Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады


Батыс Рим империясының құлауы және варварлық мемлекеттердің пайда болуы



бет90/92
Дата08.09.2022
өлшемі442,2 Kb.
#38696
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92
Байланысты:
annotation15107

Батыс Рим империясының құлауы және варварлық мемлекеттердің пайда болуы
Б.з. ІV ғ. аяғында варвар тайпаларының айырықша ірі, жаппай көшуі мен олардың әдетте «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталатын Рим империясының территориясына басып кіруі басталды. Герман және басқа да тайпалардың шабуылы, біріншіден, олардың арасында өндірістік күштердің өсуімен байланысты мүліктік және әлеуметтік теңсіздіктің тереңдеуінен, екіншіден, байлықты молайтуға, жер мен әскери олжаны иемденіп қалуға тырысуынан туындады. Бұл кезде соғыс герман тайпалары үшін әдетке, әрі тұрақты кәсіпке айналды. Варварларды Рим империясының ұлан байтақ жерлерімен бай қалалары қызықтырды. Германдардың шапқыншылығынан қорғану үшін римдіктер империя мен герман тайпаларының арасындағы көпшақырымдық шекараны нығайтты. Шекараға топырақ үйіп, ор қазып, тас қабырғалармен қоршалған әскери лагерьлер орнатқан. Шекара бойындағы мұндай бекіністерін римдіктер «лимес» деп атаған. Алайда лимес адам өтпес қамалға айналған жоқ. Жылдар өткен сайын германдар мен римдіктердің қарым-қатынасы күшейе түсті. Лимеске жақын қоныстанған жекеленген герман тайпалары римдіктердің бірсыпыра әдет-ғұрыптарын ұстанатын болады. Римдіктер кейбір герман тайпаларын әскери қызметке шақырды. Германия үшін римдіктер, Рим мен оның провинциялары, германдықтарға белгісіз және құпия ел болып қалған жоқ.
Лимес ғасырларға кететін қорған құсап көрінген. Бірақ ІV ғ. соңы мен V ғ. басында империя мен варварлар күшінің арасалмағы тез өзгере бастады да, шекара жойылып, лимес құлады. ІV-VІІ ғғ. аралығын «Халықтардың ұлы қоныс аудару» уақыты деп атайды. Осы уақыт аралығында герман тайпалары жүздеген жылдар бойы жайлаған өлкелерін тастап, жаңа жерлер жаулап алуға аттанды. Еуропаның картасы танымастай өзгерді. Шапқыншылықтың толқыны Батыс Рим империясын жойып жіберіп, орнына германдардың корольдіктері пайда болды. Ұлы Рим империясы құлап, Еуропа орта ғасырларға аяқ басты. «Халықтардың ұлы қоныс аударуына» бірден-бір себепші ғұндар мен готтардың қысымы болды. Ғұндар белгісіз себептермен Қытаймен шекаралас Азия даласын тастап, мыңдаған шақырым жолмен Батысқа қарай жылжыды. 375 жылы ғұндар сол кезде Рим империясынан тыс Қара теңіздің солтүстік жағалауында тұратын германның гот тайпасына шүйлікті. Готтар тамаша жауынгер болғанымен, ғұндар ордасы олардың тез-ақ ұйқы-тұйқысын шығарды. Готтардың бір бөлігі остготтар ғұндарға тізе бүкті. Ал екінші бөлігі вестготтар Римнің шекарасына қарай шегінді. Ондағы мақсаттары Рим қандай шарт қойса да бағынып, бұрын құлағы естіп, көзі көрмеген жауларынан халқын аман сақтап қалу еді. Римдіктер готтарды қабылдады, бірақ шекара маңынан ең құнарсыз аз ғана жер берді. Вестготтардың шыдамы көп ұзамай таусылды. 378 жылы Адрианополь қаласының маңында вестгот тайпаларын император Валенттің өзі басқарған Римнің таңдаулы армиясы қарсы алды. Осы шешуші соғыста Римнің таңдаулы аримиясы вестготтардан жеңілді. Адрианополь айқасынан кейін империя есін жия алмады. Кейінгі соғыстарда Римді жалдамалылар қорғады. Олардың көпшілігі германдар еді. Герман тайпалары ақыны көп алып, Рим шекарасын өзге герман тайпаларынан қорғап тұруға келісті. Дегенмен жалдамалылар рим әскерінің бұрынғы қуатын қалпына келтіре алмады.
Ганнибал заманынан кейін Рим қабырғасының арғы жағынан жат елдің әскерін көрмеген еді. Одан бері өткен жүзжылдықта Рим ежелгі ұлы мемлекеттің астанасы болды. 395 жылы Рим империясы бөлінгенде батыс бөлігі тиген император Гонорий әлі жас болғандықтан, басқарудың ауыртпалығы оның қамқоршысы, қолбасшы Стилихонға түсті. Стилихонның өзі германның вандал тайпасынан шыққан еді, бірақ ол варварлардың шабуылын жан аямай тойтарып отырды. Стилихонға варвар ретінде сенбеген Гонорий оны өлтіруге бұйрық берді.
Стилихон өлгеннен кейін варварлардың басып енуінен Рим қорғанысын басқаратын ешкім болмады. Гонорий өзінің бекінісі күшті астанасы Равеннадан вестготтардың көсемі Аларихтің басқаруымен Римнің қорғанына қалай жақындап келгенін шарасыз күйде бақылап отырды. Римнің қуатты қорғанын бұзуға Аларихтің күші жетпегендіктен, ол қаланы ұзақ уақыт қоршауда ұстап тұруға бекінді. «Мәңгілік қаланың» қақпасын кім варварларға ашқаны белгілі емес. Бірақ 410 жылы Рим құлады. Вестготтар қаланы үш күн бойы тонады.
Готтардың оңтүстікке қозғалысы германдықтарды рим шекарасына қарай тықсыра түсті. Элбьбаны мекендеп келген аламандар мен бургундтар Рейнге жылжып, өз жерлерін басқа герман тайпаларына қалдырып кетті. Бұл тайпалар вандалдар және лангобардтар т.б. еді. Империя алемандарға «десятиналық далаларды», ал готтарға Дакия провинциясын беруге мәжбүр болды. Константин мен готтардың өзара келісімі бойынша рим әскерінде 40 мың жауынгер готтар қызмет етіп, шекараны өзге тайпалардан қорғап отыруды мойнына алды. Вестгот тайпалары Мезия аймағына орнығып алды. 378 жылы Адрианополь маңында болған шайқаста гот атты әскерінен тас-талқан болып жеңіледі. Багаудттардың көтерілісі және әртүрлі варвар тайпаларының басып кіруі Галлиядағы Рим билігіне кесірін тигізді. Вестготтар 395 жылы көтерілісті қайталап, Балкан түбегін басып алды. Оларды король болып сайланған, белгілі Балт руынан шыққан, тапқыр әскери көсем Аларих басқарды. Рим бай жер Иллирия территориясын вестготтарға беруге мәжбүр болды. Вестготтарды Италия қызықтырды. 408 жылы римнің атақты қолбасшысы Стилихон өлтірілген соң, вестготтар шабуылы күшейді. Аларих 410 жылы Римді алып, тонады. Вестготтар азық-түлік жетіспеуінен Италияда ұзақ тұра алмады, себебі, бұл ел тоналғаннан кейін Африка наместнигі Италияға астық жіберуді тоқтатты. Вестготтар Аларихтің мирасқоры Атаульфтің басқаруымен оңтүстік Галлияға өтіп кетті. 475 жылы император болып Римде Ромул Августул жарияланды. 476 жылы қолбасшылардың бірі варвар Одоакр бүлік жасап, императорды тақтан түсіріп, Неопальға жер аударды. Ол соңғы император еді. 476 жылы оның орнына келген Одоакр өз астанасын Константинопольға көшірді. Сонымен, Батыс Рим империясы жойылды, Византия аталған Шығыс Рим империясы ХV ғасырдың ортасына дейін өмір сүрді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет