Ежелгі дәуірдегі Қазақстан тарихының тарихнамасы Жоспар



бет4/8
Дата07.01.2022
өлшемі45,25 Kb.
#17792
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ежелгі дәуірдегі Қазақстан тарихының тарихнамасы

Пайдаланылған әдебиет:

Ежелгі дуниедегі және византиялық дереккөздеріндегі Ұлы Дала тарихы: 4 томдық / Құраст. А.Н. Гаркавец. — Астана: Фолиант, 2007. Т.1: Ертедегі грек авторлары Ұлы Дала туралы / Қазақ тіліне ауд. М. Ілес, Ә. Шашаев. — 2007. — 464 б.


Страбонның Географиясындағы сақ (скиф) тайпалары сипаттамасының негізгі мәселелері
Страбон 15 кітабының ХІ-ХVI ғғ. аралығында жазған 6 кітабы Азия еліне арналған. Соның ішінде Казақстан елінің кейбір бөліктері де бар.

Страбон Сырдария туралы салыстырмалы түрде шынайы бейнеде суреттеген болатын. Ежелгі гректердін түсінігі бойынша және Орталық Азияға сипаттама бере отырып «Басынан аяғына дейін Яксарт Оксадан бөлек өзен, бірақ бір теңізге құяд»,– деп айтқан.

Страбон Герадотқа қарағанда Каспий теңізін жабық бассейн деп санамай, Солтүстік мұхит бұғазысы ретінде қарастырған. Бұл тұрғыдан алғанда ол «мұхит теориясын» ұстанды. Страбон шөлді мұхитпен шайылып жатқан немесе ішкі теңізі бар арал деп санап, осы мұхит төрт үлкен бұғазды құрып, континентке соғылады деп ойлаған. Гиркан (Каспий) теңізін Солтүстік бұғаз ретінде түсінген. Сол заманда барлық теңіздер мұхиттармен байланысты деп санап, осыған орай Каспий теңізін мұхитпен жалғастыратын бір бөлік бар деп ойлаған. Страбонның осындай ұстанымда болуына тағы бір себеп, Каспийдің солтүстік бөлігінен үлкен су сауда жолы басталад деген мәліметтер. Сол кезде Страбон осы сауда жолының көп бөлігін қамтитын Волга өзені туралы ештенке білмегені себебші.

Кейінгі зерттеушілер Оке және Яксарт құятын Страбон атаған мұхит атауына күмәнмен қарай бастайды. Страбон бойынша осы аталған екі өзен арақашықтығы 24 000 стадий (шамамен 420 шақырым). Кеңес тарихшысы және археологы С.П. Толстов ойынша бұл мәліметтер қазіргі замаңғы Арал теңізінің шығысынан құятын Амудария және Сырдария арқашықтығына сай келед. С.П. Толстов ежелгі гректер мен римдіктер Каспийдің «Скифтік бұғазы» Арал теңізі туралы да білген деп тұжырымдайды. Жоғарыда айтылған мәліметтерді салыстыра отырып, ол: Антикалық авторлар түсінігі бойынша «Каспий теңізінің Скифтік бүғазы» алыс шығысқа дейін созылып, Арал теңізі орналасқан жерлерді қамтыған,– деп жазған. Антикалық әдебиеттерде Скифтік бұғазымен қоса «Оксикалық теңіз» немесе «Оксикалық болота» көп кездеседі, ал ол өз кезегінде қазіргі Арал теңізі. Бұл тұжырымды Плиний да «Естественное история» еңбегінде растап отыр. Бұл кітап бойынша Яксарт және Оке соғды жерінен бастау алып, скифтік шөлі бойынша Скифтік бұғазға құйған.

Грек авторы Страбон сақтар туралы: «Құдай деп олар Күнді есептейді, оған арнап жылқыны құрбандыққа шалады» деген. Сақтар «садақ пен қылыш және қола балталармен қаруланып, сауыт киген» дей келе Страбон: «Сақтар ақкөңіл, уәдеге берік халық» деп жазған. Ол сақтардың Шірік-Рабад, Бәбіш-молда, Баланды қалалары туралы жазып қалдырған саяхатшы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет