Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады


Бірінші тирумвират және Цезарь диктатурасы



бет84/92
Дата08.09.2022
өлшемі442,2 Kb.
#38696
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   92
Байланысты:
annotation15107

Бірінші тирумвират және Цезарь диктатурасы

Римде диктатуралық биліктің орнауына нобилитет пен сенаторлық олигархия қарсы болды. Олар үшін материалдық және саяси артықшылықтар беретін ескі республикалық билік тиімді еді. Экономикалық жағынан күшті бұл топқаерікті тұрғындар категориясы қолдау көрсетті. Тұрақсыз саяси жағдай қалыптасты, саяси күштер белгілі әскербасшыларына сүйенді. Б.д.д. І ғасырдың 60-жылдары билік үшін саяси күресте жеке мансапқұмарлар орын алды. Осындай жағдайда белгілі үш әскербасшы, республиканың саяси қайраткерлері - Гней Помпей, Марк Лициний, Гай Юлий Цезарь одағы қалыптасады.


Әскери жеңстерге қол жеткізген Помпейді әскер қолдады, жер үлестерін алуға үміттенген әскербасшылар қолдады. Крассты атты әскер сословиясы қолдады. Красс Помпейдің күшейіп, сенатпен жақындасып кетуінен сақтанды. Крассқа сенімді әскер керек еді. Сондықтан атты әскер сословиясы египетке қарсы соғысқа уағыздады. Соғыс бола қалған жағдайда әскерді Красс бастауы керек еді. Сулланың жақтаушысы ретінде проскрипция кезеңінде ол үлкен байлық жинақтап, оны саяси күреске қолданып отырды. Спартак көтерілісін басу кезінде де Красс көзге түскен еді.
Гай Юлий Цезарь өз жағына қала плебсін тартып, сенаттық олигархиядан қорғаушысы болып алды. Б.д.д. 60 жылы Помпей, Красс, Цезарь құпия келіміс жасады. Оның қатысушылары Цезарьді консул сайлап, саяси артықшылықтар мен республикада жоғарғы билікке қол жеткізуді көздеді. Осылайша б.д.д. 60-53 жж. бірінші тримумвират қалыптасты, бұл үш саяси қайраткердің жоғарғы билікке жету жолындағы сенатқа қарсы одағы болды.
Красстың байлығы, Помпей легионерлерінің күші, Цезарь энергиясына плебс қолдауы қосылып, сенат ештеңе істей алмады. Б.д.д. 59 жылы Цезарь консул болып сайланды. Ол өзінің саяси одақтастарының мүддесін қорғаған бірнеше заң шығарды. Аграрлық заң бойынша ардагерлердің барлығы жер бқліктерін алды. Помпейдің шығыстағы шаралары да өзге заңдармен қорғалды. Азия провинциясынан түсетін салықтың мөлшері азайтылды, триумвираттың жақтастарына жоғарғы мемлекеттік қызметтер берілді. Осылайша алғашқы кезде триумвират арасындағы келісім орындалды.
Осыдан кейін Цезарь Галлияны жаулап алуға кетті. Б.д.д. 52 жылы рим легионерлері Галлияны жаулап алды, осының нәтижесінде Цезарьдың қолына үлкен байлық жинақталды да, Цезарь Помпей ақшасына деген тәуелділіктен құтылды. Цезарьдың қоластында жақсы үйретілген, тәртіпті, өзіне берілген әскер болды. Цезарь легионерлері ішкі және сыртқы жаулармен соғысуға да дайын болды.
Галл соғысы жылдарында Римде триумвиратқа деген сенат оппозициясы күшейді. Бұл қауіпті сезген олар Цезарь әлі 5 жыл Галлияда билік етеді, Помпей мен Красс б.д.д. 55 жылы келесі бес жылға консул болады деп шешкен. Консулдық өкілеттіктен кейін, Помпей Испанияны, Красс Сирияны билеуі керек болды. Римнің қуатты қарсыласы, оның шығысқа экспансиясына кедергі болған Парфия патшалығымен соғыста Красстың қайтыс болуы бірінші триумвираттың ыдырауына алып келді. Цезарь Галлияда болған кезде, сенатты жақтаушы күштер Помпейді өз жағына тартып, оған диктаторлық билікті уәде етті. Бірақ диктатура халық арасында кең қолдау таппайтындықтан, Помпейдің коллегиясыз консул қылып жариялады. Осылайша, заң бойынша диктатура қалыптаспағанымен, жоғарғы билік іс жүзінде оның қолында болды. Сондықтан Помпей мен Цезарьдың арасында билік үшін күрестің туындауы заңды еді. Помпейді оптиматтар әскери көсем ретінде мойындады, сондықтан оған б.д.д. 50-жылы барлық рим әскеріне қолбасшылық жасау ұсынылды. Сенаттың шешімі бойынша Цезарь әскерін таратып, Римге келуі керек еді. Бұл ол үшін өлім жазасы екендігін мойындап, бұны орындаудан бас тартты. Б.д.д 49 жылы ол өзінің «жеребе тасталды» деген қанатты сөзін айтып, өз легионымен Рубикон өзенінен өтіп, Римге бет бұрды.
Қарсылық көрсете алмаған Помпей Грецияға қашты. Римді оңай жаулап алған Цезарь, Испанияға келіп Помпейліктердің негізгі күшін талқандауды көздеді. Испанияны жаулап алып, Помпейге адал әскерді Африкаға ығыстырып. Цезарь Римге келді. Б.д.д. 49 жылы оның легиондары солтүстік-батыс Грецияға келіп, Помпеймен кездесті. Фарсала қаласының түбінде шешуші ұрыс болды, Помпей әскері талқандалып, өзі Египет жағалауына түсер кезде қайтыс болды. Цезарь Египетке келіп, птоломей мемлекетінің тағына Клеопатраны отырғызды. Осыдан кейін Африка мен Испанияда помпейліктердің қалған бөлігін талқандап, б.д.д. 45 жылы Цезарь Рим империясының жалғыз билеушісі болады.
Азамат соғысы барысында Цезарь үш рет әртүрлі мерзімге диктатор болып сайланды. Б.д.д. 44 жылы сенат Цезарьды шексіз диктатор етіп сайлады. енді оның диктатурасы монархиялық билікке айналды. Диктатор бола отырып, Цезарь консул болып сайланды, оның қолына трибуттыұ өкілеттілік жинақталды, цензор құқығы болды. Цезарьға өмірлік император деген титул берілді. Осылайша Цезарь қолына бернеше магистратур жинақталды. Бір адамның қолына соншалықты биліктің жинақталуы республикалық дәстүрге жат еді. Цезарь билігіне діни сипаттама беруге де ұмтылыс жасалды, ол жоғарғы абыз болып жарияланды, осылайша Цезарь билігі монарх билігіне ұқсас болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет