ЕЖЕЛГІ КЕЗЕҢ 1. Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер ТАРИХНАМА: Сақтар туралы Мартынов «Ранний железный век Евразии және Яблонский, Руденко секілді орыс ғалымдары зерттеген. Талас Омарбеков, К. Ақышев зерттеген.
Ерте темір дәуірі тайпалары туралы жазба деректерге көне парсы, грек, латын тілдерінде жазылған жазба деректерді жатқызамыз және арамей әліпбиі негізіндегі көне иран деректерін айтамыз.
Парсы империясында Ахеменид әулетінен шыққан Кир, Дарий, Ксеркс, Артабан, Кемфис секілді патшалар болды. Олардың тапсырысымен «Бехистун», Нахщи Рустам тас жазбалары бар. Онда сақтар үш топқа бөлінген. Ксеркстің антидэвтік жазбасында дайлар туралы айтқан.
Ерте темір дәуірі тайпалары жөнінде жазылған тағы бір дерек арамей әліпбиі негізінде жазылған көне ирандық АВЕСТА.
Көне латын, грек тілінде жазылған еңбектерге Геродоттың «Тарих», Страбонның «География» шығармасы, Ксенофонт пен Птоломей еңбектері, Ктесийдің «Скифий» шығармалары жатады. Скифтер жайлы жазған алғашқылардың бірі Гомер. Рим тарихшысы Полиэн өз шығармасында Шырақтың ерлігі туралы айтады.
Түріктердің ежелгі бабалары саналатын, прототүріктер Б.з.б 1 мыңжылдықта Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды, Орта Азияны және Қазақстанның оңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта «сақ» деп аталатын тайпа бірлестігі мекендеді. Геродот (б.з.б Vғ) және басқа антикалық авторлар оларды Азиялық скифтер деп атаған. Азиялық скифтерге: сармат, исседон, аргипей, аримаспы, каспий тайпалары кірген. Олар туралы грек тарихшысы Геродот өзінің «Тарих» деген еңбегінде, 5 томында, жағырапияшы Страбон «Жағырапиясында» жазып қалдырған. Бұларды грек тарихшысы Страбон «азиялық скифтер» деп жазды. Рим жазушысы үлкен Плиний де осылай деген. Оның жазуынша скифтерді парсылар «саға» («сақа», «сақ» аты осыдан шыққан) дейді.
Сақтар туралы деректерді ғалымдар 2 ге бөледі: грек-рим: Геродот, Ксенофт, Птолемей. Солардың арасынан Геродоттың «Тарих» еңбегі оқшау тұрады. Бірінші бөлімі Клио және төртінші Мельпоне аты бөлігінде бөлімінде Қазақстандағы ежелгі тайпалар мен олардың өмір салты, әдет ғұрпы, діни сенімі туралы жазды. Ктесийдің «Скифия», Страбонның «География» еңбегі. Гректердің арасында алғашқы сақтар туралы жазған еңбектердің бірі Гомер болды. Ол Қаратеңіздің солтүстігін мекендегендерді биесауушылар деп атаған.
Ежелгі парсы (сына жазбалары): Көне парсы, элам тілдерінде жазылған Дарий мен Ксеркс патшаның жазбалар, ирандық зороастриялық діни кітап – Авеста, Ксеркстің «дэвтер туралы жазбалары».
Парсы патшасы Дарий І Парсаға (гр. Persepolis) жақын Накширустамдағы тас жазуларында сақтарды үш топқа бөліп көрсеткен:
парадарая (теңіздің арғы бетіндегі сақтар) — еуропалық сақтар-скифтер немесе Арал теңізі, Сырдарияның арғы жағындағылар;
хаомаварга (хаома сусынын жасайтын сақтар) — Ферғана алқабын мекендеушілер;
тиграхауда (шошақ бөрікті сақтар) — Сырдарияның орта ағынын және Жетісуды мекендеушілер.