Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама


ЖАУАПТАРЫ ҚАЗАҚСТАНДА КЕҢЕС ҮКІМЕТІНІҢ ОРНАУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ БАЯНДАҢЫЗ



бет92/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   151
Байланысты:
Тарих дайындық материалдар

ЖАУАПТАРЫ


  1. ҚАЗАҚСТАНДА КЕҢЕС ҮКІМЕТІНІҢ ОРНАУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ БАЯНДАҢЫЗ.

Бірінші дүниежүзілік соғыстың (1914-1918) салдарынан Ресей империясы үлкен дағдарысқа ұшырады: бірінші – экономикалық, екінші – саяси дағдарыс. Соғыстың салдарынан елдің шаруашылығы қирады, өндіріс орындары тоқтады, теміржол қатынасы бұзылды, ауыл шаруашылығы күйреді. Бұл дағдарыс жұмысшылар мен шаруалардың өкіметке деген үлкен наразылығын туғызды. Патша өкіметі бұл дағдарыстан шығудың жолын таба алмады, сөйтіп елді басқару қабілеті төмен болды. Осы аталған дағдарыс патша өкіметінің 1917ж. ақпан айында құлауына себеп болды. Оны Ақпан төңкерісі деп атайды. Осы төңкерістің нәтижесінде қос өкімет — жұмысшылар, шаруалар және солдат депутаттарының кеңесі және Уақытша үкімет құрылды.


Бірақ Уақытша өкіметтің өмірі де ұзақ болмады. 1917ж. 25 қазанда Уақытша өкімет құлап, оның орнына большевиктер басқарған Кеңес өкіметі орнады. Бұл жұмысшылар мен шаруалардың билігі орнаған өкіметі еді. Оның мақсаты – пролетариат диктатурасының басшылығымен Ресейде жаңа қоғам – социализмді орнату. Бұл оқиға бүкіл әлемді дүр сілкіндірді, себебі социализмге жол ашуды бірінші Ресей бастады.
Қазан төңкерісі елді экономикалық және саяси дағдарыстан шығуға жол ашты. В.И.Ленин бастған большевиктер партиясы осы дағдарыстан шығудың сара жолы – Ресейдің империалистік соғысты тоқтатып, бейбіт өмірге көшу деп білді. Сондықтан Ресей ең бірінші болып бірінші дүниежүзілік соғыстан шығады.
1917 ж. қазаннан 1918 ж. наурызға дейін Қазақстанның көптеген аудандарында Кеңес өкіметі орнады.
1) Кеңес өкіметінің орнаған алғашқы жері Перовск (Қызылорда) қаласы болды. Мұнда жұмысшылар мен солдаттар өкімет билігін 1917ж. 30 қазанда өз қолына алды. Перовскіде үлкен әскери гарнизон орналасқан еді және темір жол станцясы болатын.
2) 1917ж. қараша айының орта кезінде Кеңес өкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді.
3) Қараша – желтоқсан айларында Кеңес өкіметі Әулиеатада (Тараз), Түркістанда, Қазалыда, Арал поселкесінде және Сырдария облысы- ның басқа да ірі елді мекендерінде қан төгізсіз бейбіт жылмен орнады.
4) Петропавл қаласында жаңа өкімет 10 қарашада орнады.
5) 1917ж. желтоқсан – 1918ж. наурыз аралығында Кеңес өкіметі Торғай облысының орталығы және Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады.
6) Семейде өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918ж. ақпанның орта кезінде көшті.
7) Жетісуда Кеңес өкіметін орнату жылындағы күрес 1918ж. көктеміне дейін соғылды. Себебі мұнда төңкеріс қарсыластары күштері басым болды. Верный қаласы Жетісу қазақ-орыс әскерлерінің орталығы болды, ал қазақтар патшаның тірегі болғаны белгілі.
8) Кеңес өкіметі 1917ж. наурыз айында Жаркентас, Сергиопльда (Аягөз), Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады.
9) Кеңес өкіметінің ең соңғы орнаған ауданы – Орал қаласы болды, онда жаңа өкіметтің билігі наурыз айында жұмысшылардың қолына көшті.
Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918ж. наурыз айына дейін Кеңес өкіметі. Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет