Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады


Грек полисі және оның өзіндік сипаты



бет62/92
Дата08.09.2022
өлшемі442,2 Kb.
#38696
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   92
Байланысты:
annotation15107

Грек полисі және оның өзіндік сипаты

Полис — қала-мемлекет, Ежелгі Грекия мен Римге тән қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси ұйымдарының ерекше түрі. Полис жері қала аумағынан, оның айналасындағы халқы егіншілікпен шұғылданатын мекендерден құралды. Мемлекеттік аппараты халық жиналысынан, кеңестен және сайланып қойылатын түрлі қызмет адамдарынан (магистраттардан) тұрды. Халық жиналысы билеушінің мемлекетті басқару құқын қамтамасыз етіп отырды. Полистер олигархиялық (Спарта) немесе демократиялық (Афины) түрінде болды. Спарта егіншілік Полиске, Коринф сауда-қолөнері Полисіне жатты. Полистік кезеңдегі Грекияда б.з.д. ІV ғасырдың басында, Римде б.з.д. ІІІ — І ғасырларда дағдарысқа ұшырап, жойылды.




Спарта грек полисі ретінде

Спарта (көне грекше: Σπάρτη, лат. Sparta) немесе Лакедемон (көне грекше: Λακεδαίμων, лат. Lacedaemon) – ежелгі грек қала-мемлекеті (полис), алғашында Эврот өзенінің алабында (Лаконика аймағы) орналасқан, кейін б.з.д. VІ – І ғасырларда Пелопоннестің оңтүстік бөлігін қамтыған. Гомердің «Иллиада» шығармасына қарағанда, Спарта Лакониканың ахейлік 12 қауымының бірі. Б.з.д. он екінші ғасыр шамасында дорийліктер Пелопоннеске басып кіріп, Спарта қоныстарын қиратты. Археологиялық мәліметтер бойынша жаңа Дорий қонысы Спарта деген атпен б.з.д. Х–ІХ ғасырларда Эврот өзеннің жағасында пайда болған. Б.з.д. VІІІ–VІ ғасырларда Спарта көрші аймақтар: батыста Мессанияны, шығыста Клаурияны жаулап алды. Спартаның барлық жері мемлекет меншігіне алынды. Бұл жерлер Спартаның толық құқылы азаматтары – спарталықтарға мұра ретінде пайдалануға берілді. Жерді басыбайлы құлдар – илоттар өң- деді. Спартаның бұрынғы жергілікті халқы – периэктер (жеке басы ерікті, бірақ саяси құқығы жоқ) қолөнермен және саудамен айналысты.


Спарталықтардың өздері жеті жасынан әскери қызметке тартылды. Спартаның саяси құрылысы рулық-тайпалық сипатта болды. Халық жиналысы (апелла) жоғарғы орган саналды. Мемлекетті екі әулеттен (Еврипоний және Ашад) шыққан екі патша басқарды. Олар әскери жасақтарға жетекшілік етіп, бірқатар діни міндеттерді жүзеге асырып отырды, ал ішкі және сыртқы саясаттың аса маңызды мәселелерін ақсақалдар кеңесі (герусия) шешті.
Экономикалық жағынан Спарта қолөнер мен саудасы нашар дамыған, рулық қатынастар сақталған аграрлық қауым болды. Сәулет өнері мен өнерге мән берілмеді. Заңдар өте қатал болды. Б.з.д. VІ ғасырдың аяғында Спарта Пелопоннес одағын басқарып, бүкіл Грекияда билік жүргізу үшін Афинымен Пелопоннес соғысын (б.з.д. 431 – 404 жж.) жүргізді. Спарта жеңіске жетіп, біраз уақыт Грекияда үстемдік құрды. Бірақ билеушілердің ішкі дағдарысы Спартаның соғыс күшін әлсіретті. Ол б.з.д. 371 – 362 жылдары болған соғыстарда өз қарсыластарынан күйрей жеңілді. Б.з.д. 338 жылы Спарта Македонияға, ал б.з.д. 146 жылы Римге бағынып, мемлекет ретінде жойылып кетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет