2) Атмосфералық ластануды нормалау.
- 17.2.1.04 – 77 ГОСТ бойынша атмосфераның ластануы дегеніміз атмосфераға басқа қоспалардың араласуы нәтижесінде ауа құрамының өзгеруі. Адам қызметінің нәтижесінде болатын ластану антропогендік ластану деп аталады. Осы ГОСТ бойынша атмосферада таралған қоспа дегеніміз оның құрамында барлық уақытта бола бермейтін заттар. Осылайша, қоспаларға тек қана улы заттар ғана емес, улы емес заттар да жатады.
Атмосферадағы ауаны ластайтын әрбір зат үшін екі норматив бекітілген:
1) 20 минут ішіндегі өлшенген ең жоғарғы бір реттік жіберілетін шектік концентрация – ШРМ м.р., мг/м3;
2) Орташа күндік шекті рауалды мөлшер, уақыттың ұзақтығында орташаланған – ШРМ с.с. Атмосферадағы зиянды заттардың ШРМ – бұл орташалаудың белгілі кезеңіне жатқызылған (20-30минут, 24 сағат, ай, жыл), адамға және өмірдің санитарлы-гигиеналық жағдайына тікелей де, жасанды да әсер етпейтін, максималды концентрациясы. Ағзаға қосымша әсері бар бірнеше зиянды заттардың бір уақытта әсері кезінде ауадағы және оның ШРМ-дегі (ШРМ1, ШРМ2,...ШРМn) әр заттың (С1, С2, ...Сn) нақты концентрациясының қатынастарының суммасы: С1/ШРМ1 + С2/ШРМ2 +...Сn/ШРМn ≤1 - бірліктен жоғары болмауы керек. Гигиеналық нормалау ұйымдастырушылық, техникалық және физиологиялық сипаттағы қиыншылықтармен кездеседі. Адамның экологиялық орны өзгермейді, сондықтан ластаушы заттың концентрациясы ШРМ-ге тең немесе одан кіші болуы керек деген шарт адам қай жерде болса да орындалуы керек. Шекті рауалды мөлшермен бірге уақытша мүмкін концентрация (УМК), басқаша айтқанда әсердің бағдарланған қауіпсіздік деңгейлері (ӘБҚД) бар. Шекті рауалды мөлшер жануарлармен жүргізілген эксперименттер негізінде орнатылады, бұл ұзақ уақытты қажет етеді. ШРМ-ді орнатудың бірінші кезеңінде зерттелетін заттардың негізгі токсикометрлік сипаттамалары анықталады және эксперименттер нәтижесінде орнатылған нормативтер уақытша мүмкін концентрация деп есептеледі. Екінші этапта бұл зерттеулер жалғасады және тексеріс сипатта болады, ал үшіншісінде – жануарлардағы эксперименттер нәтижесінде алынған мәндердің дұрыстығын тексеру үшін үш жыл бойы жұмысшылардың клинико-статистикалық зерттеулері орындалады. Тек екінші кезеңнен соң алынған нормативтерді ШРМ ретінде бекітуге болады. Қоршаған ортаның сапасын зерттеу үшін әр түрлі көздердің параметрлері, шығарылатын заттардың қасиеттері және атмосфералық жағдайлар негізінде анықталатын, өндіріс орнынан атмосфераға шығарылған зиянды заттардың техникалық нормасының ғылыми негіздемесі болып табылатын шекті рауалды шығу (ШРШ) енгізілген және қатаң бақыланады.
Достарыңызбен бөлісу: |