Олар шындық,ақиқат шешімге ұмтылуды емес, жеңіске жетуді ғана мақсат тұтты, пікір сайыстарда «кімге болмасын, ненің болмасын дұрыстығын» дәлелдеу тәсілі ретінде арнайы оқытылды. Сондықтан «софист» сөзі жағымсыз мағынаға ие болды. Соған қарамастан софистер риторика (шешендік өнер) мен тіл ғылымдары (лингвистика) дамуында маңызды рөл атқарды:олар ашқан софизмдер (парадокстер) логиканың қалыптасуына түрткі болды. Софистерді мынадай топтарға жіктеу қабылданған:
1.Аға софистер (б.з.д V ғ. ) – Протогор, Горгий, Антифонт, Критий, Гипий, Продик.
Объективті болмысты терістеу және барлық нәрсенің тек адам ойында тіршілік етуге талпыныс.
Аристотель немесе Ликей мектебі
Александр таққа отырған 335 ж 50жастағы Аристотель Афинаға қайта оралып, өзінің философиялық мектебін – Ликейді(лицейді) ашады. Мектеп Ликейлік Апполонға арналған шағын орманда орналасқандықтан Ликей атанды. Ликейдегі дәрістер серуендей жүріп өтілетін болғандықтан Аристотель шәкірттері және оның жолын қуушылыр «перипатетиктер» (серуендеушілер ) атанады.
Эпикурлік мектеп
Эпикуреизмді, тұтас алғанда, эллиндік дәуірдің атомизмі деп атауға болады.(Алайда Эпикурдің өзі Демокрит ықпалын ешқашан мойындамаған). Негізін қалаушы – Эпикур(б.д.д 342/341-270/271).