Ежелгі дүние тарихын пәнінен оқу жұмыс бағдарламасы


)Сервий Туллий реформалары



Pdf көрінісі
бет34/66
Дата07.09.2022
өлшемі1,3 Mb.
#38565
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   66
 
3)Сервий Туллий реформалары 
Саяси революцияға дейін патрицийлер мен плебейлер бір-біріне 
қарама-қарсы оқшауланған топ есебінде болды, бұл революцияны дәстүр 
алтыншы патша Сервий Туллийдің атымен (VІ ғасырдағы дәстүр бойынша) 
байланыстырады. «...Ертедегі рулық құрылысты жойған революцияның 
болған мезгілі, барысы, себебі туралы,- дейді Энгельс,- белгілі бір пікір 
айтуға еш мүмкіндік жоқ. Тек бір ғана мәселе, оның плебстер мен populous-
тердің арасындағы тартыстан туғандығы даусыз». Плебстердің сан жағынан 
басым болуы, оның экономикалық маңызының артуы, ақырында 
плебейлердің патрицийлар сияқты әскери қызметке алынуы (оларда 
патрицийлар сияқты өздерінің есебіне қаруланатын болды)- міне осының 
барлығы плебейлерді қатарына қосты және қару-жарақ ұстауға 
жарайтындардың барлығы өздерінің мүліктік цензына сәйкес бес тапқа 


106 
бөлінді. Әрбір тап мүшелері санды әскер бөлімдерін (центурий) беріп 
отырды. Әр тапқа белгілі қару-жарақ тапсырылады. Бірінші таптың қару 
жарақпен толық қарулануы талап етіледі: дулыға, дөңгелек қалқан, айбалта, 
сауыт (барлығы да бронзадан істелген), қылышы мен найзасы болу керек еді. 
Ал басқа таптардан толық қарулану талап етілмеді; бесінші таптың 
азаматтары тек сақпанмен ғана қаруланды және тастары болды. Бірінші 
таптың цензы бар азаматтары салаттыларының 18 центурейін құрастырды.
Цензы жоқтар пролетарлар қатарын құрады. Қолөнершілер мен 
музыканттар 4 центурия (басқа таптармен бірге сайлайтын ед»), пролетарлар 
бір центурийй бөлді. Центурийлер тек әскери ғана емес, сонымен қатар 
саяси бірлік те болып есетеледі. Жиналысқа жиналған азаматтар 
центурийлерге бөлінді, әрбір тип қанша центурий бөлсе, сонша дауысқа ие 
болды; 193 центурийден 98 центурий бөлген бірінші тап (салтаттыларме 
бірге) басым болып қала берді. Дауыс беру әдетте ақырғы тап түгіо, ортаңғы 
таптарға да жетпей аяқталатын. 
Азаматтарды тапқа бөлумен қатар, Сервий Туллий Римді 
территориялық трибаларға бөлді дейді, оның төртеуі қалалық және бірнешеуі
селолық трибадар болды; бұл Тит Лвийдің айтуынша -21. Дионисий 
бойынша-26, ал ескі аттарын санасақ (патриций рулары бойынша, не бары 16 
болды. Жаңа құрылыс кезінде центуриаттық комицийлер ерекше мәнге ие 
болды, онда да адамдардың шыққан тегі емес, байлық дәрежесі шешуші роль 
атқарады, куриялар бойынша болатын жиналыстар өздерінің бұрыңғы 
маңызынан айрылды. Ру шонжарлары өзінің бұрыңғы ықпалынан
айырылмағанын айта кетуіміз керек.
Деректер бойынша ақша реформасын жүргізді дейді ( Римде алғаш рет 
ақша жасатты). Қоғамның әлеуметтік дамуына бар күш жігерін салған. Ол 
Афинада құлдарды, кедейлерді басыбайлықтан құтқарып, еркіндік беретін 
бұл пехит деп аталатын. Сондықтан сервия Тулийді жалықтық патша деп 
атайтын. Әсіресе оны плебейлер қатты сыйлайтын.
Сервий реформаларының болған-болмағандығы жөніндегі мәселе 
тарихымызда әр түрлі шешіледі. Көптеген оқымыстылар ( Пайс, Белох және 
т.б.) азаматтарды тапқа бөлу б.з.д. ІV ғасырдың аяқ шегінен, не тіпті ІІІ 
ғасырдың басынан ертерек болған жоқ деп есептейді.
Қалай дегенмен де, Сервий реформасының кейбір оқиғалары 
жайындағы хабар, Рим мемлекетінің тарихында олардың революциялық 
маңызы болғандығын аңғартады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет