Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады



бет58/92
Дата08.09.2022
өлшемі442,2 Kb.
#38696
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   92
Байланысты:
annotation15107

Б.д.д. ХІ-ІХ ғғ. Греция

Б.д.д. ХІ-ІХ ғғ. Ежелгі Греция тарихында «қараңғы ғасырлар» немесе «гомерлік кезең» деп аталады. Бұл анықтама ХІХ ғасырда берілді, және ол - Гомердің «Илиада» және «Одиссей» деп аталатын эпикалық шығармалары осы кезеңге қатысты негізгі дерек болғандығына байланысты берілген анықтама болып табылады. Тарих ғылымының дамуына және археологиялық материалдардың біршама жинақталуына байланысты, «полистік құрылыстың алдыңғы кезеңі» атты анықтамасы қалыптасты.


Дорийліктер жаулап алғаннан кейін өз дамуында Греция, ІІІ-ІІ мың жылдық деңгейіне, микендік өркениет пайда болғанға дейінгі деңгейге артқа шегінгендігін осы кезеңді сипаттайтын деректер көрсетті. Б.э.д. ХІ-ІХ ғғ. Греция қоғамы, мықты патша билігі мен бюрократиялық аппараты бар, ахейлік кезеңдегі жоғары деңгейде дамыған мемлекеттік құрылымнан, рулық қатынастар мен рулық-тайпалық ақсүйектер деңгейіндегі қарапайым құрылымға дейін дағдарысқа ұшырап кетті. Тайпа көсемінің томаға тұйық, әлсіз шаруашылығы, ахейлік билеушілердің орталықтандырылған, дамыған экономикасының орнын басты. Ахейлік кезеңде шаруашылықты жүргізетін сарайлардағы құлдар туралы деректерде көрсетілсе, дорийліктер кезеңінде құлдар туралы мүлде айтылмайды, немесе, бағынышты жұмысшылардың аз ғана көлемі туралы көрсетіледі. Мәдениет саласындағы крит-микен кезеңінің ең басты жетістігі – сызықтық хат – гомерлік кезеңде толығымен ұмытыла бастайды.
Микен өркениетіне жататын негізгі аймақтарда халықтың тығыздығы жоғары болса, гомерлік кезең адам санының азаюымен, қоныстану тығыздығының төмендеуімен сипатталады. Кезеңнің тұрақтары күйдірілмеген кірпіштен тұрғызылған қарапайым жер кепелер болды. Микен қолөнершілерінің жасаған бұйымдарының деңгейі Ежелгі Шығыстан әкелінген бұйымдармен бәсекелестікке түсе алса, гомерлік кезеңде қолөнердің деңгейі мүлде төмендеп кетті. «Қараңғы ғасырлардан» бізге бір де бір архитектуралық ескерткіш немесе көркемөнер туындысы жеткен жоқ.
Гомерлік кезеңнің соңында қоғамда мүліктік жіктеліс басталды. Біртіндеп рулық ақсүйектер бөлініп шыға бастады. Қалыптасқан рулық аристократияның өкілдері – басилеилер – жер бөліктерін мұралық жолмен иеленді. Мүліктік және әлеуметтік жіктеліс кедей – феттердің қалыптасуына алып келді. Басилеилер – ақсүйектер кеңесімен бірге өз шешімдерін халық жиналысы арқылы іске асырып отырды. Халық жиналысында еркек жауынгерлер шешуші роль атқарды. Гомерлік кезең гректердің қоғамдық өміріндегі тоқырау кезеңі болғанымен, келесі архаикалық кезеңдегі экономикалық самғау үшін бойынша күш жинақтаған кезең болды. Ерікті жер иеленушілердің өзін-өзі басқаратын қауымы, архаикалық кезеңде, әлеуметтік-экономикалық және саяси ұйым – грек полисіне алып келді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет