Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама


Алашорда үкіметі мен Кеңес үкіметі арасындағы қарым-қатынас



бет96/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   151
Байланысты:
Тарих дайындық материалдар

Алашорда үкіметі мен Кеңес үкіметі арасындағы қарым-қатынас.

1918 жылы 5 каңтарда Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы күшпен таратылған соң Алашорда мен Кеңестік биліктің арақатынасы күрделене түсті. Кеңестік билік бұрынғы отарлық езгідегі халықтарға тек кеңестік негіздегі автономия беретіндігін мәлім етті. Бұл белгілі бір ұлттық автономиялық мемлекеттікті иемденуі емес, оның белгілі бір бөлігінің ғана, яғни жұмысшы және шаруалардың өзін-өзі билеу мүмкіндігіне ие болғандығын білдіретін шара еді.1918 жылдың көктемінде Алашорда мен Кеңес үкіметі арасында өзара түсінушілікке ұмтылыстың нышандары байқалды. Осы жылдың наурызында Оралдан Мәскеуге Алашорда үкіметінің тапсыруымен Халел және Жаһанша Досмұхамедовтар аттанып, барған бетте Халык Комиссарлар Кеңесінің Төрағасы В.И.Ленинмен және Ұлт істері бойынша Халық Комиссары И.В.Сталинмен кездесіп, оларға II Жалпықазақ-қырғыз съезінің (Орынбор, 1917 ж. желтоқсан) қаулысын табыс етеді.20 наурыз күні И.В.Сталин Семейдегі Алашорда үкіметінің орынбасары Х.Ғаббасовпен телефон арқылы екі билік орындарының бірін-бірі өзара мойындау шарттары жөнінде сөйлеседі. 1918 жылы 21 наурыз күнгі отырысында Алашорда үкіметі Кеңестік билікті ресми түрде мойындайтындығы жөнінде шешім қабылдап және ол жөнінде Мәскеуге хабарлап, Алашордаға байланысты тура осы мазмұндағы шешімнің Кеңес үкіметі тарапынан да қабылдануын талап етті. Бірак Алашорда үкіметінің толық заңды талабы жауапсыз қалды. Оған себепші болған Алашорда үкіметінің «Алаш автономиясында закон шығаратын һәм ел билейтін үкімет Алашорда болады, ал жергілікті советтер Алашордаға жәрдемші қызметін атқарсын, сондай-ақ Жалпықазақ- қыргыз съезінің(1917, желтоқсан) шешіміне сәйкес Алаш әскері құрылады» деген ашық та анық ұстанымы еді. Алашорда үкіметінің бұл ұстанымы кеңестік орталыққа ұнамады. Міне, осы кезден бастап Мәскеу большевиктер билігі жағына шыққан қазақ саяси тобын қолдап, оларды ұлт-азаттық идеологиясы ұстанымындағы топқа қарсы кою әдісіне көшеді.1918 жылдың көктемінде басталған азамат соғысының жалыны Қазақстанды да қамтыды. Кеңестік билік тарапынан түсінбеушілік пен қолдау табудан күдер үзген Алашорда енді большевиктерге қарсы ымырасыз күреске шыққан Сібір уақытша үкіметі мен Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы мүшелерінің Самара комитетінің қолдауына сүйеніп, Алаш автономиясын өмірлік шындыққа айналдырудан үміттенді. Өз ретінде Алашорда үкіметі аталған Кеңестік билікке қарсы күштерге жай арқа сүйеп қана койған жоқ, өзі де әрекетке көшті. Яғни, ел арасынан қол жинап, әскер жасақтап большевиктер құрған жүйеге қарсы нақты іс-шараларға барды. Бірақ қақ жарылып өзара соғысып кеткен империядағы саяси күштердің екеуінің де Алаш автономиясын мойындау ойларында болған жоқ. Алдымен, өзін Уақытша үкіметтің мұрагері санаған Уфа директориясы 1918 жылғы 14 қарашадағы каулысымен Алашорда билігінің таратылғанын мәлім етті. Дәл осындай шешімді 1920 жылдың 9 наурызында Кеңес үкіметі де қабылдады.
Ресей империясын қамтыған дағдарыс жағдайында отарлық тәуелділікте болып келген халықтардың саяси дербестікке ұмтылысы бұрынғы Түркістан генерал-губернаторлығына карасты әкімшілік-аумақтық ауқымда да анык көрініс тапты. Қазақстанның Сырдария және Жетісу облыстары 1924—1925 жылдары Түркістан өлкесінің құрамында еді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет