21. Қазақстан Республикасының экологиялық проблемаларды шешу жолындағы халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын ашып көрсетіңіз. Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) үлкен үлес қосып отыр. Табиғатты қорғау қызметіне БҰҰ-ның барлық басты органдары мен мамандандырылған мекемелері: Бас Ассамблея, Экономикалық және әлеуметтік кеңес (ЭКОСОС), Аймақтық экономикалық комиссиялар (мысалы, Еуропалық экономикалық комиссия), Халықаралық еңбек ұйымы (MOT), Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО), Халықаралық реконструкция және даму банкі (МБРР), Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ), Халықаралық теңіз ұйымы (ИМО), Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ВМО) және т.б. қатысады. Бәрінде Қазақстан бар 1992 жылдың маусымында БҰҰ-ның Рио-де Жанейродағы болған айналаны қоршаған орта жөніндегі конференциясы климаттың өзгеруі туралы рамкалық Конвенция қабылдап, оған 150-ден астам ел қол қойды. 1999 жылдың 19 наурызында БҰҰ-ның штаб квартирасында Қазақстанның өкілетті өкілі Ақмарал Арыстанбекова да рамкалық Конвенцияға қол қойды.
1997 жылы 24 шілдеде АҚШ президенті Клинтон атақты ғалымдарды жинап (оның ішінде 3 Нобель сыйлығының лауреаты бар) «парниктік эффекті» тудыратын газдарды азайтуға бағытталған заңды қабылдап, глобальдық жылынуға қарсы күресетін ұлттық компанияны құрып, бұл мәселені радикалды түрде шешуге жұмылдырды. 1997 жылы 29 шілдеде «Вашингтон папкасы» қабылданды.
Қазақстан 1995 жылы Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ Үлгілік конвенциясын бекітті, ал 1999 жылы осы Конвенцияда Киото хаттамасына қол қойды. Қазақстанның Киото хаттамасын бекітудің мақсатқа лайықтығын айқындау үшін 2004 жыл барысында қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелердіңң Қазақстанның экономикасына әсері туралы зерттеулер жүргізу қажет.
22. Қазақстан және АҚШ арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастар. 1991ж. 25 желтоқсан АҚШ Қазақстанның тәуелсіздігін мойындады
1997 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарлама жасалды.
САЯСИ: АҚШ елінің Қазақстанға басты назарын қаратудағы мақсаты – қазақ елінің ядролық қарудан бас тартуы. 1992 жылы мамыр айында еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа жасаған алғашқы іс-сапары кең көлемді ынтымақтастықты дамытуға негіз болды. 1994 жылы 14-16 ақпанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-та ресми сапармен болып, оның барысында Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасында серіктестік қатынастарды дамыту және тереңдету үшін негіз жасайтын басты құжат — "Демократиялық серіктестік туралы хартияға (құжатқа)" қол қойды. Бұл ортақ құжат 17 баптан тұрады. Құжатта саясат, қауіпсіздік, экономика, мәдениет, білім беру, қоршаған ортаны қорғау, ғылым, денсаулық сақтау мәселелері мен өзге салаларда екі мемлекеттің мақсаттары мен міндеттері нақты баяндалды.