«Негізгі мектепте планиметрия курсын ақпараттық технологияны пайдаланып жетілдіру әдістемесі» атты екінші бөлімде планиметрия курсы материалдарын ақпараттық технология негізінде жетілдіру арқылы оқыту тиімділігін жоғарылату жолдары және тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижелері баяндалады.
Біз планиметрия курсын оқыту мәселесін ғылыми-әдістемелік және психология-дидактикалық тұрғыдан талдай отырып, мектеп оқушыларына планиметрия ұғымдарын қалыптастыруды, теоремаларды дәлеледеуді, есептерді шығаруды функционалды-графикалық тұрғыдан ақпараттық технологияны қолданып оқыту әдістемесін ұсынамыз. Жоспарланған оқыту нәтижелеріне жету мақсатында оқушыларға ақпараттық технология көмегімен педагогикалық әсерлер жасау, яғни оқу ақпаратын түсіндіру, теореманы дәлелдеу мен есептердің шығарылу үлгілерін көрсету, қосымша сұрақтар және нұсқаулар, анықтамалар беру ұйымдастырылады.
Планиметрия курсының ұғымдарын қалыптастыруды ұсынылып отырған «Macromedia Flash» технологиясымен жасақталған компьютерлік бағдарламада фигуралар (бұрыштар, көпбұрыштар, геометриялық салулар) анимация арқылы демонстрацияланады. Бұл фигураларды мұғалім жаңа тақырыпты өту барысында компьютер, интерактивті тақта немесе бейнепроектордың көмегімен көрсете алады.
Мысалы, нүкте, түзу, сәуле, бұрыш және көпбұрыштар тақырыбын демонстрациялау терезелерін сипаттайық (2-5-суреттер).
2-сурет - Кесінді және оның ұзындығын демонстрациялау терезесі
Бұл – сүйір бұрыш 3-сурет - Сүйір бұрышты демонстрациялау терезесі Бұл демонстрациялау терезелері арқылы бұрыштардың түрлерін таныстырып, оларды бір-бірімен салыстырып, айырмашылықтары мен ортақ қасиеттерін көрнекі түрде оқытуға болатындығын байқау қиын емес. Сонымен қатар компьютерлік бағдарламаның келесі режімінде таныстырылған фигуралар туралы ұғымдарды, олардың түрлерін, айырмашылықтарын бекіту мақсатында келесі терезелер ұсынылады. Бұрыш түрлері бағдарламасы бойынша навигациялау үшін пайдаланатын батырмалар ұсынылған. 4-сурет - Тестілеу терезелері Егер оқушы дұрыс жауап берсе, ол келесі сұраққа өтеді.
Планиметрия сабағында оқушылардың өзіндік жұмысын тиімді ұйымдастыруға ерекше мән беріледі. Осыған орай, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыратын Delphi ортасында компьютерлік бағдарлама дайындалды.
Бағдарлама бірнеше режімдерден тұрады. Осы режімдерді атап, олардың кезеңдерін атап өтейік.
Оқуға тіркелу режімі: 1. Аты-жөнiн тiркеу; 2. Оқуға тіркелу.
Оқыту режімі: 1. Негізгі ұғымдар; 2. Теоремалар; 3. Есептер; 4. Анықтама.
Нәтиже және тапсырма құру режімі: 1.Тапсырма құру; 2. Журнал.
Теория: 1. Теориялық материалдар; 2. Анықтама.
Енді, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру бағдарламасы терезелерінің сипаттамаларын келтірейік, Тіркел де окушының қай уақытта қаншалықты жұмыс істегені компьютерлік бағдарламада сақталып қалады. Мұғалім сол арқылы оқушының қаншалықты еңбектенгенін біледі. Бағдарламаның оқыту режімінде тестілеудің түрлерін (таңдау, толықтыру, сәйкестікті анықтау, дұрыс тiзбек құру) қолдану арқылы оқушыны өтілген тақырыптардағы материалдарды толыққанды оқуға әкелетін тәсілі қолданылды. Мұнда оқушы өзін-өзі бақылайды және жауап бере алмаған жағдайда тестілеуден шығып «теориялық материалдар» тармағынан немесе кітаптардан жауабын іздеп тауып, тестілеуді ары қарай жалғастыру мүмкіндігі қарастырылған. Жалпы оқыту режімінде материалдар қарапайымнан күрделіге қарай «Негізгі ұғымдар», «Теоремалар» және «Есептер» болып жүйеленген (5-сурет).
5-сурет - Оқыту режіміндегі негізгі ұғымдарды игертуге арналған сәйкестікті анықтау тестісінің терезесі. Білім беруді ақпараттандыру жағдайында компьютер Дидактикалық құралға айналып отыр. Сондықтан қазіргі білім беру саласында мультимедиялық технологияны пайдалану, электрондық оқу құралдарын мектеп пәндерін оқытуға пайдалану-өзекті мәселелер. Жалпы, математиканы оқыту жүйесінде есеп шығарудың маңызы ерекше. Есеп шығару әуелі оқушыларда геометриялық ұғымдарды қалыптастыруда, олардың оқу бағдарламасы бойынша теориялық білімді игеруде мәні зор.
Есептер оқушыларда жаңа білімді қалыптастыратын және бұрыннан бар пайдалану үдерісінде Пысықтала түсетін нақтылы материал болып табылады. Білімді қалыптастыруға арналған нақтылы материал рөлін атқара отырып есептер теорияны практикамен, оқытуды өмірмен байланыстыруға мүмкіндік береді. Есептерді шығара отырып, оқушы көптеген геометриялық ұғымдардың (бұрыштар, параллельдік, перпендикулярлық, аудан және көлем т.б.) негізгі тамыры шын өмірде адамдардың практикасында есеп шығару үдерісінің өзі мектеп оқушыларының ақыл-ойының дамуына игі ықпалын тигізеді өйткені ол талдау, жинақтау, нақтылау, абстрактілеу, салыстыру, жалпылау сияқты ойлаумен жүргізілетін іс-әрекетті талап етеді. Мысалы, кез келген есепті шығарғанда оқушы талдайды: сұрақты шарттан, берілген және ізделіп отырған маманы ажыратады, нақтылау мақсатында ойша есептің шартының «сызбасын» салып шығады, содан кейін абстактiлеу әдісін нақтылы жағдайдан ауытқып, арифметикалық амалдарды таңдауда пайдаланады; қандай да бір есептерді бірнеше рет шығару нәтижесінде оқушы осы сияқты есептерде берілетін мәліметтер мен ізделінетін шамалар арасындағы байланыс жайлы білімді тиянақтайды, соның нәтижесінде, есептерді шығару тәсілі жалпыланады.
Алдын ала дайындық жұмысын жүргізген соң оқушыларды есептердің қарастырылып отырған түрін шығарылуымен таныстыруға көшуге болады. Есептер шығаруға үйретудің екінші кезеңінде есептермен жұмыс істеу әдістемесінің мына қадамдардың тәртібін сақтаған жөн: І. Есептің мазмұнымен танысу; І. Есептің шешімін іздеу; ІІІ. Есепті шешу; IV. Есептің шешімін тексеру.
Бұл бөліп көрсетілген қадамдар өзара тығыз байланысты, әр қадамдағы жұмыс негізінен мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі. Оқушыларды есеппен жүргізілетін жұмыстың жалпы әдісін үйретудің маңызы көл-көсір. Бұл тиісті байланыстарды белгілей отырып, балаларды өздігінен талдау жасауға, түрлі иллюстрацияларды пайдалануға, есепті шығару жоспарын құруға, шығаруды орындауға және оның дұрыс екендігін тексеруге үйрету жұмысы болып табылады. Біз мектептің іс-тәжірибесінде есеп шығара білуді қалыптастырудың төмендегі әдісін ұсынамыз.
Оқушылар компьютерден есеппен қалай жұмыс істеу керектігі жөнінде тапсырма ретінде нұсқау алады. Ол үшін оқушы оқыту бағдарламасына тіркелуі қажет. Тапсырмалар оқыту бағдарламасында орналасқан. Әрдайым есеп шығарғанда компьютерде көрсетілген тапсырмаларды белгілі бір қатаң тәртіп бойынша орындай отырып, оқушылар есеп пен тапсырмаларды көрсетілгендей етіп жұмыс істеуге дағдыланады.