Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады



бет83/92
Дата16.10.2023
өлшемі442,2 Kb.
#115942
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   92
Байланысты:
annotation15107 2

Сулла диктатурасы

Одақтастар соғысында Римге Эгей теңізі аумағынан ығыстырылу және Грециядағы билігінен айырылу қаупі төнді. Бұл қауіпті Понт Митридат VI патшадан төнді. Ол Римге қарсы бағытталған провинцияның тұрғындарын біріктірді, бұл жердегі мақсаты Римнің Армения патшасымен одақтық шарт жасауға қарсы тұру.


Митридат VI патшаға қарсы күшті римдік әскер жасақталды, сенат шешімі бойынша оны тәжірибелі әскербасшы, оптиматтар жақтасы Луций Корнелий Сулла басқарды. Бірақ атты әскер сословиесі өкілдері бай провинциядағы жеңістен түскен табысты оптиматтарға бергісі келген жоқ. Сол себепті, халықтық жиналыс әскерді басқаруды өздерінің әскербасшысы және жақтасы беделді Марийге ұсынды. Грецияға жүзуге дайын тұрған әскер Марийдің жаңа легион жинауын қаламай, оларды шеттету үшін Римге жорыққа шығуды талап етті. Бірінші рет Римді өздерінің әскерлері жаулап алды. Мариандықтар талқандалып, Марийдің өзі Африкаға қашып кетті.
Сулла Сервий Туллий заманына қайтуды жариялады. Оптиматтардың мүддесіне орай центурий бойынша дауыс беру тәртібі қалпына келді, сенаттың ролі күшейді, халықтық трибундардың қызметі шектелді. Оған қоса, бөлініп кеткен популярлар тарапынан қолдау қажет болған Сулла ардагерлерге арналған жаңа колония құру бойынша заңдар шығарып, қарыз бойынша пайыздық мөлшерлемені қысқартты. Осыдан кейін ол Митридатқа қарсы соғысқа аттанды.
Римде Сулланың болмауы Марий жақтастарының қызметін жандандырды. Б.д.д. 87 жылы сулландық құрылыс қарсыласы консул Луций Корнелий Цинна Марийді қуғыннан қайтаруды ұсынды. Сулландықтар тарапынан үлкен қарсылыққа тап болған Цинна Римнен кетті. Ардагерлер тарапынан және италийлік одақтастар тарапынан қолдауға ие болған Цинна қайта әскер жинап, қайта күрес бастады. Бұл уақытқа қарай Этрурийдан келген Марий оған көмекке келді. Ол италиктер және құлдар қатарынан жиналған легион құрды. Римді қайтадан өздерінің әскері жаулап алды. Мариандықтар жеңіске жетті. Келесі б.д.д. 86 жылы Марий да, Цинна да консул болып сайланды. Бірақ кейін Марий қайтыс болады. Цинна басшылығымен билікте қалған популярлар Сулланың іс шараларын жойып, оның өзін қызметтен босатады.
Бұл уақытқа қарай Митридатқа қарсы соғыста жеңіске жетіп, Римнің сол провинцилардағы билігін қалпына келтірді. Б.д.д. 83 жылы көктемде Сулла армиясы Италияға қайтып келіп, Римге беттеді. Рим қабырғасында болған жойқын соғыста елу мыңнан аса легионерлер қаза болды, қала сулландықтар қолына тиді. Популярлар оларға қарсы тұра алмады. Енді Сулла қанды жеңісін тойлады. Популярлар жақтастарының тізімі жасалды және өзге күдіктілердің - проскрипциялардың тізімі жасалды. Бұл тізімге енгендердің барлығы заңсыздар болып, олардың мүлкі тәркіленді. Проскрипцияға енгендерге тиесілі болған құлдарға еркіндік берілді. Бұл репрессия барысында мыңдаған азаматтар жазаланды.
Б.д.д. 82 жылы билік басында болған Сулла жаңа заңдар шығару үшін және мемлекет құрылысн ұйымдастыру үшін белгісіз мерзімге диктаторлық өкілеттіктер алды. Оның өкілеттіктерін қысқарту және ұзарту тек диктаторға ғана тәуелді болды. Оптиматтар жақтасы Сулла консерватизмге толы бірқатар іс шаралар ұйымдастырды. Сенаттың құқықтары өсті. Халықтық жиналыстың ролі түсіп, диктатор айтқан заңдарды ғана қабылдады.
Сулла өзін қолдаған әскерге жағдай жасады: жүз мыңдаған легионерлер Италиядан жер бөліктерін алды. Римнің өзінде он мыңдаған құлдар еркіндік алып, рим азаматтарының құқықтарын ие болды. Олар халықтық жиналысқа табанды ықпал ете алып отырды.
Үлкен мемлекеттің жалғыз басшысы бола отырып, Сулла өзінің күш қуатының шегіне жетті. Бірақ, ешкім ойламаған жағдай болды. Б.д.д. 79 жылы диктатор өз өкілеттіктерінен бас тартып, жеке өмірге бас бұрды. Бір жылдан кейін ол қайтыс болды. Негізінде Сулланың монархиялық билігі Рим республикасы тарихындағы жаңалық болды, бірақ диктатор олигархиялық республика нобилитеті реставрациясы ұраны бойынша әрекет етті. Бірақ, осылай саяси тартыстың күшті құралына айналған, болашақта әскерге сүйене отырып билікті басып алу негіздерінің прецеденті жасалды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет