Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады



бет79/92
Дата16.10.2023
өлшемі442,2 Kb.
#115942
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   92
Байланысты:
annotation15107 2

Рим мен Карфагеннің соғысы

Б.д.д. ІІІ ғасырда Рим Жерорта теңізіндегі қуатты мемлекеттердің біріне айналды. Үстем полистің айналасында одан әртүрлі деңгейде тәуелділікте болған территориялар мен қалалардың федерациясы қалыптасты. Алайда, Апеннин түбегін жаулап алған римдіктердің мұнымен тоқтағылары келген жоқ. Ендігі жерде олар жері құнарлы болып табылатын Сицилия мен бақуатты грек колонияларына, сондай-ақ, кенішке бай Испанияға көздерін сүзе бастады. Бірақ бұл территориялар б.д.д. ІХ ғасырда негізін финикийялықтар қалаған Карфагеннің де назарын аудара бастады. Карфагеннің құдіреті б.д.д. V ғасырда өзінің шырқау шегіне жетті. Карфагеннің сол кездегі замандастары бұл мемлекетті Батыс Жерорта теңііндегі ең қуатты мемлекет деп есептеді.


Өзінің саяси құрылысы жағынан Карфаген олигархтық республика болды. Теңіз саудасы мен қолөнермен байланысты карфагендік байлардың басым бөлігі африкандық құрлықтан тыс жатқан орасан-зор жерлерді басып алуды ашық түрде ойлай бастады. Рим мен Карфагеннің сыртқы территорияларды басып алуға деген ұмтылыстары олардың мүдделерінің қақтығысына алып келді. Рим мен Карфагеннің арасындағы соғыс тарихқа Пуни (римдіктер Карфаген тұрғындарын пунилер деп атады) соғыстары деген атпен енді. Пуни соғыстары бүкіл Батыс Жерорта теңізі тархының межелі кезеңі болды. Рим мен Карфагеннің Жерорта теңізі бассейнінде үстемдік үшін үзілістермен жүргізген өзара соғыстары жүз жылдан астам уақытқа созылды.
Бірінші Пуни соғысы б.д.д. 264 жылы басталып, б.д.д. 241 жылға дейін жалғасты. Бірінші Пуни соғысы Римдіктердің Гамилькар Барк басқарған карфагендіктердің флотын талқандаумен аяқталды. Гамилькар Барк Карфагендегі атақты Баркидтер әулеттің өкілі болатын. Бұл әулеттің есімі өзінің жауынгерлігімен танымал еді. Келіссөздердің шартына сәйкес Римге барлық тұтқындар қайтарылды және Карфаген он жыл бойы жеңімпазға айтарлықтай контрибуция төлеуге міндеттенді.
Сицилия аралының бір бөлігі Рим республикасының билігіне өтті.Бұл жерлер Римнің алғашқы теңіздік провинциялары болды. Осы кезден бастап Римнің жаулап алған итальяндық емес территориялары провинциялар деп атала бастады. Көп кешікпей Кафрагеннің бақылауында болған Сардиния мен Корсика аралдарын Рим жаулап алды. Бұл аралдар Римнің екінші провинциясы болды. Провинцияларды Рим тағайындағын өкіл басқарды. Бұндай провинциялар Рим халқының олжасы деп танылды. Римдік өкіл провинцияларда орналастырылған римдік әскерге қолбасшылық жасады. Провинциялар территориясының бір бөлігі рим халқының «қауымдық жері» ретінде жарияланды. Бұдан өзге провинция тұрғындарына ауыр алым-салықтар салынды.
Өзінің теңіздік территориясының бір бөлігінен айырылған және айтарлықтай қиындықтарға ұшыраған Карфаген, есе қайтаруға талпынды. Карфаген армиясын Гамилькар Барктың ұлы дарынды қолбасшы әрі дипломат Ганнибал басқарды. Карфаген армиясы ол кезде Испанияда орналасқан болатын. Ганнибал Римдіктердің ежелден келе жатқан қарсыласы галлдармен, сондай-ақ Италия мен Сицилияда римдіктердің үстемдігіне наразы халықтармен одақ құруды ойластырды. Сонымен қатар Ганнибал эллиндік Македония патшасы Филипп V одақ құрды. Оның бұл қадамы Римнің мазасын алды. Себебі Филипп V Римнің Адриатика мен Эгей теңізі бассейніндегі үстемдінің күшеюіне әрқашан қарсы шығып келген еді.
Осы аталған жайттардың барлығы Рим мен Карфагеннің арасында жаңа қақтығыстарға алып келді. Бұл қақтығыстар екінші Пуни соғысына (б.д.д. 218-201 жж.) ұласты. Римдіктердің күні бұрын жасаған соғыс жоспарына қарамастан, Ганнибалдың батыл қимылдары римдік армияны сәл болмағанда апатқа ұшырата жаздады. Ганнибалдың Пиренейді басып өтіп, кенеттен Альпі асуларынан өтуі, римдіктер үшін күтпеген жағдай болды. Б.д.д. 218 жылы Ганнибал солтүстік Италиядағы Треби түбінде Публий Корнелий Сципион мен Тиберий Семпроний Лонг басқарған ри мнің консульдық армиясын ойсырата жеңді.
