Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама


Кеңестік тоталитарлық жүйенің нығаюы және оның 1937-1938 жж. жаппай репрессиялау шаралары



бет117/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   151
Байланысты:
Тарих дайындық материалдар

18. Кеңестік тоталитарлық жүйенің нығаюы және оның 1937-1938 жж. жаппай репрессиялау шаралары.
1931 жылы І Бүкілодақтық социалистік өндіріс жұмыскерлерінің конференциясында И.Сталин: «Біз алдыңғы қатарлы мемлекеттерден 50–100 жылға артта қалып қойдық. Біз осы уақытты 10 жылда басып өтуіміз қажет», — деп мəлімдейді. «Барлық халықтар көсемі» осы «жүгіріп өтуге» қанша адам құнын төлеу керектігін есепке алмайды. Ол бұл мақсатқа жету үшін заңсыздық та, жаппай репрессия да толығымен қолданыла алады деп санайды. И.Сталин өзінің қатігездігімен жəне бірбеткейлігімен партия жəне мемлекет аппараттарын бағындыра отырып, олардың көмегімен өз мақсатына жетеді. 1930 жылдардың аяғында КСРО-да партиялық мемлекеттік бюрократия, жаппай репрессия мен қорқыту, лагерлер мен түрмелер үстемдік еткен сталиндік социализм орнайды. Қазақ ұлты қатігез геноцидке тап болып, ауыр кезеңдерді бастан өткереді.
1937–1938 жж. саяси репрессия бұрынғы КСРО-ғы жеке тұлғаларға қарсы ұйымдастырылған қуғын-сүргін шараларының ең шарықтаған кезеңі болады. Ол бірнеше факторлардың, əсіресе белгілі əлеуметтік-саяси топтардың, соның ішінде Б (б) КП-нің билік үшін күресінің нəтижесі болып табылады. Бұл күресте И.Сталиннің жеке билігін орнату барысында тек шынайы қарсыластарын ғана емес, бəсекелестерін, сталиндік режимнің қарсыластарын да жоюға бағытталған саясат негізгі роль атқарады.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ СЕБЕП ТЕ БАР: Бұл жерде жасырын экономикалық сыр да болады. КСРО ұлан-байтақ территориясы бар, аграрлық бағыттағы мемлекет болды. Өркениеттік əдістермен экономикаға жаңа бағыт беру ұзақ та- рихи үрдісті талап етіп, ішкі саяси жағдайдың біршама жағымды болғанын қажетсінетін еді. Ал Қазақстан орасан зор кеңістікті алып жатқан, ауа райы қолайлы, табиғи ресурстарға бай, халқы аз болғандықтан, бұл мақсатты жүзеге асыруға өте қолайлы болды. И.Сталин үшін «жетіп алып, озып кету», жедел күшті өнеркəсіп пен қуатты əскери-өнеркəсіптік кешен құру маңызды болды. Ал, репрессиялық саясат қосымша қаражат көмегінсіз елдің халық көп шоғырланған аймақтарына орасан зор көлемдегі адамдарды қоныс аудартып, олардың еңбектерін пайдалануға мүмкіндік беретін еді.
АЙЫПТАЛУ: 1930 жылдардың басына қарай қоғамдық санаға əсер ету құрылымы жасалады. В.Лениннің, К.Маркстің, Ф.Энгельстің ойларын догмалау үрдісі аяқталып, И.Сталиннің жеке басына табыну қалыптасады. «Барлық уақыт пен халықтардың ұлы көсемінің» кез келген сөзі халық пен партия үшін заңға айналады. Ол басқарушы органдардың Б (б) КП (съездер, пленумдар, конференциялар, ОК саяси бюросы) шешімдерінің негізінде республикалық жəне жергілікті партия органдарымен жүзеге асырылады. Партия шешімдерін тек партия мүшелері ғана орындауға тиіс делінгенмен, елдегі барлық халық сонымен өмір сүреді. Партияның қолшоқпары болып табылатын газеттер партия шешімдерін жарыса жазып, талқылап жатады. Кейде И.Сталиннің кейбір бұйрықтары көсемнің атымен беріле алмайтын жағдайда, олар газеттерде мақала түрінде «Халық дауысы» айдарымен жарияланады. Газеттерде жарияланған кез келген сын-пікірдің соңы репрессия түріндегі қуғын-сүргінмен аяқталады.
Жаппай қуғын-сүргін елдегі халыққа қорқыныш ұялатып, ешкім өзін қауіпсіздікте сезінбейді. Əр адамды партия мен мемлекет үшін сіңірген еңбегіне қарамастан, қамауға алып, жалған айыптар тағылады. Бұл əрекеттер адамдарды «жоғарыдан» берілген бұйрықтарды еш қарсылықсыз, үндемей орындауға мəжбүр етеді. Репрессия халықтың барлық қабаты мен саласын қамтиды. Сталиннің жаппай қырып-жою саясаты бойынша жоспарын жүзеге асыруы 1937 жылғы 2 шілдедегі Б (б) КП ОК шешімінен басталып, ІІХК Ежовтың қолы қойылған № 00447 жедел бұйрығымен жеделдетіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет