Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады



бет78/92
Дата16.10.2023
өлшемі442,2 Kb.
#115942
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   92
Байланысты:
annotation15107 2

Римнің Италияны жаулап алуы

Римдік құлиеленуші республиканың құрылуы ішкі саяси қақатығыстармен және сыртқы дұшпандармен үздіксіз күреспен қатар жүрді. Б.д.д. V-III ғасырларда Римдік сенат бүкіл Апеннин түбегіне қастысты әскери экспансия саясатын жүргізді. Рим халқы тығыз қоныстанған аграрлы полис болды. Бұл полисте ең басты байлық жер болатын. Көршілердің территорияларын жаулап алуға ең алдымен патрицийлер мен плебейлер мүдделі болды. Олардың бұндай ұмтылысы алғашқы кезеңде рим сыртқы саясаттың экспансиялық сипатын білдірді. Римнің көршілес өзге де итальяндық халықтарды бағындыру мақсатында жүргізген басқыншылық соғысы екі жүз жылға созылды.


Римдік азаматтық қауымның Апеннин түбегін жаулап алу үдерісінде үш кезеңді бөліп қарастыруға болады. Жүз елу жылға созылған күрестің бірінші кезеңінде Римге орталық Италия, оңтүстік Этрурия, Лация бағындырылды. Римдіктердің ең бірінші жауы этрускілер болды. Олар Тарквиний Гордый тақтан қуылған соң Римге шабуыл жасаған болатын. Б.д.д 506 жылға қарай римдіктер этрускілерді жеңді. Бірақ б.д.д. V ғасырда римдіктерге этрускілердің қаласы Вейямен және латындық тайпалармен қақтығысуына тура келді. Соңында Вейя жермен-жексен етілді. Вольскілердің тайпалары жойылды немесе құлдыққа сатылды. Римдіктер Тибрдің оң жағалауындағы айтарлықтай территорияны да иемденді. Алайда, б.д.д. 390 жылы Апеннин түбегінен солтүстікте орналасқан жауынгер тайпа галлдар Римге бас салды. Ауыр қоршауды басынан кешірген Рим галлдарға көп көлемде алым төлеуге келісті. Осыдан кейін ғана галлдар кейін қайтты. Римдіктер тез арада жеңілістен есін жинап, қаланы жаңа қорғаныс қабырғамен қоршап алды. Жаулап алу саясатының бірінші кезеңінде Рим Апеннин түбегінің орталығына бекініп алды.
Римдік жаулап алу саясатының екінші кезеңінде таулы Италия (Самния) мен жері құнарлы Кампания экспансияның нысанына айналды. Римдіктердің бұл жаулап алу күресі 50 жылға созылды. Бұл жолы римдіктерге жауынгер самниттік тайпалармен қақтығысуына тура келді. Самниттік соғыстың барысында (б.д.д. 343-341, 327-304, 298-290 жж.) римдіктердің қарсыластары (самниттіктерге этрускілер, умбрлар, галлдар қосылды) талқандалды. Римдіктердің қол астына Орта Италияның кең-байтақ облыстар – Самния, Солтүстік Этрурия және Умбрия өтті.
Римдіктердің Италияны жаулап алуының үшінші кезеңі б.д.д. 281-272 жж. тұспа-тұс келеді. Бұл кезеңде римдіктердің басты қарсыластары Римге бағынышты болғысы келмеген Апеннин түбегінің оңтүстігіндегі грек колониялары болды. Жаулауға ұшырайтындықтарын сезінген грек-колонистері, талантты қолбасшы, эпир патшасы Пирден көмек сұрады. Жақсы үйретілген армиямен Пирр кемелермен Италияға түсіп римдіктерге екі рет (б.д.д. 281-272 жылдары) ойсырата соққы берді. Сициляға өткен соң Пирр барлық карфагендік қамалдарды басып алды. Пирр Апеннин түбегіне б.д.д. 275 жылы оралды. Осы жылы ол Беневетта қаласының түбінде римдіктермен басты шайқасқа түсіп жеңіліс тапқан соң Италиядан кетуге мәжбүр болды. Осылайша, б.д.д. ІІІ ғасырдың орта шенінде бүткіл Италия солтүстігінде Рубикон өзеніне, ал оңтүстігінде Мессина бұғазына дейін бағынышқа түсті.
Тибр өзені бойындағы шағын қауымнан Рим Батыс Жерорта теңізіндегі қуатты мемлекеттердің біріне айналды.Бұл мемлекет біртұтас болған жоқ. Ри м полис ретінде қала берді. Римге бағынған халықтар әртүрлі деңгейде тәуелділік пен бағыныштылыққа түсті. Өзінің құрылымы жағынан бұл мемлекет римдік полистің үстемдігіндегі римдік-итальяндық конфедерация болды. Үстемдік етуші полис одақтастарын «бөліп ал да, билей бер» қағидасы бойынша басқарды. Бұрыннан Римнің бақылауында болған қауымдар, негізінен Лацияның территориялары, муниципийлар деп аталды. Олар өзін-өзі басқару құқықтарын сақтап қалды. Олардың өз магистраттары мен соттары болды. Көр кешікпей муниципийлердің тұрғындарының құқықтары рим азаматтарының құқықтарымен теңестірілді.
«Дауыс беруге құқтары жоқ» деп аталатын қалалардың тұрғындары үшін бірқатар шектеулер енгізілді. Бұндай қалалардың тұрғындары мүлікке қатысты шектеусіз құқықтарды иемденгенімен, коммицияларға қатысуға жіберілмеді және магистраттарға сайлануға құқықтары болған жоқ. «Латындық азаматтық» құқықтарын иемденген қалалардың тұрғындары өзін-өзі басқару құқықтарын сақтап қалғанымен, олардың құқықтарының көлемі айтарлықтай шектелді. «Одақтастар» Рим қауымына бағынған саны жағынан мейлінше көп халықтар болды. Формальды түрде олар тәуелсіз болғанымен, дербес сыртқы саясат жүргізу құқықтарынан түгелдей айырылды. Римге берілген қалалардың жағдайы мейлінше ауыр болды. Автонмия құқығынан толық айырылған бұндай қалаларды римдік өкілдер басқарды. Бұндай қалалардың тұрғындарына қару асынуға тыйым салынды және олардың ешқандай азаматтық құқықтары болған жоқ.
Римдік дипломатия бағындырылған халықтарға қатысты саналы түрде осындай саясат жүргізу арқылы қарудың күшімен құрылған одақты сақтап қалуға болады деп санады. Жаулап алу соғыстарында Римнің жеңіске жетуіне кепіл болған оқиға ол – плебейлер мен патрицийлер арасындағы күрестің аяқталуы және осының арқасында азаматтардың бірлесуі, сондай-ақ, бұл өз кезегінде армияның берік топтасуына алып келуі болды. Бұның үстіне римдік басқыншылық нысанына айналған тайпалар мен халықтардың арасында өзара ауызбіршілік болған жоқ. Олардың римдік экспансияға қарсы бас көтерулері әртүрлі уақытта және жергілікті сипатта болды. Өз кезегінде римдіктер өздерінің қарсыластарына жеке-жеке соққы беруге және Римге қарсы әскери-саяси бірлестіктің құрылуына жол бермеуге тырысты. Осындай саясаттың арқасында бүкіл Италия Римнің билігіне өтті. Бұндай табыстар Римге ары қарай жаулап алу үшін жол ашып берді.
Б.д.д. 133 жылы Пергам патшасы ІІІ Атталдың өсиеті бойынша эллиндік мемлекеттің барлық жері римдіктердің қолына өтті. Ол жерде Азия деп аталатын шеткі аймағының негізін қалады.
Үшінші Пуни соғысы кезеңінде (б.д.д. 149-146 жж.) Сципион Африканскийдің немересі Сципион Эмилиан Карфагенді талқандады. Оның территориясын қарғап, оған қоныстануға тиым салды. Карфаген иеліктерінің басым бөлігін рим сенаты африканың провинциясы деп жариялады.
Осылайша б.д.д. ІІ ғасырдың ортасында Жерорта аймағында орналасқан көптеген халықтар мен елдер Рим үстемдігінде болды. Рим республикасы мықты державаға айналды. Үстемдік етуші полиске құлдар мен материалдық байлық әкелінді. Бұл кейінгі Рим республикасының дамуы үшін аса маңызды болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет