«АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»
https://atu.kz/
«Инжиниринг және ақпараттық технологиялар»
факультеті
«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы
«Әлеуметтік-саясаттану білім модулі
(әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану,
психология)
№12 ДӘРІС Экономика, жаһандану және
еңбек
ӘГП кафедрасының сениор-лекторы Жумабаева К.Ж.
Раб.тел.:8 (727) 296-71-52 (вн. 107)
Дәріс жоспары:
1. Еңбек әлеуметтануы.
2. Жаһандану үрдісі және оның
экономикаға әсері.
XX ғ. 80-жылдардың ортасында әлеуметтануда еңбек қызметінің себептік
факторларына байланысты түжырымдама жасалынды. Белгілі ғалым, социолог
Александр
Здравомысловтың
еңбек
қызметі
себептеріне
жасаған
тұжырымдамасын атап айту қажет. Еңбек қызметінің себептерінің бірінші деңгейі
- еңбек нәтижесінде адамдардың материалдық қызығушылығы мен қажеттіліктері
өркендейді. Адам үшін еңбек әрқашанда өмірді өндіруші құрал болып қалады.
Табыс еңбекке ынта болады, ал төлем ақының тепе-теңдігі жұмыста адамның
кызығушылығының төмендеуіне, сондай-ақ, оның сапасындағы жауапкершілікке,
кейде өнімділіктің төмендеуіне әкеліп соғады екен, жүмысшы өндірісте өзін
қожайын сезінбеді. Бірақ, адамның еңбек қызметінің әрекеті тек материалдың
қызығушылықпен бітпейді. Енбекке құштарлықты анықтайтын факторлардың
бірі - еңбек мазмұны. Еңбектің функционалды мазмұны - енбек әрекетінің нақты
түрінде жеке түлғаның шығармашылық тәсілдерін дамытудағы объективті
мүмкіндік. Дәл осы кезеңде еңбектің шығармашылық функциясы іске асырылады.
Еңбек социологиясы – кәсіпорын, ұжымның әлеуметтік ұйымы, яғни позициялар,
рөльдер, құндылық және ұжымдағы жұмысшылар арасындағы байланыс
жиынтығын
тудырушы
ерекше
қатынастар
жүйесі.
Мұнда
еңбек
социологиясының зерттеу саласына әртүрлі еңбек құрылымына байланысты,
оның
функцияларына
байланысты
(ұжымның
әлуметтік-психологиялық
мәселелеріне, ондағы қақтығыстар, ұжымдағы басқару тәсілдері, басқарушылар
мен лидерлер арсындағы қатынас және т. б.) мәселелер кіреді.
Еңбек социологиясының басты категориялары
мыналар: еңбектің мәні, еңбектің сипаты, еңбек
жағдайлары, еңбекті ұйымдастыру, еңбек түрлері, еңбектің қызметтік-себептіптік құрылымы,
қызметке қатынас т. б.
Еңбектің мазмұны
– бұл өндіруші қызметі саласымен жасалған еңбек операциясының түрлері,
мүмкіншілік және өндірістік процесс үстіндегі шешім қабылдаудағы жаңалық деңгейіне байланысты
бөлуді ескеретін еңбектің сипаты.
Еңбек категориясы жұмысшылардың әртүрлі еңбектік қызметтерге (физикалық немесе ой еңбегі,
аграрлы немесе индустриалды, ұйымдастырушы не атқарушы, жай немесе күрделі) бекітілуін
көрсетеді.
Еңбек жағдайлары әлуметтік-экономикалық, гигиеналық, ұйымдастырушылық жағдайларды қамтиды.
Еңбекке қатынас (көзқарас) — бұл индивидттің еңбек заттары, құралдары, өнімдерімен және өндіруші
ортамен байланысының сипаты. Еңбекке қатынас индивидтің қоғаммен негізгі байланысын көрсетеді
және еңбектің қоғаммен бағалануы (бедел, әлуметтік статус) арқылы көрінеді.
Еңбек - қоғам мен адам өмірініц негізгі шарты. Еңбек адам мен табиғат арасында жасалынатын жүйе
және осы жүйеде адам өз әрекетімен өзінің табиғат пен карым-қатынасын бақылайды, реттейді.
Еңбектің мақсаты адамдардың тұрмыс жағдайын жақсарту үшін мүмкіншіліктер құру больш
табылады.Адам еңбегі дамуынын бірінші сатысы - бұл дәстүрлі немесе индустрияга дейінгі коғам.
Бұл кезде қолмен істелінетін өндіруші еңбек толығымен үстемдік жасаған.
Еңбек қызметінде тұлғаның келесі даму бағыттары
жүзеге асады:
Биологиялық даму;
Әлеуметтік даму;
Интеллектуалды даму.
Адамның барлық белсенділік себептерінің жинақталған әсері еңбек
нәтижесінің
өндірістік
дамуы
тек
қана
оның
техникалық
жабдықталуына байланысты емес, сонымен қатар, әлеуметтік даму
көрсеткіштерінің есепке алуының кұлдырауына байланысты екенін
айғақтады: жеке түлғаның ізгілікті потенциалына, еңбек ұжымының
атмосферасына, адамдық қарым-катынас формаларына жене т.б. Бұл
жұмысты орындаған адамның жалпы жағдайда қанағаттануын
қамтамасыз ететін әлеуметтік - психологиялық баланска әкеліп
соғады.
ХХІ ғасырдың шегінде адамзат өз тағдырын белгілеп, өзі қалаған
өмір салтын таңдайтын, өзінің айналасында болып жатқан қандай
да бір құбылыстарға өзінің саяси көзқарастарын нақтылай алатын
әлемдік кеңістікте, сарп еткенде, мемлекеттер үшін заңды
интеграциялық үрдіс жағдайында (нақты ұйым шегінде) дамудың
қай жолымен жүруі керектігін білетін деңгейге жетті. Дүниежүзілік
қауымдастықтың
дамуына
бағытталған
осындай
оңтайлы
бетбұрыстарына жаһандану деп аталатын құбылыс септігін тигізеді.
Біздің кеңістіктік уақыттағы жоғары технологиялардың дамуымен
бірге, толық дүниежүзілік инфрақұрылымның қызмет етуінің дамуы
жеңілдей түседі, ал бұл жаһандану үрдісін тереңірек ұғынуға
септігін тигізеді.
Қазіргі постиндустриялды қоғамның негізгі салалары: білім, ғылым
және қызмет керсету. Өнеркәсіп үшінші орында қалды, бірінші кезекте -
ақпаратты
өңдеу.
Еңбек
материалдь
реттеуді
қажет
етпейді.
Постиндустриалды қоғамда еңбекке ынтаны еңбекке қозғайтын ішкі
себептер алмастырады (мысалы, берілген жүмысқа қызығушылық).
Еңбектің енімділік шегі өте жоғары. Капиталистерде жоғары пайда, ал
жұмысшыларда жақсы еңбек ақы.
Жаһандану – соңғы жылдары әлемнің заманауи даму құбылыстарының
ішінде неғұрлым көп талқыланып жатыр. Терминнің өзі ғылыми
айналымға 1990 жылдары еніп, қазіргі саяси әлемнің күрделілігі мен
алуантүрлілігін
сипаттау
үшін
кеңінен
қолданылып
келген
«постмодернизм» ұғымын ығыстырды. Америкалық социолог Р.
Робертсон (R. Robertson) жаһандану мәселелерін зерттеуді біріншілердің
қатарында бастайды, ол «жаһандылық» сөзін өзінің «Обсуждая
глобальность» (Interpreting Globality) атты мақаласында қолданды.
(R. Robertson)
Бүгінде жаһанданумен байланысты үрдістерді сипаттау үшін жиі басқа да ұғымдар
қолданылады:
постиндустриалды дәуір
ақпараттық революция ғасыры
техножаһандану және т.б.
Олардың бәрі де жаһандануға байланысты маңызды өзгерістерді білдіреді.
Жаһандану мәніне қатысты түрлі пікірлер қалыптасқан. Бір зерттеулерде оның
экономикалық аспектілеріне көңіл бөлінсе, басқаларында бірыңғай ақпараттық
кеңістікті қалыптастыруға, үшінші- лерінде жалпы стандарттарды дамытуға назар
аударылады. Соңғы айтылған, ең алдымен, өндіріс, тұрмыс, әлеуметтік өмір және т.б.
ұйымдастыруға қатысты.
Дүниежүзілік
қауымдастық
үйлесімділікке
жетудің жолдарын,
жаһанданумен
тудырылған мәселелердің дұрыс шешімдерін табуы тиіс.
Ақпарат аясындағы жаһандану толықтай аяқталды, жер бетінде телефон, радио, тіпті
интернет орнатылмаған нүкте жоқ десе де болады. Ақпараттың жаһандануы әкелген
игілік еш құпия, әсіресе саяси құпия қалмады, ал бұл адамзаттың бір-біріне үлкен
сеніммен қарай бастағандығын, сенімсіздіктің азайғандығын білдіреді. Бұл және
жаһандану - қоса алғанда, ұлы жетістік.
Жаһандану
дүниежүзілік дамудың заманауи сатысының орталық бағыты бола отыра,
интегра- циялық үрдістермен немесе интеграциямен ілесе жүреді.
Жаһандануға қатысты қарастыру тәсілдерінің бірі оны адамдардың қарқынды өзара
әрекеттесуі жүзеге асырылып жатқан кеңістікті тарихи тұрғыдан үздіксіз кеңейтуді болжайтыны
кездейсоқ емес. Дегенмен интеграция жаһандану үрдісінің неғұрлым маңызды бөлігі бола тұра, әйтсе
де тек бөлігі болып табылады. Интеграция жөнінде айта келе, ең алдымен, оның мемлекеттік
қатысушылардың жақындасуын меңзейтіндігін есте сақтау қажет. Мемлекеттік емес акторлар, әдетте
интеграциялық үрдістерді зерттеу барысында қарастырылмайды немесе зерттеушілер назарының
артқы шебінде қалып жатады. Бұл тұрғыда қандай да бір елдің жаһанданулық емес, интеграциялық
үрдістерге енуі жөніндегі ойлар неғұрлым дәл болады, себебі шартты түрде алғанда, мемлекет
толықтай мемлекетаралық келісімдерге қол қою негізінде интеграцияланады. Ал жаһандану,
біріншіден, мұндай келісімдерді тұспалдамайды, екіншіден, бір мемлекеттің түрлі аймақтары үшін
әрқилы өтуі мүмкін.
Мемлекетаралық ықпалдасу тәжірибесі баяғыдан бері қалыптасқан. Алайда ХХ ғасырдың екінші
жартысында ғана кең ауқымда ықпалдасу тұрақты нысанға ие бола бастады. Бұл, ең алдымен,
ықпалдасуды қарқындатумен, оның аяларының кеңеюімен және нағыз интеграциялық үрдістердің
дамуымен байланысты, аталған үрдістер мемлекетаралық құрылымдар мен институттарды құруды
талап етті. Сондықтан интеграцияны сипаттайтын тағы бір маңызды сәт ретінде жай ықпалдасу емес,
мемлекетаралық өзара әрекеттесу механизмдерін құру, басқаша айтқанда ықпалдасуды институт-
тандыруды атауға болады. Бұл тұрғыдан алғанда интеграция, біріншіден, шешім қабылдаудың
мемлекетаралық механизмдерін қалыптастыруды болжайтын үкіметаралық ұйымдардың дамуымен өте
тығыз байланысты болады. Бірлескен институттар арқылы интеграциялық үрдістер жүзеге асырылады.
Екіншіден, интеграция екі көзқарас тұрғысынан: мемлекеттердің өзара әрекеттесуінің үрдісі және
нәтижесі ретінде қарастырылады .
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.
Лебедева М.М. Мировая политика. - М., 2003. –
С.99.
2.
https://el.kz/news/archive/a-paratty-_-o-am_zh-ne_internet\
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Достарыңызбен бөлісу: |