Байланысты: Ж мыс ба дарламасы П нді о ытуды ма саты Ежелгі д ние тарихыкур
Марк Туллий Цицерон (б.э.д.106-43 жж.) – атақты адвокат, шешен, жазушы,
саяси қайраткер. Цицерон Арпин қаласында дүниеге келді. Ол Римдегі грек
оқытушылардан білім алды. Мектепте грек әдебиетінің классикасымен танысты –
Гомердің
поэмаларымен,
драмалармен,
шешендік
сөздермен.
Цицерон
философиямен, грек және латын тілінде шешен сөйлеумен, грек тілінен аударумен
және поэма жазумен машықтанды. Грек
және
рим
әдебиетінің
синтезіЦицеронның
жан-жақты
шығармашылығында іске асырылды. Цицеронның өте бай әдеби мұрасы сақталды:
саяси бағытта, сотта сөйлеген 58 сөзі, шешендік өнер, саясат, практикалық және
теориялық философия туралы 19 трактаты, аса маңызды психологиялық құжат,
латын тілінің ескерткіші және Римдегі азамат соғысы туралы деректеме болып
табылатын 800-ден астам хаты бар.
Цицерон адвокаттық қызметіне б.э.д. 80-ші жылдардың аяғында кірісті. 63 ж.
ол консул болып сайланады, сол кезден бастап оның беделі қатты өседі: ол Сенатта
басшы роль атқарады, Кіші Азияда проконсул болады. 48 ж. император Цезарь
жеңгеннен кейін саясаттан қол үзіп, әдебиетпен айналысады. Сол кезде ол көптеген
шығармалар жазды: риторикалық («Брут», «Шешен» - римдегі шешен өнерінің
тарихы, стилі туралы), философиялық трактаттар. Цицерон рим әдебиетінде бұрын
болмаған көркем философиялық прозаны жетілдіруін мақсат етті. Ол этика,
метафизика, тану теориясының әр түрлі мәселелерін қамтитын және рим көпшілігін
грек философиясының ең маңызды бағыттарымен таныстыратын еңбектердің
сериясын шығарды. Цицеронның маңызды жетістіктерінің бірі – латын тілінде
философиялық терминологиясын шығару.
Б.э.д 44 ж. бастап Цицерон қайта саясатпен айналысады. Оның атақты
«Филиппики» еңбегі Антонийге қарсы күрестің әдеби ескерткіші болып есептеледі
(«Филиппики» деген атты Цицерон грек шешені Демосфеннің Филипп
Македонскийге қарсы сөздерінен алған).
Цицерон еуропалық мәдениет тарихына үлкен ықпал жасады. Ол рим
прозасының асқан шебері болып саналады. Оның аты шешен деген сөздің синонимі
болды. Цицерон еңбектері Қайта өркендеу дәуірінде, XVII-XVIII ғғ., ХІХ ғ. да
жоғары бағаға ие болды. Ол ағылшын және француз философ ағартушыларына
(Дидро, Вольтер т.б.), француз революциясының жалынды шешендеріне (Марат,
Робеспьер), А.Н.Радищев пен декабристерге үлкен әсер етті.