Əфсаналар бұҚар жырау мен қаз дауысты қазыбек



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата08.01.2017
өлшемі6,35 Mb.
#1460
1   2   3   4   5   6   7

ӨҢДЕЛГЕН ТЕРІ АТАУЛАРЫ

Қайыс – иленіп, өңделген түрі; таспа – иленген, тақыр теріден тіліп алынған қайыс; 

үйек – ірі қараны үйектеп сойып, бөлек тіліп алынған бір қарыс шамасындағы бауыр 

терісі;  опайке – бұзау терісі; былғары – жылқы, сиыр терісінен өңделген тері; көзел 

– иленген ешкі терісі; жұмсақ иленген қой-ешкі терілері – шегірен; аса жұқа теріден 

иленгені сақтиян; жақсы иленген, жұқа, əдемі құрым (хром)көн – малдың (аңның) 

иленбей кептіріліп қатты күйге түскен терісі; ұлтан – өгіз терілерінің сауырынан 

иленген, шымыр да қатты былғары; сірі – етіктің өкшесіне қағылатын қатты көн; 



жарғақ – жүнін тақырлап қырып тастаған, иленген, өңделген тері жəне құлынның 

жүнін түсірмей өңделген терісі жəне т.б.



460

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР

Ағашты өңдеп, одан түрлі бұйым жасайтын адамдарды ағаш 

ұстасы, ағаш шебері, ағаш оюшы, сондай-ақ кəсібіне қарай үйші, 

ерші, саз аспабын жасаушы, т.б. деп атай береді.

Ағаш шеберлері ағаштың ерекшеліктерін, əр ағашқа тəн 

қасиеттерді жақсы білген. Олар ағаштың қаттылығы, 

тығыздығы, иілгіштігі, серпімділігі, түсі, дəмі, салмағы, 

тұтқырлығы, жарылғыштығы, шайырлығы, дыбыс өткізгіштігі, 

т.б. қасиеттеріне байланысты белгілі бір заттар жасауға 

пайдаланған.

Алдымен ағаш шебері қажетті ағашты даярлап алады. Ол үшін 

таңдап кесіп алынған ағашты дұрыстап кептіреді. Кептіргенде 

күн көзі ағашқа тура түссе, ағаш жарылып, іске жарамсыз болып 

қалады. Сондықтан халық шеберлері ылғал ағаштың қабығын аршып, 

өне-бойын тұтастай сиырдың жапасымен сылап, көлеңке жерде 

кептірген. Кейде қабығы аршылған ағаш діңін көңнің арасына, құрғақ 

құм, топырақ, ағаш үгіндісі мен құрғақ жапыраққа көміп қойып та 

кептірген. Байырғы шеберлер ағаш неғұрлым ұзақ кепсе (сақталса), 

соғұрлым сапасы жоғары болады деп есептеген. Ағашты жарып 

алмау, шірітпеу, құрттарға жегізбеу жағы ескерілген.

Большая казахская маска 

Ахметов Булат

Дайын ағашты одан əрі өңдеу үшін түрлі құрал-саймандарды пайдаланған. Сол 

жабдықтар арқылы ағаш ұсталары кесу, шабу, қию, жону, керту, ою, оймыштау, 

қырнау, қыру, тесу, сүргілеу, тілу, қару, бояу, жылтырату, сырлау, шегелеу, желімдеу, 

т.с.с. жұмыстарды жүргізген.

Саз аспаптарын дыбыс өткізгіштік қасиеті жоғары ағаштардан жасайды. Ондай 

ағаштарды шеберлер тілімен «шешен ағаштар» деп атайды. Саз аспаптарының 

құлағын ырғай, шырғай, тобылғы, т.б. қатты ағаштардан əзірлейді.

АҒАШ ТҮРЛЕРІ

Ағаштардың ішіндегі ең «шешені, сөйлегіші» қарағай саналады. Қарағайдан 

домбыраны тұтас шауып та жасайды немесе басқа ағаштан шабылған домбыраның 

қақпағын міндетті түрде қарағайдан салады. Шеберлер сан жылдаған тəжірибенің 

нəтижесінде қарағайдың тербелу арқылы дыбыс шығару қабілеті өте жоғары екендігін 

дөп басып таба білген. Əдетте, халық шеберлері домбыра жасау үшін таудың теріскей 

беткейіне (қапталына) өскен қарағай діңінің солтүстікке қараған жағындағы жартысын 

пайдаланады. Өйткені ағаш діңінің солтүстік бағыттағы жартысында шайыры аз, бұтақ 

өспейді, жылдық сақиналары жиі орналасады, сондықтан оның дыбыс шығару қасиеті 

жоғары болады.



АҒАШ ӨҢДЕУ ШЕБЕРЛІГІ

461

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР

Үйеңкі – қатты əрі тығыз ағаш. Сүрегі біртекті ақ 

сарғыш түсті болып келеді. Домбыраны үйеңкіден 

тұтас шауып немесе құрап əзірлеуге де болады. 

Үйеңкі – музыка аспаптарын əзірлеуге өте қолайлы 

ағаш.

Емен – өте қатты, тығыз, берік ағаш. Ағаш 

сүрегінің түсі сарғыш қоңыр болып келеді. Емен 

ағашынан бұйымдар жасағанда өте абай болу керек. 

Себебі емен өте жарылғыш келеді, сақтықпен 

кептірмесе, өзегін қуалай шытынап, жарылып 

кетеді. Еменнен жасалған музыка аспабы өте əдемі 

болады, ұстала келе табиғи өрнектері ашылып, 

жылтырай береді.



Қайың – сүрегі біркелкі ақ түсті, қатты ағаш. Қайыңның безінен жасалған бұйым 

əдемілігімен, беріктігімен ұтымды. Ол күнге қаңсымайды, ыстық-суыққа төзімді 

болады. Қайыңның тозын музыка аспаптарына қап жасау үшін пайдаланады.

Терек – сүрегі ақ түсті, жұмсақ ағаш. 

Бабымен кепкен терек көп жарылмайды, 

кепкен сайын киізденіп қатая түседі. 

Теректі зімпарамен өңдесе түгі шығып 

тұрады. Сондықтан шеберлер теректен 

бұйым жасағанда өткір сайманмен 

өңдеп қана қояды.

Тал – иілгіш, сүрегі ақ түсті, жұмсақ 

ағаш. Кебе келе қатайып кетеді, кепкен 

тал өте жеңіл болады. Домбыра құрап 

жасағанда талды домбыраның иін 

болып келетін жерлеріне қолданады. 

Сонымен қатар түрлі бұйымдар 

жасауға жеміс ағаштары да 

пайдаланылады. Олар: алма, алмұрт, 

алхоры, жиде, шие, долана, өрік, т.б. 

Барлық жеміс ағаштарына тəн қасиет: 

олар қатты, тығыз, жылтыр болып 

келеді.


462

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР

АҒАШ БОЯУЛАРЫ

Қолөнерде пайдаланылатын бояулардың негізінен үш түрі бар.

1. Осы заманғы химиялық əдістермен өндірілетін түрлі-түсті ұнтақ түріндегі жəне 

сұйық күйдегі бояулар.

2. Даяр күйінде кездесетін табиғи бояулар. Бұлар топырақтан, жосадан (охра), əр 

түрлі минералдар мен өсімдік жапырақтары, қабықтары, тамырлары мен жемістерінен 

алынады.

3. Шеберлер өздері қолдан жасап алатын бояулар, оларға əр түрлі қоспалар қосылып 

пайдаланылады.

Халық шеберлері саз аспапта рын əрлеу үшін жоса, т.б. табиғи бояу лар ды пайдалан-

ған. Жоса дегеніміз – қыз  ғылт-сарғыш түсті бояу топырақ. Ағаш бұйымдарды жосамен 

бояғанда оған қажетінше су қосып, езіп, ағашқа біркелкі етіп жағады да, кептіреді. Содан 

соң тұзды суға таза киіз немесе шұға дан жасалған бұлғауышты ба ты рып, сонымен 

жосаланған ағаш бұйымды жақсылап ысқыласа, бояу қолға, киімге жұқпайтын болады.

Сол сияқты томарбояу, қына, рауғаш, сары ағаш, т.б. өсімдіктердің тамырын күзде 

жинап, жуып, кептіріп алу керек. Емен, тал, терек ағашының қабығы, ермен мен 

жусанның бүрі, жеміс ағаштарының күзде түскен жапырақтары, пияздың қабығы да 

бояу əзірлеуге жарамды.

Осы аталған бояу жасалатын өсімдіктердің кептірілген тамырын, қабығын, 

жапырағын ұсақтап алып қайнатады. Басытқы ретінде аздап ас тұзын, ашудас 

қосады. Ұзақ қайнаған соң ірімтігін сүзіп алып, бояуды қанжылым кезінде ағашқа 

бұлғауышпен жағады. Бояу біркелкі сіңу үшін боялатын ағаш бұйымды алдын ала 

ылғалдап алған жөн.

Бояу мен түстерді таңдап пайдаланудың қазақ халқының этнографиялық  тарихымен 

байланысты символдық мəні болған. Қазақта кейбір түстер мынандай символдық мəнге 

бар: көк түс – ашық аспанды, бейбіт өмірді, қызыл түс – оттың, күннің жылуын, ақ түс 

– ақиқатты, қуанышты, бақытты, қара түс – жерді, жасыл түс – жастықты, көктемнің 

қуанышын білдірген. Халық шеберлері затты осы түстердің бірімен бояғанда оған 

белгілі мəн берген.

АҒАШ ЖЕЛІМІ

Ертеде ағаштан түрлі бұйымдар жасағанда бөлшектерін біріктіру үшін желімдеу 

əдісі де қолданылған. Шеберлер, негізінен, жануарлардан өндірілетін табиғи желімді 

қолданған. Халық шеберлері терінің шелін, пұшпақтарын, мүйіз бен тұяқтарын тері-

терсекті қосып, қазанға салып ұзақ қайнатқан. Ұзақ қайнаған сайын қазандағы қоспа 

қоюлана түседі. Əбден қоюланған кезде үстіне су құйып, араластыра отырып, біраз 

уақыт тағы қайнатады. Сəл суыған соң қоспаны қапқа құйып, қаптың астына ыдыс 


463

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР

АҒАШТЫ КҮЙДІРІП ƏШЕКЕЙЛЕУ

Ағаш бұйымдарды күйдіріп əшекейлеудің 

бірнеше тəсілі бар. Ағашты күйдіріп əшекейлеу 

үшін ағаштан жасалған бұйымның арнаулы 

өңдеуден өткен бетіне қыздырылған металл 

қалыптар мен, біздің ұшымен қарып, өрнек 

салып, жазулар жазған. Осы əдісті домбыраның 

шанағын, қақпағын, мойнын əшекейлеуге 

пайдаланған. Ағаш жануға, сынуға, шіруге 

бейім болғандықтан, ертеректегі шеберлердің 

ағашты күйдіріп əшекейлеген бұйымдары бұл 

күндері сирек кездеседі.



АҒАШ ӨҢДЕУГЕ АРНАЛҒАН ҚҰРАЛ-САЙМАНДАР

 Тез – қисық ағашты түзету үшін не болмаса түзу 

ағашты белгілі пішінге, қалыпқа келтіріп ию үшін 

қолданылатын құрал. Төрт сирақ орнатылған жуан 

ағаштың (дөңгелектің) үстіңгі жағынан арамен тік 

төртбұрышты ойық ояды. Түзетілетін не иілетін ағашты 

мормен жұмсартып алған соң тезге салып түзетеді не 

иеді. Үйші тезбен жұмыс істегенде ағаштың бос ұшын 

мықынына салып ырғап, түзеліп не иіліп болған соң оны 

белгілі кергішке керіп тастайды. 

 Қашау – ағашты ойып, тесуге арналған құрал. Қашаудың басы қатты темірден 

жасалып, бір ұшынан қиялап жонып жүз шығарылады. Қашау жұмыр ағашпен 

қойып, іліп қояды. Сонда қоспаның қажетсіз қалдықтары сүзіліп, қапта қалады да, суы 

ыдысқа жиналады. Ыдысқа жиналған сұйық желімді қайтадан қайнатып, қоюланған 

кезде металл ыдысқа қотарып суытып қояды. Содан соң кептіреді. Желім қатайған соң, 

оны ылғал тимейтін жерде сақтайды. Сөйтіп қажет кезінде бұйымдарды желімдеу үшін 

қатты желімді ұсақтап, ыстық сумен ерітіп пайдаланады. 


464

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР

 Шот – ағаш шабуға арналған құрал. Шоттың 

басы жалпақ темірден жасалып, оның бір шетінен 

(ұшынан) қиялай жонып жүз шығарылады. Темірдің 

екінші шетінен ұңғы жасалып, оған кепкен ағаштан 

иіп жасалған имек сап сұғылады. Шоттың сабына, 

көбінесе, долана мен қайың пайдаланылады. 

Шот балтамен шабуға келмейтін кішігірім ағаш 

бұйымдарды өңдеу үшін қолданылады. 



Жонғы – ағаш, мүйіз, металл бұйымдарды жону, өңдеу үшін қолданылатын, асыл 

болаттан жасалған құрал. Қос қолдап ұстау үшін екі басы екі тұтам ағашқа немесе 

мүйізге сапталады. Үйшілер мен арба, шана жасаушылар ағашты кептірерде əуелі 

қабығын жонғымен сыдырып тазартады. Ағаш өңдеуге арналған жонғының үстірік 

сүргі, аталғы, сарнауық, бүкір жонғы, т.б. түрлері болады. Жонғының уық, кереге, өре 

ағаштарға өрнек жүргізгенде қолданылатын ирек тісті түрлерін сарнауық деп, ал түзу 

сүргілей отырып, ойыс сызатты, дөңес қобылы өрнектер жасау үшін қолданылатын, 

арнаулы жүз отырғызылған түрін үстірік сүргі деп атайды. Ағашты, мүйізді қырып 

өңдегенде кедір жүзді, көбелі, қобылы жонғылар қолданылады.

Үскі – ағаш тесу үшін қолданылатын құрал. Үскінің ұшы біз тəрізді, қатты темірден 

ұштап жасалады да, ұзын жұмыр ағашпен сапталады. Үскі алымды болу үшін шебер 

оның ұшын үш қырлы, төрт қырлы етіп жасайды. Үйші кереге сағанағы мен уықтың 

көзін тескенде үскінің сабына таспа не жіңішке жіп шалып алып, алма-кезек саумалап 

тартады. Үскінің шүйдесінен бір адам басып тұрады. Сонда үскінің жүзі қарама-қарсы 

бағытта бұрылып, біртіндеп ілгері жылжиды.



Сарнақ, сарнауық – киіз үйдің сүйегін жасаушылардың жонғы құралы. Ағашқа 

өрнекті із түсіретін, сақиналап сəндейтін арнаулы тістері иіліп келген, екі бас сапты, 

темір қырғыш. Тістері бір жағына қарай азырақ қайырылған. Сарнауық уық, кереге, 

шаңырақтардың қарына сызық, ирек, су ағар түсіру үшін қолданылады. 



Ыңғыру – ағаштан жасалатын ыдыстардың ішін оюға арналған ойғыш құрал. 

Ыңғырудың басы пышақ тəрізді етіліп асыл темірден жасалады да, науаланып иіледі. 

Ол ыдыстың ішін бүйірлеп оюға қолайлы. Ыңғыру, негізінен, аталғының жүзі ала 

алмайтын шағын ыдыстарды ұңғу үшін пайдаланылады. 

сапталады. Қашаудың жадағай, қуыс құлақ, имек түрлері болады. Қашаудың мөлшері 

қолданылатын орнына қарай əр түрлі болып келеді. Ағаш тескенде жүзін ағашқа тигізіп, 

балғамен ұрады. 


465

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР

 Ара – ағашты көлденең кесуге немесе ұзынынан сүрегін қуалай 

жарып, тілуге арналған құрал. Оның бірнеше түрі болады.

Қос тұтқалы ара – екі басында да тұтқасы бар, ағашты көлденең 

кесуге қолайлы ара.

Қол ара – жалғыз қолмен ағашты көлденең, қиғаш, ұзынынан 

кесіп-тілуге арналған ара.

Кермелі ара немесе садақша ара – ағашты ұзынынан сүрегін 

қуалай тілуге арналған ара.

Пышқы – ағашты мəнерлеп тілуге арналған ара. 

Ажыратқыш – араның жүзін ерсілі-қарсылы ажыратуға арналған 

аспап.

Тұғыр – ашасына ағашты қысып қойып, көлденең кесуге арналған 



құрал. 

 Балта – ағашты жаруға, шабуға, жонуға қажетті 

құрал. Істелетін жұмыстың ыңғайына қарай балта да 

бірнеше түрге бөлінеді.

Шой балта – жуан дөңбектерді жаруға арналған 

балта.

«Ақ балта» – шеберлер ұстайтын жүзі қылпып 



тұрған өткір балта. 

Қара балта – отын жаратын жай балта.

Шот балта – шеберлер тұтынатын құрал, бір жағын 

шот ретінде пайдалануға болады.

Қуыс балта – жүзімен ағашты оя шабуға болатын 

құрал.


 Жаңғырық (дөңбек, жастық ағаш деп те 

атайды) – балтамен, шотпен ағаш шапқанда 

құралдың жүзі тасқа, құмға тиіп мұқалмас үшін 

төсейтін ағаш кесіндісі. Оны, көбінесе, қайың, 

қарағай, емен сияқты қатты ағаштың беріш 

болып біткен түбірінен жасайды. Жарылмас 

үшін белін темірмен құрсаулап қояды.


466

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР

 Ағаш балға – бұйымды немесе құралды бүлдірмес үшін 

ағаштан жасалған соғу құралы. Қашаумен жұмыс істегенде 

қашаудың дүмінен ағаш балғамен ұрып отырады. Оның қияңқы 

деген түрін қатты ағаштың бұтағынан, қайың, емен, қара 

ағаштың безінен (көзі, үйілі, беріші) жасайды. 

 Қырғыш – асыл болаттан соғылған, жүзі қиғаш 

қайралған құрал. Онымен ағашты қырнап өңдейді. 

Қырғыштың жүзі тегіс, қобылай (қуыс жасай) шабылған 

ағашты қыратын жүзі дөңес, ал жұмыр ағашты қыратын 

қырғыштың жүзі ойыс болып келеді.

Қаламдық – төрт қырлай немесе жұмырлай соғылған үшкір темір. Оны кейде 

көзеуіш деп те атайды. Қаламдық домбыраның құлағын тесуге қолданылады. Ол үшін 

көзеуіштің ұшын отқа қыздырып алып, алдын ала бұрғымен тесілген жерді кеңітеді 

(қаламдайды).



Егеу, түрпі – ағашты өңдеу үшін қолданылатын құралдар. Түрпі – егеудің дөрекі 

түрі. Жонылған, шабылған ағашты алдымен түрпімен, сонан соң егеумен, зімпарамен, 

қырғышпен өңдейді. Ағаштың қобылай шабылған қуыс жерлерін өңдеу үшін бүкір 

түрпі қолданылады. Ол үшін түрпіні суғармай тұрып, бетіне бедер шауып, иіп алып, 

содан соң бедері қайтпас үшін суғарады.


467

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР

Егеудің бедері түрпіден гөрі жиі болады. Егеу, түрпінің жалпақ, үш қырлы, төрт 

қырлы, жұмыр түрлері болады.


468

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР

СҮЙЕК ӨҢДЕУ ШЕБЕРЛІГІ 

Мал шаруашылығымен, аңшылықпен айналысқан қазақ халқы жануарлардың 

сүйектерін де түрлі қажеттеріне жарата білген. Қазақ шеберлері үй жиһаздарын, 

саз аспаптарын, т.б. əзірлегенде оларды əшекейлеп безендіру үшін мүйіз бен сүйекті 

кеңінен пайдаланған.

Ол үшін үй жануарлары мен түз тағыларының мүйізі мен сүйегі, тұяғы жарай 

береді. Атап айтқанда: еліктің, бұғының, бұланның, арқардың, қарақұйрық пен бөкеннің 

(киіктің) мүйіздері мен ірі қараның қабырға сүйектері, жақ, жауырын сүйектері 

жарамды. Сүйек, мүйізді өңдеуге, əрлеуге ағаш шеберлерінің құрал-саймандары келе 

береді.

Мүйіз өңдеу үшін бір жетідей уақыт мүйізді суға салып, жібітіп алып, сонан соң 

ыстық суға қайнатып немесе ыстық қоламтаға салып балқытып алса, кесіп, жонуға 

жеңіл болады. Мұндай жұмсап, балбыраған мүйізді июге, қалыпқа қысып кез келген 

пішінге келтіру оңай. Мүйізді ыстық қоламтаға саларда суға малынған киізбен орап 

қойса, мүйіз күймей жақсы балқиды. Осындай бабына келіп тұрған мүйізді шотпен, 

пышақпен еркін жона беруге болады.

Шеберлер ертеректе сүйектен шаш тарақ, ат тарақ жасаған, пышақ та саптаған, 

ожау, саптыаяқ сияқты ыдыстардың сабын да сүйекпен безендірген, əсіресе, пілдің 

азу сүйегінен жасалған бұйымдар жоғары бағаланған.

Сүйектен жасалған бұйымдар

Қож, қожы, қазбай. Ұста-зергерлер көріктің көмейіне көмір салуға, ыстық шоқты 

көсіп алуға, күл шығаруға арнап малдың жауырын сүйегінен жасаған қалақты қож 

немесе қожы, қазбай деп те атай береді. Қожыны əзірлеу үшін жауырынның ортасындағы 

ұзына бойы созылып жатқан қыр сүйекті шауып тастайды жəне оны іліп қою үшін бас 

жағына қайыстан бүлдірге тағады. 

Аттарақ. Жылқы малын жоғары бағалаған қазақ оны баптап, күтетін құрал-

жабдыққа да баса назар аударған. Бапкерлер бəйгеге қосатын сəйгүлігіне жабу жауып, 

əбден терлегенше желіп, ащы терін алған соң суытып, таң асырып қояды. Теріден 

бөлінген тұз жылқы түгіне жабысып, сор болып кеуіп қалады. Соны үгіп түсіру үшін 

сүйектен əзірленген арнайы тарақты пайдаланады. Оны аттарақ деп атайды. Ондай 

тарақты жасау үшін жіліншік сүйекті қақ жарып, ағаштың аша бұтағына шегелейді. 

Қырлы қапталына бедерлеп егеумен тіс, жүз салады. Тарақ жүзінің тереңдігі пышақ 

сыртындай, яғни 3-5 мм-дей болуы керек.



469

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР

Сояу, сүйрік. Сүйектен істелген инені сояу немесе сүйрік деп атайды. Ондай инемен 

қап, қанардың аузын, жабағыны тігуге болады. Қамыс, қоғаның қылтиып жаңа шығып 

келе жатқан өркенін де қазақ сүйрік деп атаған. Аппақ, жұмыр сүйектен əзірленген сояу 

ине сол қамыс сүйрігіне қатты ұқсайды. Тіліміздегі «саусақтары сүйріктей» немесе 

«тырнақтары сояудай» деген сөз тіркестері содан қалыптасса керек.

Сыдырғыш. Өрімшілер таспа тілгенде оны біркелкі етіп сыдыру үшін қатты ағаштан 

немесе мүйізден əзірленген сыдырғышты қолданады. Ағаштан, мүйізден істелген 

сыдырғыштың пышақ жүзі тиетін тұсы жұқарып, жылдам тозады. Ал ірі қараның 

жіліншігінен жасалған сыдырғыш өте ұзақ уақыт тұтынуға жарайды.



Тоқубіз. Тоқубіз қойдың, ешкінің кəрі жілігінің құрығынан əзірленеді. Кейде оны кəрі 

жіліктің «шыбығы», «қамшысы» деп те атайды. Кəрі жіліктің жанына жабыса біткен 

осы жанама шыбықты тазалап мұжып, қырнап алған соң үшкір жағын егеумен егеп, 

ілдіргі жасайды. Мұндай бізбен иірілген жіптен қолғап, шұлық, шəлі, мойынорағыш, 

т.б. киім-кешек тоқиды. 

Батырғы. Ірі қараның жіліншік сүйегін жара тіліп, бір ұшын сүйір əрі қайқылау етіп 

егеген, ұзындығы бір сүйем құралды батырғы деп атайды. Онымен былғары, көнек, 

торсық, кеукерін, т.б. теріден жасалған бұйымдарға батырып өрнек салуға болады.

Инелік. Ірі қараның жіліншік сүйегін пышқымен жара тіліп, жұқартып егеп, бір 

басын доғалдау етіп жұмырлап, екінші ұшын тілшік қалдыра инелік жасауға болады. 

Инелікпен балықшылар ау тоқиды.

Шүмек. Қазақ баланы бесікке бөлегенде ағаш шүмекпен қатар сүйектен əзірленген 

шүмекті де пайдаланған. Ондай шүмекті қойдың, ешкінің асықты жілігінен жасаған. 

Ол үшін асық орналасқан басын тұйық күйінде қалдырып, қырларын егеп, жұмырлап 

алу керек. 



Ұршықбас. Ұршықтың басын (ебелегін), əдетте, ағаштан əзірлейді. Иірілетін жіптің 

ыңғайына қарай кейде ұршықбасты тастан да жасайды. Сол сияқты ірі қараның ортан 

жілігінің жамбас ұясына кіріп тұратын жұмыр басын шорт қиып алып та ұршыққа бас 

əзірлеуге болады.



470

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР

Ұста – əр түрлі металдан, темірден тұрмыста тұтынатын түрлі бұйымдар мен 

шаруашылыққа қажет құрал-саймандар, қару-жарақтар, т.б. жасайтын адам. Кейде 

ұстаны «темірші», «темір ұстасы» деп те атайды. Ертеректе ұсталарды қара ұста, ақ 

ұста деп екі топқа бөлген. Қара ұста деп темір, мыс, жез, т.б. металдарды өңдейтін он 

саусағынан өнер тамған, темірден түйін түйген адамдарды айтқан. 

Отқа қызған темірді ұста сол қолындағы қысқышпен қысып ұстайды да, төстің бетіне 

төсеп, қолындағы орта салмақты балғамен темірді ұрып, балғашыға жөн сілтеп отырады. 

Балғашы ұстаның соққан жеріне шой балғаны дəлдеп ұрады. Ұстаның қолындағы 

балғаны қол балға деп атайды. Оның салмағы соғатын бұйымдарына қарай əр түрлі 

болады. Егер ұста қол балғаны төстің бетіне жантайта жатқызса, балғашы соғуды 

тоқтатуы керек. Шой балғаның сабы кепкен қайың, қарағаш, емен, т.с.с. қатты ағаштан 

сапталады. Сабының ұзындығы созған қолының алақаны мен қолының арасына сəйкес 

келуі керек.

Сомдау

 Темірдің белгілі бір жерін жуандатуды сомдау 

дейді. Ол үшін темірдің сомдайтын тұсын жақсылап 

көрікке қыздырып алып, төстің бетіне тігінен қойып, 

балғамен төбесінен ұру керек. 



Қақтау

 Қақтау дегеніміз – металды төске салып, 

балғамен ұрып-таптау арқылы жұқарту. Отқа 

оқтын-оқтын салып, көп ұрғандықтан темір жұқара 

созылып, қаңылтақ қалпына келеді. Отқа əр салған 

сайын темірдің қағы ұшып түсіп отырады. Сол 

сияқты отқа бір нəрсені қыздыруды да қақтау деп 

атайды. Қақтау сөзінің түп төркіні сонда жатса 

керек.


Шыңдау

Шалғы, орақ, күрек, кетпен, тесе сияқты саймандардың жүзін төске салып, балғаның 

сүйір қырлы жүзімен ұрып, таптауды шыңдау деп атайды. Аталған саймандарды отқа 

қыздырмай-ақ құрғақ күйінде шыңдайды. Шалғы, орақтарды шыңдаған кезде жүзін 2 

– 3 мм-ден асырмай ұру керек. Егер одан көбірек жер ұрылып кетсе, оны «қарпытып» 


471

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР

 Құрамында көміртегі көп темірді отта қызарта 

қыздырып алып, дереу суға батырса, ол дереу қатаяды. 

Міне, осыны болатты суғару деп атайды. Суы бабымен 

табылса, ондай құрал-сайман өткір болады. Сондықтан 

кесетін, шабатын, қыратын, жонатын құрал-саймандардың 

барлығын əзірлеп болған соң міндетті түрде суғару керек. 

Кез келген кескіш құрал-сайманның өткір болуы еңбек 

өнімділігін арттырады. 



Суғару

Жасыту

Жасыту дегеніміз – металды отқа қызарғанша қыздырып, өз еркімен салқындату. 

Жасыған металл жұмсақ əрі өңдеуге жеңіл болады. Негізінен, темірді көріктің оттығында 

қалдырып, көмірмен бірге суытады. Ал мыс, жез, қола, т.б. түсті металдарды қызарта 

қыздырып алған соң суға батырып суыта беруге болады. Жасыған темір балғамен ұрып, 

шұңғылдап қобылауға, дөңес кейіпке келтіруге оңай көнеді. Балғамен көп ұрғандықтан 

темір қатая түседі. Сол кезде қайтадан жасытып алып, қобылау жұмысын əрі қарай 

жалғастыруға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет