Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама



бет148/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   151
Байланысты:
Тарих дайындық материалдар

ЭКОНОМИКАЛЫҚ: Америка Құрама Штаттары –Қазақстанның ірі сауда әріптестерінің бірі. 2009 жылы Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2 миллиард АҚШ долларын құрады (экспорт – $612,6 миллион, импорт – $1,4 миллиард). Бұл Қазақстанның жалпы тауар айналымының 3,3 пайызына тең. Сауда айналымының 2008 жыл­мен салыстырғанда, 500 миллион АҚШ долларына төмендеуі дүниежүзілік экономикалық дағдарыс салдары Қазақстанда АҚШ капиталы­ның қатысуымен 350-ден астам кә­сіпорындар жұмыс істейді. Аталған кәсіпорын негізінен шикі мұнай мен ілеспе газ өндіру, құрылыс, фармацевтикалық тауарлар сату, қонақ үйлерге қызмет ұсыну, көлік-экспедициялық қызмет көрсету, геологиялық барлау мен іздеу (ғылыми зерттеулерсіз) жұмыстарын және басқа да салаларды қамтиды.
"ШевронТексако", “Эксон­Мо­бил”, “КонокоФиллипс”, “Орикс/КеррМакГи” сияқты америкалық компаниялар еліміз экономикасы­ның дамуына көмегін беріп, алдыңғы орындарды иеленуде. Аме­рикалықтардың қатысуымен құрылған “Теңізшевройл”, “Аджип ККО”, “Каспий тұрба құбыры кон­сорциумы”, “Қарашығанақ инте­гра­циялық ұйымы” сияқты ком­па­ниялар мен бірлескен кәсіпорын­дар еліміздегі ірі жобаларды жүзеге асыруға белсене үлес қосып келеді.
мәдени-гуманитарлық: Қазір Қазақстан-АҚШ қарым-қатынасының жаңа бір "көзі" – әлемдік қауіпсіздік мәселесі. Қазақстан қазір АҚШ-тың ықпалымен өзіндегі бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, терроризмге қарсы күреске қосылуда. Ал, АҚШ осы межеде, өз кезегінде Қазақстандағы өтіп жатқан реформалар үшін қолдау көрсетіп келеді.
Қазіргі таңда Қазақстан және АҚШ стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге шығуы тиіс. Қазақстан Республикасы АҚШ-тың Орталық Азиядағы басты серіктесі болуы, бір жағынан, Қазақстан үшін АҚШ-пен ынтымақтастықты жан жақты дамытуға ықпал етуде, ал екінші жағынан, АҚШ Орталық Азияның ең тұрақ- ты және болжамды арнада даму үстіндегі және экономикасы жедел қарқынмен дамып, прагматикалық тұрғыдан негізделген көпвекторлы сыртқы саясатын жүргізіп жатқан, демократиялық үдерістері серпінділігімен сипатталатын Қазақстанмен қарым-қатынасты дамыту қажеттігін түсінуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет