Ежелгі Египет



Дата25.11.2023
өлшемі3,01 Mb.
#126498
Байланысты:
484904.pptx

Орындаған: Пазилова Асем

Тоб: шт 15-1(A)


Ежелгі Египет мәдениеті
Жазу
Египетте жазу өнері б.з.б. IV м.ж. пайда болды. Ең алғаш жазулар сурет ретінде салынған. Ең алғаш жазуларды таңбалар мен суреттер құрады. Бұндай таңбалар иероглифтер деп аталды, ал египеттік жазу иероглифика деп аталады. Олардың саны 700-ден аса болды, ал кейінірек тіпті бірнеше мыңға дейін жетті. Иероглифтер ондағы бейнелер қайда қарап тұр, солай оқылады. Оңнан солға немесе солдан оңға.
Папирусқа жазылған иероглифтер.
Тасқа жазылған иероглифтер.

Египетте жазу үшін папирус пайдаланды.


Египет пирамидалары әлем кереметтерінің бірі болып табылады

Египет жерінде салынған ғибадатханалардың алдына сфинкстер тұрғызылды. Тастан қашалып жасалған сфинкстердің денесі арыстан, ал басы адам бейнесінде болды. Оның басы перғауынды бейнеледі. Сфинкс — Египет өміршісінің құдіреті мен күшінің оның даналығы мен жұмбақтығының жаршысы болды.

  • Египет жерінде салынған ғибадатханалардың алдына сфинкстер тұрғызылды. Тастан қашалып жасалған сфинкстердің денесі арыстан, ал басы адам бейнесінде болды. Оның басы перғауынды бейнеледі. Сфинкс — Египет өміршісінің құдіреті мен күшінің оның даналығы мен жұмбақтығының жаршысы болды.
  • Ең алып сфинкс б.з.б үшінші мыңжылдықта салынған. Ол осы уақытқа дейін Хефрен пирамидасын күзетіп түр. Тұтастай алынған жартастан жасалған бұл сфинкстің басы адамның басынан отыз есе ұлкен, ұзындығы 57 метрге жетеді.

Хеопс пирамидасы
Жосер
пирамидасы
Математика.
Математикадағы жетістіктер:
- Пирамидалар салғанда оның көлемін есептеп отырған.
  • Күрделі геометриялық құрылыстар салған.
  • Архитектура мен сурет өнерінің бірлестігін анықтап, ұтымды пайдалана білген.

  • - Дөңгелек көлемін қандай әдіспен анықтау керектігін білген.
    - Түбірасты квадраттарын анықтай білді.
    - Кез келген заттың көлемін есептей алған.
    -Арифметикалық және геметриялық прогрессия туралы білді.

Риндтің (б.з.б.1700 ж.) математикалық папирусы.
Геометрия
Пирамидалар
Египеттегі ең ежелгі пирамиданы перғауын Джосер (б.з.б. 2780-2720 жж.) салдырған.
Әлемнің жеті кереметінің бірі саналатын ең атақты пирамиданы перғауын Хуфу (Хеопс б.з.б. 2551-2558жж.) салғызған. Оның ұзындығы 146 метр.
Астрономия.
Египеттіктердің астрономия саласына қызығушылығы жоғары болды. Әр түрлі планеталар мен жұлдыздарды айыра білген. Өз білімдерін күнтізбе жасауға жұмсаған. Ең негізгі жұлдыз Сириус болды, египеттіктер оны Сопдет деп атады. Ең алғашқы египеттік күнтізбенің шығуын осы жұлдызбен байланыстырған.

Астрономиядағы жетістіктер:

Астрономиядағы жетістіктер:

  • 365 күннен тұратын күнтізбені құрастырды.
  • Суда ұстайтын шыдамды сағатты ойлап тапты.
  • Жұлдыздарды жұлдыздар бірлестігіне біріктіріп, оларға атау берді.
  • Күн сағаттары арқылы күндізгі уақытты анықтады.
  • Түнгі уақытты анықтайтын жұлдыздар кестесін жасады.

Астрономия.
Медицина және дін.
Медицина дінмен тікелей байланысты болды. Ауруды емдеуде дұға оқу ерекше орында болды. Храмдарда дәрігерлер өмір сүрді, олар абыздар қызметін де атқарды.
Ежелгі египеттік дәрігерлер адам денесінің құрылысын жақсы білген. Олар дінмен байланыстыра отырып ежелгі адамның денесін келесі жаңа өмірге дайындап, бальзамдап, арнайы ақ матамен ораған (мумиялаған).

“Тарихи домино”

“ҚҰПИЯ СҰРАҚТАР”


Ж
  • Е

Т
Е
Г
Л
П
И
Е
Г
І
Е

Пирамидаларға таяу жердегі басы адам, денесі арыстан бейнесіндегі алып мүсін

Сфинкс

Ертеде адамдар сфинксті қалай атаған?

“Үрей атасы”

Египеттіктер су сағатын және тағы қандай сағатты ойлап тапты?

Құм сағатты

Египеттіктердің жазу жүйесі қалай аталады?

Иероглифтер

Египеттіктер аспан әлемін бақылау арқылы қандай табиғат құбылысын болжап білді?

Нілдің тасуын

Египеттегі күн құдайының есімі

Амон-Ра

Египеттегі ақыл мен білімнің құдайы

ТОТ

Перғауындардың пирамидалары қай қаланың маңында орналасқан?

Каир қаласының маңындағы Гиза деген жерде

Египеттегі ең биік пирамида қай перғауынға арналып салынды?

Хеопс перғауынға

Жосер перғауынға арналып салынған пирамиданың құрылысының ерекшілігі неде?

Баспалдақ тәріздес

Ніл өзенін бейнелеген құдайдың есімі

Хапи

Хеопс пирамидасын салу үшін 20 жыл уақыт кеткені туралы мәлімет қалдырған грек тарихшысы кім?

Геродот

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет