Ежелгі мифологиялық теонимдердің этимологиялық сипаты etymological character of ancient mythological theonyms



бет4/4
Дата29.09.2022
өлшемі30,83 Kb.
#40735
1   2   3   4
шындық, ақиқат ұғымымен мәндес қолданысқа түскендігін «құдайшылығымды айтайын, құдайына қараған» тіркестері шындықты сүйетін, иманжүзді мағынада жұмсалатынын байқауға болады. Ал Алла, Тәңір сөздері қазіргі кездегі мағынасы жаратушы ұғымында сақталғанын көреміз. Яғни Алла мен Тәңір сөздері бір ұғымда тура мағынасында, ал Құдай сөзінің тура мағынасымен қатар ауыспалы мағынаға ие екендігін көруге болады. Сонымен қатар, халық тұрмыс-тіршілігіне тәуелсіздіктің соңғы жылдарында ислам дінінің етене енуіне байланысты ұлт өкілдерінің тілдік қолданысында Алла сөзінің жиі контекске түсуі байқалады.
Мифоантропоним, оның ішінде демонимдердің бірі – Әзірейіл. Ислам дінінің негізінде жан алушы ретінде түсіндірілетін Әзірейіл сөзі Құранда Маляк аль-маут деп аталып, өлім періштесі деп айтылады. Бұл лексикалық бірлік қазақ тіліне араб тілінен қазақ тілінің заңдылығына бағына отырып, дыбыстық өзгеріске ұшыраған. Бұл сөздің араб тіліндегі тура мағынасы Құдай кімге көмектеспеді немесе Құдай көмектесуші деген мағына береді. Әзірейіл сөзіндегі әз сөзі жайлы Л.Рүстемовтің «Казахско-русский толковый словарь арабско-иранских заимствованных слов» еңбегінде былай беріледі: «Әз а. [ﮯﺯ ызз: 1. Сила, мощь, могущество; 2. Высший предел; 3. Расцвет, великолепие; слава]» (Рүстемов, 1989, 78 б.)
Әз – сын. 1. Ғазиз, ардақты, сыйлы, жақсы. Бip көру ендi болды арман, Жүзіңді ыстык, әз әкем; 2. Ауыспалы: Қасиетті, киелі. Жиғанда жас келіншек – жаз етегiн, Сездiм мен жайсаң күздің әз екенiн; 3. Көне бұрынғы. Кәдуілгі әз заманда болып өткен, Туады аз әңгіме жоқтан мұнша. (Рүстемов, 1989, 378 б.). Татар тілінде раил деген сөз көбіне адам есіміне беpiледi. Араб тiлiнен аударганда Раиль - «основатель», «закладывающий фундамент» деген мағына бiлдipетiндiгi айтылады (http://moemja.kz). Әзірейіл теонимі адамның жанын алушы, өлім әкелетін періште мағынасында айтылады. Сондай-ақ Әзірейілді көргенде адамның бойында қорқыныш, үрей сезімдері пайда болады деген түсініктің негізінде тілдік қолданыста аталған сезімдерді сипаттайтын мәндегі қолданыстар да бар. Мысалы, әзірейілдей көрінді.
Келесі бір демонимдердің бірі – пері. Бұл сөзге Л.Рүстемов мынадай анықтама береді: Пері – парсы тіліндегі дыбысталуы – пәри. 1. Пери, фея, добрый дух; 2. Милое существо, красавица - волшебное существо в образе прекрасной женшины, фея (Рүстемов, 1989, 234 б.).
Пері. Зат. Миф. 1. Діни сенім бойынша, аспанда, су ішінде тіршілік ететін жамандық пен зұлымдықтың, күш иeci. 2. Ауыспалы мағынасы - жынды, есерсоқ, соткар, долы кісі; 3. Ауыспалы мағынасы – Әдемі, ерекше сұлу қыз. 4. Атағы шыққан, даңқы жайылған, eлдi аузына қараткан адам (ҚӘТС, 2010, 360 б.).
Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық cөздiгiндe пepi cөзiнiц нeгiзiндe жазылған пepiзат// перизат ceзiнe «Парсы тілінде пари (пepi) - фея, ауыспалы мағынасы «асқан сұлу әйел». Халық аузындагы өлеңдерде де «айрыкша, өзгеше» деген мағынада айтылады. Бұл - бipiккeн сез. Бipiншi сыңары – пері, eкiншici - зат» деген аныктама бepeдi (ҚТЭС, 1966, 160 б.).
Қарастырылатын мифологиялық теонимдерге этимологиялық зерттеу жүргізу арқылы олардың шығу тегі айқындалады. Сонымен қатар теонимдердің әлем халықтарының тіліндегі ортақтығымен қатар діни тұрғысынан ұлттық таным-түсінігі негізіндегі этномәдени қыры көрініс табады. Сөздердің этимологиясы оның шығу тегі мен тарихи дамуына қатысты, яғни оның ең ерте кездегі қолданысы, оны бір тілден екіншісіне ауыстыру және оның пішіні мен мағынасын өзгертуі сияқты ерекшеліктер қаралады. Ежелгі теонимдердің этимологиясын зерттеу кезінде олардың тараған арнасы бір екенін және барлық түркі халықтарына ортақ екенін байқауға болады.


Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Сводеш М. Лексикостатическое даторивание доисторических этнических контактов// Новое в лингвистике. – М.: Изд. иностр. лит-ры, 1960. – С.152.

  2. Р.М.Ускенбаева «Қазақ тіліндегі мифологемалардың этномәдени-танымдық аспектісі» . – Алматы, 2016. – 149 б.

  3. Жұбанов Е., Ибатов А. Анализ этимона ТÄҢРІ всевышний: (Опыт ретроспективного подхода)/ Е.Жубанов, А.Ибатов //Проблемы этимологии тюркских языков. – Алма-ата: Ғылым, 1990, Б. 314-336.

  4. Радлов В.В. Опыт словаря тюркских наречий. Вып.2-3. – Санкт-Петербург, 1889. – 960 с.

  5. М.Қашқари. Түрік сөздігі/ Қашқари М. – Алматы: Хант, 1997. – Т.1, – 528 б.

  6. Бакиров М.Х. Феномен параллелизма древнейших мифологических теонимов. – 2011. – С. 11.

  7. Ислам: Энциклопедия/ Бас ред.: Р.Н. Нұрғалиев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995. – 286 б.

  8. Рустемов Л. Казахско-русский толковый словарь арабско-иранских заимствованных слов. – Алма-ата: Мектеп, 1989. – 319 б.

  9. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. 12-ші том: О-С. – Алматы: Арыс, 2010. –752 б.

  10. Қазақ тілінің этимологиялық сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1966. – 239 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет