ІV ғасырдан бастап Қытай территориясына солтүстіктен көшпелі тайпалардың шабуылы жиіледі. Көшпелі монғол-түрік тайпалары Қытайдың солтүстігінен және батысынан елдің ішіне ене түсті. Бүл шабуылдар Қытай шаруашылығына үлкен зиян әкелді. Суғару құрылымдары қирап, түгелдей деревнялар жойылып, солтүстіктегі қалалар босап қалды. Ең алғашқы шабуыл жасағандар ғұндар болды. Олар311 жылы Лоянды, 316 жылы Чананьды алды да Цзинь патшаларының құрамында тек оңтүстік-шығыс қалып, мемлекеттің аты да Шығыс Цзинь (317-420 ж.ж.) деп аталды. Ғұндардан кейін Қытайға сяньби, цян, цзе, ди тағы басқа тайпалары шабуыл жасады. Шабуылдар нәтижесінде Қытай әбден әлсіреп көптеген ұсақ мемлекеттерге бөлініп кетті.
ІV ғасырдың соңы солтүстікте барлық өзара соғыстарды жеңіп сяньби тайпаларының көсемі Тоба Гуй Хуанхе бассейнінің территориясында Солтүстік Вей (386-534 ж.ж.) мемлекетінің негізін қалады. Тоба әулеттерінің өкілдері барлық қарсыластарын жеңіп, күшті ішкі-сыртқы саясат жүргізе бастады. Ішкі саясатта қытайландыру саясатын жүргізді. ІV- V ғасыр басында астаналық әкімшілікте 2% қытайлықтар болса, 423-452 жылдары оның саны 25% өсті. Императордың өзі фамилиясын Тобадан Юанға өткізді тек қытайша киінуді, тек қытайша сөйлесуді енгіз ді. Елдің астанасы солтүстіктегі Пинченнен ежелгі Қытай астанасы болған Лоянға көшірілді. 485 жылы 2 ғасыр алдын Сыма Ян жүргізген үлестік жүйе жаңартылды. Ол бойынша ер адамдарға 40 му, әйелдерге 20 му берілді. Егер құлдары болсы қосымша үлес берілді. Бұнымен қатар бау-бақша егуге әр отбасыға 20-30 му қосымша үлес берілді. Чиновниктерге қызметіне байланысты үлестік жер берілді. Салықтар мен міндеткерліктер анықталды.
Солтүстік патшалықтар: Солтүстік Вей (386-534 ж.ж.); Солтүстік Ци (550-577 ж.ж.); Солтүстік Чжоу (550-577ж.ж.);
Оңтүстік патшалықтар: Сун империясы (420-479 ж.ж.); Ци (479-502 ж.ж.); Лян (502-557 ж.ж.); Чэнь (557-589 ж.ж.) патшалықтары.
VI-VIII ғасырлар аралығында сауда жедел дамыды. Қалаларда жәрмеңкелер ұйымдастырылып, ішкі сауда күшейді. Қала саудасы тұрақты дүкендер мен жайма базарында жүргізілді. Сонымен бірге жекелеген тауарлар сатумен айналысатын базарлар да болды. Мысалы, жібек базары, дәрі-дәрмек,мал, киім, зергерлік бұйымдар сататын базарлар жұмыс істеп тұрды.
VI-VIII ғасырлар аралығында сауда жедел дамыды. Қалаларда жәрмеңкелер ұйымдастырылып, ішкі сауда күшейді. Қала саудасы тұрақты дүкендер мен жайма базарында жүргізілді. Сонымен бірге жекелеген тауарлар сатумен айналысатын базарлар да болды. Мысалы, жібек базары, дәрі-дәрмек,мал, киім, зергерлік бұйымдар сататын базарлар жұмыс істеп тұрды.
Ішкі саудамен қатар, сыртқы сауда да дамыды. Монғолиямен, Оңтүстік Сібір елдерімен сауда жүргізілді. Дүние жүзіне әйгілі болған Ұлы Жібек жолымен Жоңғария, Қашғария және Жетісу, Оңтүстік Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан арқылы Батыс Еуропа елдерімен сауда жасалды. Сауда керуендері Қытайдан жібек мата, шай, қағаз, алтын және күмістен жасалған тауарлар, сырлы қыш ыдыстар, дәрі-дәрмек т.б. артып, ұзақ қиырларға сапар шекті. Қытай теңіз арқылы да әр түрлі елдермен сауда жасады. Теңіз саудасының орталығы Цзяжу, Чжаньцзян, Гуанчжоу портты қалалары болды. Теңіз арқылы үнді, парсы, араб елдерімен сауда жасасты. Тынық мұхит аралдары және Жапония елімен сауда жүргізді. Сауда кеме өндірісінің өсуіне әкелді. Ірі сауда кемелері 600-700 адамға дейін алып жүре алатын дәрежеге жетті. Сауда ақша айналымын өсірді. Қытай - ежелден теңге шығарып келген ел. XI ғасырдың басында Қытайда қағаз ақша шыға бастады.