Римге қарсы бас көтерген галлдардың әскерімен толықтырылып күшейтілген Ганнибалдың армиясы Римге баратын жолдағы Тразимен көлінің маңында б.д.д. 217 жылы римдіктерге тағы да күйрете соққы берді. Осы шайқаста римдік легионды басқарған Гай Фламиний қаза тапты. Б.д.д. 216 жылдың жазында Канны елді мекенінде жаңа шайқас болды. Әскерді сәтті орналастыра білген карфагендіктер, рим армиясының санынан екі есе аздығына қарамастан, рим армиясын қоршап алып, оны толығымен жойып жіберді. Бұл жеңіліс Римде үрей тудырды. Римнен бірқатар одақтастар бойларын аулақ салды. Олардың қатарында Капуя, Тарент және оңтүстік Италияның басқа да қалалары болды. Бұдан өзге Филипп V Ганнибалмен Римге қарсы әскери одақ құрды.
Бірақ бұндай ірі жеңістерге қарамастан, ганнибалдың жағдайы іс жүзінде қиын болды. Карфаген тарапынан Ганнибалға ешқандай көмек көрсетілмеді. Осының салдарынан Ганнибалдың резерві мүлдем болған жоқ. Бұның үстіне Ганнибалдың одақтасы – Македонияның патшасы Филипп V римдік дипломаттар ұйымдастырған Грециядағы коалициямен күреске түскендіктен оның өзі аса ауыр жағдайда қалды. Бұдан өзге римдіктер Ганнибалмен күресудің тәсілін өзгертті. Ендігі жерде римдіктер Ганнибалмен ашық айқасқа түспестен, ұсақ қақтығыстарға барып, ірі шайқастардан бойларын аулақ салды. Осылайша римдіктер Ганнибал армиясын әбден титықтатты.
Рим Сицилияға айтарлықтай әскер жібере отырып, б.д.д. 211 жылы Сиракузына басып алды. Келесі жылы олар бүкіл аралды жаулап алды. Сол жылы римдіктердің пайдасына Испаниядағы жағдай да өзгерді. Испаниядағы римдік армияның қолбасшылығына дарынды қолбасшы Публий Корнелий Сципион келді. Кейін ол Африкандық деген атты иемденді. Ганнибалдың Испаниядағы тірек пункті – Жаңа Карфагенді алған римдіктерге б.д.д. 206 жылы Пиреней түбегінің бүкіл солтүстік-батысын басып алудың сәті түсті.
Сонымен қатар Италияның өзінде римдіктердің пайдасына шешілген бірқатар өзгерістер орын алды. Атап айтқанда, римдіктер сатқындық жасаған Капуяны толық қоршауға алды. Ганнибалдың қоршауда қалған Капуяға көрсетпек болған көмегі сәтсіз аяқталды. Сондықтан Ганнибал римдіктердің назарын Капуядан басқа жаққа аудару үшін Римге жорық жасады. Алайда, оның үміті ақталмады. Оның үстіне Ганнибал Римді тіке шабуылмен алуға болмайтындығын түсінді. Сонымен ол Италияның оңтүстігіне қайта орлуға мәжбүр болды. Осы уақытта Публий Сципионның армиясы б.д.д. 204 жылы Африкаға келіп түсті. Карфагендік сенат Ганнибалды шұғыл түде Италиядан шақырып алды. Б.д.д. 202 жылы Карфаген астанасынан оңтүстіктегі Зама қаласының түбіндегі шайқаста Ганнибал өзінің алғашқы әрі ең соңғы жеңілсіне тап болды. Ол селевкидтік патша Антиох ІІІ қорғаныш сұрады.
Ганнибалдың теңдесі жоқ қолбасшылық дарынына қарамастан, екінші Пуни соғысының тағдыры шешіліп қойған болатын. Материалдық ресурстар мен әскердің саны мен сапасы римдіктердің жеңісін күні бұрын анықтап бергендей еді. Б.д.д. 201 жылғы бейбіт шарт бойынша Карфаген Африкадан тысқарыдағы барлық иеліктеріне айырылды. Сонымен қатар Карфаген дербес сыртқы саясат жүргізу құқығынан айырылды және римдіктерге өзінің флоты мен әскери пілдерін беруге тиісті болды. Бұдан өзге Карфаген елу жыл бойы Римге орасан-зор контрибуция төлеуге міндеттенді.
Римнің кейінгі тарихы үшін екінші Пуни соғысының салдары өте маңызды болды. Құлдар мен байлықтың Римге ағылуы, республиканың экономикасында айтарлықтай өзгерістерге әкелді. Карфагеннің жағына шыққан одақтастардың жерлері тәркіленді. Осының арқасында мемлекеттік жер қоры айтарлықтай ұлғайды. Өздерінің итальяндық одақтастарының үстінен бақылауды күшейткен римдіктер, қоғамның үстемдік етуші азаматтары бола отырып, олар өз одақтастарын тәуелділер ретінде қабылдады. Екінші Пуни соғысынан кейін ашық жаулап алушылық сипаттағы римдік басқыншылықтың жаңа кезеңі басталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет