Ежелгі дүние мен Орта ғасырлардағы өтпелі кезең. Қытай өркениеті



бет1/4
Дата08.10.2022
өлшемі9,48 Mb.
#41901
  1   2   3   4
Байланысты:
ерте орта ғасыр.Қытай

Ежелгі дүние мен Орта ғасырлардағы өтпелі кезең. Қытай өркениеті.

III-VII ғасырлар

  • III-VII ғасырлар аралығында Қытай мемлекетінде қалалар көбейе бастады. Үздіксіз соғыстарда қалалар қирап,орнына қайтадан жаңа қалалар бой көтеріп отырды. Қалалар негізінен сауда жолдарында, теңіз жағаларында салынды. Ежелгі Қытай мемлекетінде Чанъань, Лоян, Тайюань, портты қала Гуанчжоу өсіп жетілді Қалалар көркейіп, қолөнер мен сауданың орталығына айналды. VII-IX ғасырларда темір өндіру ұсталық өнердің күшеюіне әкеліп, темірден шеге, кемелерге керекті зәкір, ауыл шаруашылығына қажетті құралдар шығарыла бастады. Мата тоқу өндірісі кең етек алды. Мата мақтадан тоқылды. Ежелгі қыш өндірісімен қатар фарфор өндірісі жедел өркендеді. Қытай фарфоры күні бүгінге дейін дүние жүзіне әйгілі. Сонымен қатар кітап басу ісі тез дами бастады. Қағаз өндіріліп, баспаханалар салынып, кітапты көптеп шығару қолға алынды.

Үш патшалық кезең

  • ІІ ғасыр аяғы мен ІІІ ғасырдың басы Қытай үшін ішкі саяси өзара қырқысу кезеңі болып, күрес барысында ірі әскербасылар ерекшеленіп шықты. Солардың бірі Цао Цао солтүстікте Хуанхе бассейнінде билік құрып, 220 жылы оның баласы Цао Пей өзін Вей мемлекетінің билеушісі деп жариялады. Келесі Лю Бей елдің оңтүстік - батысында Шу мемлекетінің билеушісі деп жарияланды. Ал үшінші Сунь Цюань Қытайдың оңтүстік-шығысындағы У патшалығының негізін қалады. Осы кезең Қытай тарихында “Үш патшалық кезеңі” деп аталды.
  • Вей мемлекеті (220-265ж.ж.)­Солтүстік Қытайдың үлкен бөлігі батысында Дуньхуаннан шығысында Ляодунға дейін, оңтүстігінде Хуанхе мен Янцзы өзендері аралығы;
  • Шу мемлекеті (221-263 ж.ж.)­Сычуань, Гансу мен Шэньсидің оңтүстік аудандары, Юньнани мен Гуйчжоудың үлкен бөлігі жіне Гуансидың батысы;
  • У мемлекеті (222-280 ж.ж.)­ бұрынғы Хань империясының оңтүстік-батысында өмір сүрді.
  • Вей патшалығының орнында 265 жылы Цзинь империясы құрылды да Шу патшалығын қосып алды, ал 280 жылы У мемлекетін бағындырды. Цзинь мемлекетінің негізін салушы Сыма Янь елде реформалар жүргізді.
  • ІV ғасыр басында солтүстік тайпалар бірінен соң бірі Солтүстік Қытайға шабуыл жасаудың нәтижесінде Цзинь мемлекеті құлап, оның орнына Қытайда оңтүстік және солтүстік патшалықтар құрылды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет