Ежелгі мифологиялық теонимдердің этимологиялық сипаты etymological character of ancient mythological theonyms



бет2/4
Дата29.09.2022
өлшемі30,83 Kb.
#40735
1   2   3   4
Байланысты:
Karibay Karlygash

Keywords: theonyms, theonymics, mythological theonyms, mythoanthroponym, etymology.
Үнді-еуропалық, афразиялық, картвелдік, сондай-ақ орал және алтай тілдерінің семьялары генетикалық байланысты болып келеді, яғни ортақ ата-бабаның ыдырауы нәтижесінде немесе бірқатар байланысты диалект топтарының арқасында пайда болған деп саналады. Бұл жайлы американдық ғалым Моррис Сводеш көптеген тілдерді глоттохроникалық әдіспен зерттеп, бірнеше мыңжылдықтар ішінде ежелгі тілдердің негізгі лексикасының белгілі бір бөлігінің сақталу коэффициенті өте үлкен пайызды құрайтынын айтқан, атап айтқанда: бірінші мың жыл ішінде сөздердің шамамен 85 пайызы сақталады, екінші мыңжылдықта – 72 пайыз және т. б. (Сводеш, 1960, 33 б). Негізгі ядро сөздерінің сақталуы мен жоғалу пайызы барлық тілдерде бірдей. Егер түркі тілдері құрылымының тұрақты сипатын ескерсек, онда лексиканың өзгергіштік коэффициенті басқа тілдік семьяларға қарағанда төмен болуы мүмкін. Бұған көз жеткізу үшін сөздік құрамы екі жүз, үш жүз мың жыл бұрын құрылғанына қарамастан, қазіргі уақытта да түсінікті болып қала беретін Орхон Енисей секілді ежелгі түркі руникалық ескерткіштеріне назар аудару жеткілікті. Бір кездері ортақ ортадан шыққан сөздер, әр елге тарап, бөлініп, өзгеріп кеткенменен өз негізін сақтап қалғандары да баршылық.
Теонимика: 1) теонимикалық есімдердің жиынтығы; 2) құдайлардың, рухтардың жүйелі ұйымдастырылуы, қалыптасуы, эволюциясы, этимологиясы тұрғысынан, сондай-ақ олардың жалқы және жалпы лексиканың басқа категорияларымен байланысын зерттейтін лексикология саласы.
Теонимика – біздің ойымызша, бұл ономастикалық ғана емес, лексикалық кеңістіктің де өзіндік секторы. Оның [теонимдердің] өзіндік зерттеу пәні бар, ол тек тақырыптық белгілермен (теонимдер арнайы тақырыптық топ ретінде) ғана емес, сонымен қатар лексикадан тұтастай ерекшелейтін құрылымдық-семантикалық белгілермен, сонымен қатар ономастикаға қатысты орнын анықтайды.
Теонимдер дегеніміз – Құдайлардың, жаратушы күштердің дінмен қатысты жаратушылардың есімдері. Теонимика ғылымы теонимдердің пайда болуын, дамуын жеке зерттеумен айналысады. Теонимдер әлемнің мифологиялық және діни көрінісінде өте маңызды рөл атқарады. Зерттеушілердің пікірінше, олар адамзат тарихында тіл пайда болғаннан бастап қолданыста. Құдайлардың ең көне есімдері күн мен аспан мифологиясымен, әсіресе күн мен аспанға табынумен байланысты. Соның ішінде ежелгі мифологиялық теонимдерге Алла, Тәңірі, Құдай, Мұхаммед пайғамбар сынды сөздерді алып қарастыра аламыз. Әдеби дастандарда, әсіресе діни дастандардағы лексикалық бірліктерді топтастыру барысында аталған түркі халықтарына ортақ теонимдердің қатар қолданылатынын да байқауға болады. Бұл сөздер қазақ тілімен қатар түркі халықтарының барлығында дерлік кездеседі.
Түрлі тілдер мен ол тілде сөйлеушілер арасында генетикалық, та, мәдени де байланыстар болатыны мәлім. Алайда әр тілдегі мифологиялық теонимдердің мағынасы мен этимологиясы немесе грамматикалық жағынан түрліше сипат көрініс беретінін атап өткен жөн.
Қазақ тілінде мифологемаларды мағыналық топтастыруда мифонимдер және мифоантропонимдер деп қарастырады. Мифоантропонимдерді ішінара теонимдер және демонимдер деп бөледі. Теонимдерге Алла, Тәңірі, Құдай, Мұхаммед пайғамбарды жатқызса, демонимдерге албасты, жалмауыз, мыстан, Ібіліс, мешкей, дию, жезтырнақ, дәу, пері, Таусоғар, Көлтауысар, Желаяқ, Әзірейіл, т.б. жатқызады (Ускенбаева, 2016, 82 б.).
Алла, Тәңір, Құдай сияқты үш лексикалық бірліктің бір шығарманың бойынан табыуы жиі кездеседі. Ол шығарманың түркі даласына ислам дінінің тарау кезеңінде дүниеге келуінен болу керек. Себебі, түркі халықтары ислам дінін қабылдамай тұрғанда әлемді басқарушы күш иесі Тәңір деп сенген. «Тәңір» - түркілік сөз. «Тәңір» сөзінің қалыптасуында мифтік танымның негізі жатқандығын тілші-ғалымдар айта келіп, «Содержание этого полумифического предания сводилось к следующему: два божества – таң «утренняя заря» и іңір «вечерняя заря», - якобы поочередно берегут покой землян целые сутки. Смены караула производится перед наступлением сумерек, т.е. когда дневное светило уходит на ночлег», – дейді. Бұдан әрі мақалада қазақ түсінігіндегі «қарауылдардың» ауысуы кезіне байланысты ұлттық тілдік қолданыста күнмен бірге жатпау, екі кештің арасында ұйықтамау сенімін білдіретін лексикалық бірліктердің қалыптасуын көрсетеді (Жұбанов т.б., 1990, 316 б.) Күннің шығар уақыты таң мен қараңғылықтың түсер уақыты іңір сөздерінің өзара кірігіп,

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет