жүрген ғалым деген сөзіміздің 
мазмұнынан терең түсінік.
Немат Келімбетов – сондай сирек санатқа жататын нағыз мағынасындағы 
ғалым адам. Немат ағамыздың қазақ әдебиеттану ғылымының өркендеуіне 
қосқан үлесі зор. Ғалымның қазақ әдебиеті тарихының мезгілдік жағынан 
тереңдеуіне, кеңістік жағынан кеңеюіне, жаңа есімдермен, жаңа шығармалармен 
молаюына орасан еңбек сіңіргенін зиялы қауым жақсы біледі. Ол өзінің «Шәді 
ақын» (1974), «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі» (1986), «Түркі халықтары 
әдебиеті» (1986), «Шығыстың классикалық поэзиясы және қазақ әдебиеті» 
(1989), «Ежелгі дәуір әдебиеті» (1991), «Қазақ әдебиеті бастаулары» (1998), 
«Ежелгі түркі поэзиясы және қазақ әдебиетіндегі дәстүр жалғастығы» (1998), 
«Көркемдік дәстүр жал ғастығы» (2000), «Ежелгі дәуір әдебиеті (Қазақ әдебиеті 
бастаулары)» (2005), «Ежелгі әдеби жәдігерліктер» (2005) кітаптарында қазақ 
әдебиеттану ғылымының аса күрделі, бірақ бағасы жоғары, бәсі биік саласы – 
сыры ашылмаған әдебиет тарихының құпияларын зерттеуге құлшыныс жасады. 
Иә, құлшыныс деп отырғанымыз – бұл теңіздей терең тақырыпты бір емес, тұтас 
бір халықтың мамандары сан уақыт зерттесе де, тауыса алмайды. Ал Немат 
ағамыздың осы саланы зерттеудегі тарихи орны – оның алғашқылардың бірі бо-
лып айтылмай жатқан, ғылыми айналымға енбеген, оқулықтарға кірмеген ежелгі 
төлтума рухани мұраларымызды біздің тарихымызбен сабақтастырып, оларды 
әдеби, мәдени жәдігерлеріміз деп дәлелдегендігі.
Қазақ топырағында ежелгі әдебиет тарихын зерттеушілер есімі көрсетілгенде, 
ең алдымен, ардақты ғалым Бейсенбай Кенжебаевтың аты аталады. Әдебиет 
тарихы бойынша зерттеу концепциясын қалыптастырып, Х.Сүйіншәлиев, 
7




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет